Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі



бет45/75
Дата27.06.2022
өлшемі346,66 Kb.
#147106
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75
Байланысты:
БӨҚ

Клиникалық жағдай № 5
Оқиға орны: Өндірісте
Шарты: Қызметтестерінің айтуынша 10 минут бұрын электрлік жүйені жөндеу барысында электрик ер адам 220 вольт тоқтан зақым алған. Жедел жәрдем шақырды. Соңғы 2 минутта есін жоғалтты.
Объективті: Зардап шегуші ес-түссіз, көз қарашықтары кеңейген, магистральді тамырлардың соғысы анықталмайды, тынысы жоқ. Оң қолының алақанында және сол жақ шап аймағында I-IIдәрежелі күйік бар.
Студентке берілетін тапсырма: Диагноз қойыңыз. Шұғыл көмек көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: студентті төменде келтірілген әр пункт бойынша баллдық жүйемен бағалаңыз.




Қадамдар

1,0

0,5

0

1

Пациентке жақындамай алыстан әрекет етті. Резеңке қолғапты киді. Ағаштың көмегімен электр көзін ажыратты
Әрі қарай жарақаттанған пациентті электр көзінен ажыратты.










2

Пациентті элекр тоғы жоқ жерге алып шықты, науқасты тегіс, қатты жерге орналастырды.










3

Обьективті тексерді : сыртқы тітіркендіргішке әсерін шымшып тексерді – жоқ.










4

4 саусағын ұйқы артериясына қойып пульсті тексерді- тамыр соғуы жоқ; өздігінен дем алмайды- кеуде экскурциясы байқалмайды. Клиникалық өлімді анықтады. Жедел жәрдем шақырды.










5

Реанинимациялық шараны 30:2 қатынаста жүргізді (Жүректің жабық массажы және ӨЖЖ). Оттегімен қамтамасыз етті ( Амбу қапшығымен). Науқастың көз қарашықтары кішірейді, тынысы, пульсі қалыптасты.










6

Ауырсынуды жойды. (2мл. кетанов ерітіндісін б/е еңгізді )










7

Оң қолының алақанындағы және сол жақ шап аймағындағы күйік жарақаттарын өңдеді (жара айналасындағы теріні 70% спиртпен сүртті, жараны 3% сутегінің асқын тотығы ерітіндісімен жуды, құрғатты, асептикалық таңғыш салды).










8

АҚқысымын, пульсін, тынысын бақылады (қалыпты).










9

Тактика: зардап шеккен пациентті реанимация бөлімшесіне тасымалдады.










10

Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.










Бағалау критерийлері


0 балл – әрекет алгоритмі орындалған жоқ
1 балл-әрекет алгоритмі ішінара орындалды
2 балл – әрекет алгоритмі толық орындалды

Балдардың жалпы саны: 10 (100%) ,


Жиналған балл саны: ___ ( ___%)

Оқытушы: ___________ ________________________


(қолы) (оқытушының аты-жөні)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет