Клиникалық жағдай № 12 Оқиға орны:Көшеде
Пациент туралы мағлұмат: 63 жастағы ер кісі, пенсионер.
Шарты: әйелінің айтуы бойынша «Валокардин» ішсе де басылмайтын төс артында қысып-күйдіріп тұрған ауырсыну сезімі болған, 2 минут бұрын емханаға барар жолда құлап, есінен айрылған.
Объективті:Есі жоқ, сыртқы тітіркенгіштерге әсері жоқ, көз қарашықтары кеңейген, тынысы мен ірі қан тамырларының пульсациясы анықталмайды
Студентке берілетін тапсырма: Диагноз қойыңыз,жедел көмекті көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:студентті төменде келтірілген әр пункт бойынша баллдық жүйемен бағалаңыз.
Сыртқы тітіркенгішке әсерін-шымшып тексерді; көз қарашығының жарыққа сезімталдығы тексерді; өздігінен тыныс алуын тексерді- кеуде экскурциясын бақылады; пульсті тексерді-4 саусағын ұйқы артериясына қойып). Клиникалық өлімді анықтады: ес-түсі жоқ, көз қарашықтары ұлғайған, ұйқы артериясында пульс жоқ, тыныс алуы жоқ-кеуде клеткасы көтерілмеді.
3
Қасындағы адамдарға жедел жәрдем шақыруын сұрады. Пациентті тегіс, қатты жерге жатқызды. Кеуде клеткасын киімдерінен босатты