Клиникалық жағдай № 20
Орны: Үйінде.
Шарты: 25 жастағы ер адам қарбыз жеп отырып дәніне қақалып калған, содан кейін жөтеліп, қиналып, ентігіп демалатынына шағымдалады. Жедел жәрдем шақырылды.
Объективно: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Ерін-мұрын үшбұрышы көгерген, тыныс алуы ауыр, ысылдап естіледі. ТЖ-28 рет минутына. PS-90 рет. АҚҚ 120/80 мм. рт. ст.
Студентке арналған тапсырма:Диагноз қойыңыз, жедел көмекті көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: студентті төменде келтірілген әр пункт бойынша баллдық жүйемен бағалаңыз.
|
Қадамдар
|
1,0
|
0,5
|
0
|
1
|
Пациентті тыныштандырды, жүргізілетін манипуляцияны түсіндірді.
|
|
|
|
2
|
Пациенттің жалпы жағдайын бағалады. ТЖ-28 рет минутына. PS-90 рет. АҚҚ 120/80 мм.рт. ст.
|
|
|
|
3
|
Объективті тексеру барысында жоғарғы тыныс жолдарының бөгде затын анықтады: ерін-мұрын үшбұрышы көгерген, тыныс алуы ауыр, ысылдап естіледі..
|
|
|
|
4
|
Қолын антисептикпен өңдеді. Резеңкелі қолғап киді.
|
|
|
|
5
|
Ауыз- жұтқыншақ қуысын тексерді. Бөгде зат жоқтығына көзін жеткізді.
|
|
|
|
6
|
Геймлих әдісін реттілігімен жүргізді. Науқастың артқы жағына тұрып, екі қолымен қапсырып ұстады. Бір қолының жұдырығын кіндік пен қабырға доғасы ортасына қойды (эпигастрий аймағына).
|
|
|
|
7
|
Екінші қолдың алақанын жұдырықтың үстіне қойып, төменнен жоғары қарай жылдам ішіне қарай басты.
|
|
|
|
8
|
Тыныс жолдарынан бөгде зат шықпаса Геймлих әдісін бірнеше рет қайталады. Зардап шегушінің арқасынан ұрмау керек - бұл жағдайды қиындатуы мүмкін.
|
|
|
|
9
|
Пациенттің тыныс алуын қадағалады. Тыныс жолдары бөгде заттан босатылса науқастың тері жамылғысының түсі қалпына келеді.ТЖ-18
|
|
|
|
10
|
Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.
|
|
|
|
Бағалау критерийлері
0 балл – әрекет алгоритмі орындалған жоқ
1 балл-әрекет алгоритмі ішінара орындалды
2 балл – әрекет алгоритмі толық орындалды
Балдардың жалпы саны: 10 (100%) ,
Жиналған балл саны: ___ ( ___%)
Оқытушы: ___________ ________________________
(қолы) (оқытушының аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |