Клиникалық жағдай № 19
Орны: Заводтың денсаулық бекеті (Здравпункт).
Шарты: 35 жастағы ер адам жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан сол жақ білегін әйнекпен кесіп алған.
Объективті: Жалпы жағдайы қанағатанарлық. Тері жамылғысы бозғылт. PS-90 рет минутына. АҚҚ- 100/60 мм. сынап бағ.
Жергілікті статус: Сол жақ білегінің төменгі ішкі жағында 0,3х4,0 см. шеті тегіс жарақат бар, жарақаттан алқызыл қан шапшып ағуда.
Студентке арналған тапсырма: Диагноз қойыңыз, жедел көмекті көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: студентті төменде келтірілген әр пункт бойынша баллдық жүйемен бағалаңыз.
|
Қадамдар
|
1,0
|
0,5
|
0
|
1
|
Пациентке өзін таныстырды, пациенттің аты-жөнін сұрады, объективті қарады, қолын антисептикпен өңдеді, резеңкелі қолғап киді.
|
|
|
|
2
|
Науқасты шалқасынан кереуетке орналастырды. Іс-әрекетті түсіндіріп, келісімін алды.
|
|
|
|
3
|
Жалпы жағдайын бағалады, объективті қарады: тері жамылғысы бозғылт түсті, тамыр соғысы жиілеген және артериялық қысымы төмендеген.
|
|
|
|
4
|
Ширақтың бірінші айналымын шынтақтан жоғары қаттырақ тартып, келесі айналымдарықасына қатарласып түседі.Ширақтың дұрыс салынғанын тексерді. Қан тоқтады, пульс сезілмейді.
|
|
|
|
5
|
Ауырсынуды жойды (2 мл. Кетанов ерітіндісін б/е салды).
|
|
|
|
6
|
Жарақат айналасын антисептикпен өңдеді: -70% спирт ерітіндісімен сүртті. Жараны бөгде заттардан тазартты. 3%-Н2О2 ерітіндісімен жуды.
|
|
|
|
7
|
Залалсыздандырылған дәке салып, бинтпен орап, бекітті.
|
|
|
|
8
|
Ширақтың астына қағаз орналастырды: күнін, ширақтың салған уақытын, минутын көрсетті. Ширақ 2 сағатқа қойылды. 2 сағаттан кейін ширақты босатып, қажет болса қайталайды.
|
|
|
|
9
|
Науқасты хирургиялық ауруханаға тасымалдады.
|
|
|
|
10
|
Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.
|
|
|
|
Бағалау критерийлері
0 балл – әрекет алгоритмі орындалған жоқ
1 балл-әрекет алгоритмі ішінара орындалды
2 балл – әрекет алгоритмі толық орындалды
Балдардың жалпы саны: 10 (100%) ,
Жиналған балл саны: ___ ( ___%)
Оқытушы: ___________ ________________________
(қолы) (оқытушының аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |