Клиникалық жағдай № 21
Орны: Құрылыста
Шарты: 38 жастағы ер адам белінің сол жағы ісіп ауыруына, зәрінің қан аралас шығуына шағымданады. Айтуынша 20 минут бұрын екінші қабаттан құлап, белінің сол жағымен кірпішке соғылған.Жедел жәрдем шақырылды.
Объективті: Жалпы жағдайы ауыр, есі анық, белінің сол жағынан ұстап мәжбүрлі қалыпта тұр. t- 36,5 º С, PS-96, АҚҚ 90/60 мм. сынап бағ. Несебінде қан араласқан .
Жергілікті статус: Белінің сол жағында көлемі 13,0х9,0 сантиметрдей ісік бар, терісі көгерген. Пальпация және перкуссия кезінде қатты ауырсынады.
Студентке арналған тапсырма: Диагноз қойыңыз, шұғыл көмекті көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: студентті төменде келтірілген әр пункт бойынша баллдық жүйемен бағалаңыз.
|
Қадамдар
|
1,0
|
0,5
|
0
|
1
|
Өзін таныстырды, пациенттің аты-жөнін, жасын, мамандығын, жұмыс орнын сұрады. Пациенттің шағымдарын сұрастырды.
|
|
|
|
2
|
Науқасты тыныштандырды, жүргізілетін манипуляцияны түсіндірді, келісімін алды.
|
|
|
|
3
|
Қолын антисептикпен өңдеді. Резеңкелі қолғап киді.Ауырсынуды жойды.
|
|
|
|
4
|
Пациентті жағдайына қарай ыңғайлы етіп жатқызды.
|
|
|
|
5
|
Жалпы жағдайын бағалады. T- 36,5 º С. PS-96, АҚҚ 90/60 мм. сынап бағ.
|
|
|
|
6
|
Сол жақ мықын аймағына мұзды мұйық қойды.
|
|
|
|
7
|
Гемостатиктер- Дицинон-2,0 б/е, 5% АКК-100 мл к/т тамшылатып енгізді.
|
|
|
|
8
|
АҚҚ, PS-ті қадағалап отырды.
|
|
|
|
9
|
Науқасты урологиялық бөлімшеге тасымалдады.
|
|
|
|
10
|
Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.
|
|
|
|
Бағалау критерийлері
0 балл – әрекет алгоритмі орындалған жоқ
1 балл-әрекет алгоритмі ішінара орындалды
2 балл – әрекет алгоритмі толық орындалды
Балдардың жалпы саны: 10 (100%) ,
Жиналған балл саны: ___ ( ___%)
Оқытушы: ___________ ________________________
(қолы) (оқытушының аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |