Клиникалық жағдай № 14
Оқиға орны: Көшеде
Шарты:35 жастағы әйел тайғақ асфальтта құлап қалғаннан кейін, оң сан аймағының ауырғанын байқайды. Жедел жәрдем шақырған.
Жергілікті: Аяқтарының тері жамылғысы зақымдалмаған. Оң жақ санының үштен ортаңғы бөлігінде ісіну, пальпацияда күшті ауырсыну және сүйектердің крепитациясы анықталды.
Студентке берілетін тапсырма: Диагноз қойыңыз,жедел көмекті көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: студентті төменде келтірілген әр пункт бойынша баллдық жүйемен бағалаңыз.
|
Қадамдар
|
1,0
|
0,5
|
0
|
1
|
Пациентке өзін таныстырды, пациенттің аты-жөнін, жасын, мамандығын, жұмыс орнын сұрады. Шағымдарын сұрастырды.
|
|
|
|
2
|
Жалпы жағыдайын бағалады (АҚҚ, PS, ТАЖ анықтады). Науқасты тыныштандырды. Жүргізілетін манипуляцияны түсіндірді.Келісімін алды.
|
|
|
|
3
|
Қолын антисептикпен өңдеді, резеңке қолғап киді.
Ауырсынуды жойды (2 мл. Кетанов ерітіндісін б/е салды).
|
|
|
|
4
|
Пациенттің екі аяғын салыстырды : сынған аяқ қысқарған, оң сан ортасы ісінген, пальпацияда ауырсынады, патологиялық қозғалыс, крепитация анықталды
|
|
|
|
5
|
Үш Крамер құрсауын (шина) әзірледі: бірінші құрсауды сау белден бастап аяқ астына салып, өкшесінен бүгіп, аяқтың табаны арқылы саусақтарына дейін өлшеді; екінші құрсауды белден бастап аяқтын сыртымен өкшеден бүкті; үшінші құрсауды шаптан бастап аяқтын ішімен өкшеден бүкті.
|
|
|
|
6
|
Науқасқа ақырындап зақымдалған аяғына дайындаған үш құрсауды орналастырды. Зақымданған аяққа 3 жақтан Крамер шинасын бекітті.
|
|
|
|
7
|
Құрсауды аяқтың барлық бөлігіне бинтпен спиральді турмен бекітті.
|
|
|
|
8
|
Науқасты қозғалтпай зембілге салып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға тасымалдады.
|
|
|
|
9
|
Тасымалдау кезінде науқастың жалпы жағыдайын бағалады (АҚҚ, PS, ТАЖ-қалыпты)
|
|
|
|
10
|
Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.
|
|
|
|
Бағалау критерийлері
0 балл – әрекет алгоритмі орындалған жоқ
1 балл-әрекет алгоритмі ішінара орындалды
2 балл – әрекет алгоритмі толық орындалды
Балдардың жалпы саны: 10 (100%) ,
Жиналған балл саны: ___ ( ___%)
Оқытушы: ___________ ________________________
(қолы) (оқытушының аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |