Шернияздың Байсақалға айтқаны
Шернияз ел қыдырып жүріп бір үйге түстеніп отырған Байсақал бидің үстіне кіріп келеді. Асты қызғанған Байсақал:
Әй, Шернияз, кезбесің-ау! Бұйырғанды да, бұйырмағанды да жейсің, дейді.
Сонда Шернияз ақын отырмастан былай депті:
Асқар, асқар, асқар тау,
Асқар таудың түбінде болар саясы.
Шариғатты білмеген
Көкірегіңнің қарасы.
Шыр етіп анадан туған соң
Шашылған ризықты термеске
Пенденің бар ма шарасы?!
Байсақал сөзден жеңіліп: «Әншейін сөздің кілтін ашайын деп айтып едім, ақын! Жоғары шық!» деп төрге шығарыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |