Қазақстан республикасы ғылым және білім министірлігі



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі252,92 Kb.
#90036
  1   2   3
Байланысты:
ТКШИ 18-11 Ахметова Индира ТИЛП 5 СӨЖ8
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары бөлшектерін бастапқы өңдеу, 2 ТАПСЫРМА, РК сұрақтары, РК сұрақтары, ICT IWS, Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі, ТАРИХ ЕМТИХАН, Дәріс (4), 1362536, Санитарно-гигиенические требования при производстве молока, 4 ДӘРІС, АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМ  МӘСЕЛЕСІ, Nurgalieva, c184e15b-1d83-4be1-aad2-48d5aabf3b71

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



CӨЖ №8

Тақырыбы: Термопластикалық материалдарды дәнекерлеп біріктіру


Орындаған:Ахметова И.


Тобы:ТКШИ 18-11
Тексерген: Кучарбаева К.Ж
Алматы 2020ж
Мазмұны

  1. Кіріспе

    1. Дәнекерлеу

  2. Негізгі бөлім

    1. Термопластикалық маталарды дәнекерлеу әдісі.

    2. Дәнекерлеу машиналары

  3. Қорытынды

  4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Тігін өндірісінде желімдеу тәсілімен қатар маталарды біріктіруде киім бөлшектерін дәнекерлеу тәсілі қолданылады.


Дәнекерлеу – термоплаcтикалық материалдарды қосымша заттарды қолданбай жылудың әсерімен біріктіру. Дәнекерлеудің жылумен түйістіру, жоғарғы жиілікті және ультардыбысты тәсілдерін қолданады. Жылумен түйістіру әдісі кезінде біріктірілетін материалдар дәнекерлеу бөлігінде қыздырғышпен түйіседі, ериді және қысым астында бірге қосылып, тігіс пайда болады (дәнекерленеді). Материалдарды жоғарғы жиілікті дәнекерлеу жоғарғы жиілікті тоқтардың электрлі өрісінде жүргізіледі. Осының нәтижесінде физикалық үдерістер тұтқырлы әсерінен ағынды күйге дейін қыздырылады және берік қосылады.
Ультрадыбысты дәнекерлеу тәсілі кезінде материалдарды қосу аймағында біріктіру ультрадыбысты жиіліктің серпімді тербелісінің арқасында жүргізіледі. Бұл тәсіл кезінде материалдар берілген өлшемдегі дәнекерлеу нүктесін түзу арқылы біріктіріледі.
Қабыршақ материалдардың термопластикалық талшықтары болатын және киім үшін жасанды былғарының, маталардың, тоқыма және беймата төсеменің ассортименттерін кеңейту, киім бөлшектерін дәнекерлеуді қолдану үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен қатар киім бөлшегінде тікелей фурнитураларды бір уақытта бекітумен ерекшеленеді. Киімде үздіксіз түймелерді қалыптау тәсілінің, полимердің матамен адгезивті – механикалық әсерлесу арқасында бекіту беріктігі жоғары болуы қажет.
Киімдерді дайындау үшін қолданылатын термопластикалық маталарға: қабыршықты және жабынды маталар, сонымен қатар, құрамында полиамид және басқа да химиялық талшықтары бар маталар жатады.
Плащтарды дайындау үшін қабыршақты маталар қолданылады. Олардың: суға төзімділігі, эластикалық, жеңіл, әдемі сыртқы сипаты сияқты өте маңызды қасиеттері бар. Тігін өнеркәсібінде көбінесе киім дайындауда қолданатын маталары, бет жағы поливинилхлорид жабынды маталар күртешелерде және пальтоларда кеңінен қолданылады. Бұл маталардың бір жағы поливинилхлорид пластикатпен жабылған. Оларды мақта маталардың басты сипаттамасы ретінде өндіреді, бірақ кейде негізгі сапасында жасанды және синтетикалық талшықтардан жасалған маталарды, ал кейбір жағдайларда трикотаж жаймаларды да қолданады.
Поливинилхлорид жабынды маталардың төзімділік қасиеттері жоғары болады. Сонымен қатар, қабыршақты маталар термопластикалық шайыр, полиэтилен және полиамид маталары пайдаланылады. Қабыршықты және жабынды маталар үшін желімді біріктіруді қолдану қиын, себебі олар ыстық престеуден өтпеуі қажет. Сондықтан, термопластикалық қабыршыққа желім жағу немесе жабу артық болады, себебі киімдерді өңдегенде қолданылған маталардың термопластикалық қасиеттері жоғары. Осыған байланысты қабыршықты маталардан және жабынды маталардан дайындайтын бұйымдарға дәнекерлеу қолданылады, ол киім бөлшектерін әрлеуді орындауға және тігістің берік болуына мүмкіндік береді. Бөлшектердің дәнекерлеу арқылы біріктірілуі қабыршақтың термопластикалық қасиеттеріне және жабындысына байланысты болады. Дәнекерлеу кезінде бекіту материалдары (жіп, желім) қажет, олар желімдік, жіптік біріктіру кезінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет