Қазақстан республикасы ғылым және білім министірлігі



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі252,92 Kb.
#90036
1   2   3
Байланысты:
ТКШИ 18-11 Ахметова Индира ТИЛП 5 СӨЖ8

Дәнекерлеу машиналары
Корея Республикасының NAWON фирмасы қазіргі таңда арнайы тігістерді ыстық ауамен дәнекерлеп желімдейтін машиналар шығаруда. Олар киімдерге, аяқ киімге, тұрмыстық шатырларға, қайықтарға арналған машиналар.
Nawon HTM-3788 LDI классты кореялық дәнекерлеу машинасы үздіксіз әр түрлі бұйымдардың тігістерін бекіту таспасы арқылы герметизациялауға арналған машина. Оның жұмыс істеу принципі ыстық ауа ағымына байланысты. Тігістің герметизациясы әртүрлі арнайы таспаларды тігіс үстіне ыстық ауа ағынының көмегімен дәнекерлеу жолы арқылы іске асырады.

NAWON HTM-3788 LDI класты дәнекерлеу машинасы
Қолданылу аумағы:
– су өткізбейтін матадан бұйымдар жасауда тігін инесімен қалдыратын саңылау арқылы судың сіңіп кетпеуі үшін таспаны қолдану талап етіледі;
– бұл машина тігісті герметизирлейтін таспаны салып, ыстық ауа ағынымен дәнекерлеп, су өткізбейтін қасиет беруге арналған;
– машина тез, қарапайым және берік тігісті герметизациялау әдісін береді, балқытылған таспаны тігіс бетіне салу арқылы немесе желіммен тігісті бір-біріне түйістіру арқылы бұйымдарға герметикалық тұрақтылық береді.
Қорғаушы арнайы киім бөлшектерін, алыс қашықтықта көрінетін, жауынды ауа райында су сіңірмейтін киімдер, гольф ойынында киетін киімдер, жүзуге, балық аулауға арналған костюмдер, шатырларға, қайықтарға арналған қаптар, қолшатырларға, күннен сақтану үшін құрылатын қалқа, химиялық реагенттермен жұмыс жасайтын жұмысшыларға арнайы киімдер, ауа шарлары, жарнамалық мақсаттарда қолданылады. Сонымен қатар, машина ыңғайлы пернетақтамен электронды басқарылады, материалды жоғарғы және төменгі роликті жылжытқыш арқылы қозғалтады, таспа таусылғанда автоматты түрде қайтадан салынады. Бұл құрылғының ыңғайлылығы әртүрлі қиғаштықтағы тігістерді тоқтаусыз желімдеуге мүмкіндік береді. Бұрылу бұрышы 900 жетуі мүмкін.
Машинаның техникалық сипатамасы:
Дәнекерлеу температурасы: 6990 С; Қуаттылығы: 3600 Ватт;
Қолданылатын энергия: 1,5 KVA;
Қысылған ауа: 2.2KW;
Дәнекерлеу жылдамдығы: 12-18 м/мин.(автоматты реттегіш);
Тігіс ені: 5,0 – 23 мм;
Мата қалыңдығы: 0,2 мм;
Салмағы: 230 кг.
HTM-2180-90 автоматты термопресі – қалталарды, қалталардағы су өткізбейтін сыдырмаларды, сонымен қатар киімнің басқа да әрлеуші элементтерін дәнекерлеу арқылы бекітуге арналған автоматты термопресс. Термопрестің автоматты суытқыш жүйесі бар. Өндіру уақыты 1 минут.

HTM-2180-90 автоматты дәнекерлеу термопресі
NAWON HTM-6680 классты машинасы жіпті қолданбай тігісті тігуге мүмкіндік береді. Бұл машинада дайындалған бұйымның сырт келбеті әдемі және сәнді көрінеді. Сонымен қатар, су өткізбейтін қасиеті жоғары.

NAWON HTM-6680 класты жіпсіз тігетін машина
Жоғарғы жиілікті дәнекерлеуде термопластикалық материал екі металл пластинкалар арасына енеді, пластинкаларға жоғарғы жиілікті генератордан өзгермелі жоғарғы жиілікті электр тоғы беріледі. Электрлі аумақ әсеріне түскен пластикалық массалы молекулаларды түзетін бөлшектер электрлі аумаққа бағытталуда поляризацияланады. Электрлі аумақтың өзгеруі полимер зарядтарының араласуын кешіктіреді және олардың поляризациялануына көп энергия жұмсайды, ол материалдың өз ішінде жылу түрінде сыртқа беріледі. Соның есебінен термопластикалық материалдардың дәнекерленуі жүзеге асырылады. Термопластикалық материалдардың дәнекерлену үдерісі жылытқыштың жоғары жиілігінде (100 МГц) тез жүзеге асырылады. Мысалы, қалыңдығы 0,15-0,2 мм құрайтын поливилхлорид пленкасы 2-3 с дәнекерленеді.
Жоғары жиілікті дәнекерлеудің екі түрі бар: параллельді және бірізділікті, бұл жағдайда дәнекерленетін материалдар екі жылжымалы электродтардың (роликті) арасына енеді, ол генераторға қосылған.
Дәнекерлеудің параллельді әдісі тігін өндірістерінде жоғарғы жиілікті құрылғылармен жабдықталған ЛГС-15 престерінде немесе ОК-1,2/С (ПНР) дәнекерлеу аппараттарында поливинилхлорид пленкасынан дайындалған плащтарды дайындауда кеңінен қолданылады. Аппараттар үлкен көлемді түрлі пішінді және өлшемді электродтармен жабдықталған, олар түрлі дәнекерлеу тігістерін ашық қиықты сырып тігетін, жабық қиықты жапсырмалы тігіс, ашық және жабық қиықты бүгіп тігетін, ішкі қайырмалы тігістерін және ілгектерді дайындауға негізделген.
Жоғарғы жиілікті дәнекерлеу – поливинилхлорид пленкасында дәнекерлеу тігістерінің беріктігін қамтамасыз етеді. Дәнекерлеу тігістерінің ұзаруы жіптік тігістерге қарағанда 1,5-3 есе аз. Екі қабатты дәнекерлеу тігістерінің жіптік тігістердің беріктігінен тәжірибелі түрде айырмашылығы байқалмайды.
PFAFF 8320 классты ультрадыбыстық импульсты дөңгелекшесімен синтетикалық текстиль материалдарына арналған дәнекерлеу машинасы. Ерекшеліктері: дәнекерлеу материалы импульсты және басу дөңгелекшелері арасында бекітіліп, қысым арқылы дәнекерленеді. Дифференциалды транспорт: импульсты және басу дөңгелекшелері арқасында тегіс, тігістің айқасуынсыз, аздап отырғызылып дәнекерленеді. Басу дөңгелекшесінің диаметрі 65 мм, берік болуы үшін мата шетін екінші рет дәнекерлейді.

PFAFF 8320 класты ультра дыбыстық дәнекерлеу машинасы

Ультардыбысты әдісте термопластикалық материал ультрадыбыстық күйреулерге және бір уақытта қысымға тап болады, ол металл сәулелердің берілу негізінде іске асады. Ультрадыбыстық күйреулердің әсерінен дәнекерленуші термопластикалық материалдардың беткі бөлігі еруге дейін жылынып дәнекерленеді.


Дыбыстық құрылғысы жоғары жиілікті электр энергиясын құрайды. Концентратордан діріл құрылғысы арқылы өтетін күйреу толқын жүргізгішке беріледі, дәнекерлеу құрылғысы болып табылатын жоғарғы торецтен материалға беріледі, ол толқын жүргізгіш пен тіреуіштің арасында орналасқан. Діріл құрылғысының қайнар көзі ультрадыбысты жиіліктің генераторынан беріледі.
Машинаның техникалық сипаттамасы:
Дәнекерлеу жылдамдығы 0,5-10 м/мин;
Опция: 20 м/мин;
Тігіс ені: 2,0-10,0 мм;
Ультрадыбыс жиілігі: 35 КГц;
Генератор қуаты: 400 Ватт.
Ульрадыбысты дәнекерлеу – бұл принципі жіпсіз тігін машиналарының пайда болуына негіз болды.


Дәнекерлеу барлық өнеркәсіп салаларында тиімді және тиімді жұмыс істеуге көмектеседі. және т.б. крандарды жоқ заманауи құрылыс, тракторлар мен комбайндар жоқ ауыл шаруашылығын, құбырлары мен темір жол қоспағанда тау-кен, жүк, кемелер мен ұшақтар жоқ тасымалдау, елестету мүмкін емес Қазіргі заманғы технологиялар жабдықтарды жақсарды, дәнекерлеу бизнесте қатты еніп, оның салмағы мен өлшемдері, кемітіледі құрылғылар процессорлар жабдықталған және сіз жақсы және тез жұмыс жасауға мүмкіндік береді. 21 ғасырдың дәнекерлеу үшін жақсы перспективалар ашады, ол металл қосылыстар үшін әлі дәлелденген тәсілі болып саналады, салыстырмалы төмен бағамен жоғары сапалы байланыстарды жету, және ағымдағы зерттеу және дамыту, бірақ жаңа деңгейге технологиясын дәнекерлеу дисплейін мүмкіндік беретін, оны толықтыруға мүмкіндік береді.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Б. Р. Рысқұлова 94 Р Тігін өндірісінің материалтануы: Жоғары оқу орнының студенттеріне арналған оқулық / Б. Р. Рысқұлова, А. Ж. Құтжанова, Э. С. Масанова, Ж. Ш. Маханова. - Алматы: 320 б.

  2. Амирова Э. Тігін бұйымдарының технологиясы

  3. www.symbat.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет