Термопластикалық маталарды дәнекерлеу әдісі. Термопластикалық маталарды дәнекерлеу әдісінің негізі – белгілі бір температураға дейін суытқанда жоғарғы эластикалықтан биязы жағдайға ауысауды, ол бөлме температурасына дейін салқындатқанда керісінше болуы. Осының нәтижесінде биязы күйіндегі термопластикалық маталарда суытқаннан бірнеше қысымнан кейін берік дәнекерлік тігіс пайда болады.
Термопластикалық маталарды дәнекерлеудің бірнеше тәсілдері бар: ыстық ауамен; термоконтактілі; ультрадыбыс және жоғары тоқ жиілігімен.
Бірінші тәсіл киім бөлшектерін біріктіруде қолданылмайды. Термоконтактілі дәнекерлеуде термопластикалық маталардың біріктіру орнын жұмсарған температурасына дейін ысытқыш арқылы ысытады.
Жылытқыш – бұл электрлік прибор, бөлшектің пішінінің және дәнекерлену маталарының түріне байланысты әртүрлі пішінде және көлемде болады. Дәнекерлеу кезінде қабыршық әдетте ысытқыштың ысытылған жоғары металды қабатына жабысады. Жою және қабыршықты жанудан сақтап қалу үшін материалдарды қағаздан жасалған калькаға ұқсас жапырақты целлофан фторопластың жаңа қабыршықты арнайы аралық төсемдер арқылы дәнекерлейді.
Термоконтактілі әдіспен – поливинилхлорид, полиэтилен, полистирол, полипропилен және термопластық маталарды дәнекерлеуге болады.
Дәнекерлену материалдың сыртқы қабатының әртүрлі ысытылуымен немесе тек ішкі бетінің ысытылуымен орындалады, мысалы, 0,025-0,2 мм қалыңдықтағы қабыршықты материалдар сыртқы бетінің ысытылуы кезінде дәнекерленеді. Термоконтактілі дәнекерлеу қолмен немесе механикалық әдіспен орындалады.
Қолмен орындау әдісінде ысытқыш электр үтігі мен электропаяльниктен басқа ысытқыш роликтер қолданылады. Қолмен дәнекерлеу әдісі дәнекерлеудің технологиялық режимін нақты ұстап тұруға мүмкіндік бермейді, сол себепті дәнекерленген тігістер сапасына кері әсерін тигізеді.
Механикалық әдіс термоконтактілі дәнекерлеу 1300 кл машиналарында орындалады, ол термопластың жабындысымен және 1,5 мм қалыңдықтағы термопластикалық қабыршықты маталарды дәнекерлеуге арналған. Дәнекерлену жылдамдығы маталардың қалыңдығына және қасиетіне байланысты 60-150 см/мин.
Роликтердің жылдамдығы және маталарға түсіретін қысымы реттеліп отырылады. Көп жағдайда маталарды дәнекерлеуде жылытқыштың оңтайлы температурасы 305-345°С және тасымалдау жылдамдығы 132 см/мин құрайды. Машина колонкалы платформамен, бағыттауыштар және әр түрлі тігістерді дайындауға арналған құрылғылармен жабдықталған. Бөлшектерді біріктіру үшін термопластикалы жабындылы маталардан пішілген бұйымдарды дайындауда, жабық немесе ашық қиықты жапсырмалы тігістер, жабық қиықты біріктіргіш және комбинирленген жіптік-дәнекерлеуіш тігістер қолданылады.
Ашық қиықты дәнекерлі жапсырмалы тігіс үлкен жүктемеде және тігісте материалдың созылу нәтижесінде, қабатталынуы кезінде жылжымалы жұмыс жасайды. Сол себепті жапсырмалы тігістің беріктілігі матаның негізгі жібіне бағыттас болғандықтан, матаның негізгі жібіне көлденең орналасқанда жоғары болып келеді. Бұл тігістің ені 10 мм. Ашық қиықты жапсырмалы тігісте матаның жіптері сумен жанасқан уақытта ылғалданып, білтемен бұйымның сыртқы бетіне суды ығыстырады. Дәнекерлі жапсырмалы тігістің суға төзімділігі матаның су сіңіруіне байланысты болып келеді. Термопластикалық жабындылы материалдардың (былғары винил бөзден пішілген киім, штапельді саржа поливинилхлоритті жабындылы балық аулау матасы) су сіңіру қабілеті жоғары болып келеді. Дәнекерлі жапсырмалы тігіспен біріктірілген үлгілерді 56- 60 мин аралығында тәжірибеден өткізуде ылғалданбайды. Үлгілер трикотажды негізді винил былғары негізде тоқылған мата 9,8 мин аралығында ылғалданады. Маталардан дайындалған жіпті жапсырмалы тігістердің үлгілері 0,29-1,57 мин ішінде ылғалданады, яғни жіптік тігістер материалдарды суға төзімділік қасиетінен айырады.
Термоконтактілі әдіспен қабыршықты жабындылы термопластикалық маталарды және әр түрлі термопластикалық маталардан дайындалған қабыршықтарды дәнекерлеуге болады. Бұл үшін сырып тігетін және басқа да жылытқышты тігін машиналары қолданылады.
Дәнекерлеу тігістерінің сапасын анықтайтын негізгі параметрлер жылытқыштың температурасы және маталардың берілу жылдамдығы болып келеді. Жылытқыштың температурасын орнатуда термопластикалық маталардың жұмсаруы кең диапазонды температурада өтеді. Әртүрлі термопластикалық маталардан дайындалған және әртүрлі қалыңдықтағы қабыршықтарды дәнекерлеуге белгіленген жылдамдықтағы матаның берілу есебі мен жылытқыштың өзінің температура диапазоны қажет. Бұл температуралар диапазонын тәжірибелік жолмен орнатады, сонымен қатар жапсырмалы тігіс жылжуы және қабыршықтың 80% берік болуы ескеріледі.