Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік



бет27/36
Дата14.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#176705
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ?ûëûì æ?íå á³ë³ì ìèíèñòðë³ã³

Қосымша – В


Бақылау жұмысы
Мақсаты: студенттердің патриоттық мазмұндағы білімдерін анықтау.


Тапсырма: төмендегі сұрақтарға қысқаша, нақты жазбаша жауаптар беріңіз.

1. Қазақстандық патротизм дегенде нені түсінесіз?


2. Қазақстандық патриотизм қандай көрсеткіштермен анықталады?


3. Қазіргі ұғымда қазақстандық патриотизмнің міндеті, қызметі неде деп ойлайсыз?


4. Қазақ тілі қай дәрежеде меңгергенмін деп есептейсіз? Өзіндік деңгейінен қанағаттанасыз ба?


5. Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіз?


6. ҚР рәміздерінің мағынасын ашып көрсетіңіз?


7. Отандық әлеуметтік-саяси, экономиканың өркендеуі үшін өзіңізді қанша жауапкер сезінесіз?


8. Қазақстанда бәсекеге қабілетті, дамыған ел болуына қандай өзіндік үлес қоса аласыз?




Қосымша – Г

Студенттердің қоғамдық-саясы іс-әрекет тәсілдерін меңгергендігі, қазақстандық патриотизм мазмұнындағы білімдерін практикада қолдану деңгейлерін бағалау үшін тест сұрақтары.




Тапсырма 1. Патриотизм ұғымының мазмұнына жатпайтын жауапты көрсетіңіз.

а) өзі туып-өскен жеріне сүйіспеншілік сезімі


ә) ана тіліне құрметпен қарау
б) Отанға адалдықты сақтау
в) Отанның тарихи өткеніне және мәдени жетістіктеріне деген мақтаныш
г) өз ұлтына басқа ұлттардан жоғары қою
Тапсырма 2. Өз отанының нағыз патриоты болған азамат қандай сапалар мен ерекшеленеді.

а) өз еңбегін, күш-жігері мен қабілеттерін Отанның гүлденуіне арнауға ұмтылады


ә) Отанға адалдықты сақтайды
б) Отандың бастандығы мен тәуелсіздігін қарауға дайын болады
в) өзіндік жеке мүдделерін қоғамдық мүддеден жоғары қояды
г) Отан мүдделеріне қамқорлық жасайды


Тапсырма 3. Дұрыс жауаптарды анықтаңыз:

1. Қазақстан Республикасы...


а) тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет;
ә) социалистик мемлекет;
б) парламенттік республика;
в) федератив мемлекет;
г) конфедерация
2. Қазақстанның мемлекеттік құрылым формасы...
а) унитарлы
ә) федеративті
б) конфедерация
в) республика
г) барлық жауаптар дұрыс
3. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес республиканың әрбір азаматының абыройлы міндеті, қасиеті, борышы, парызы
а) Отанды қорғау;
ә) алым-салықтарды төлеу;
б) сөйлеу және сайлану;
в) дауыс беру;
г) өз ана тілін меңгеру
4. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі ұстанымдарына жатады:
а) барлық жауаптар дұрыс;
ә) қоғамдық татулық және саясы тұрақтылық;
б) халық ігілігін көздейтін экономикалық даму;
в) қазақстандық патриотизм;
г) мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу.
5. Отанға деген қарым-қатынас пен байланысты идеялар мен көзқарастардың күрделі басқарылатын жүйесі, индивидтердің, әлеуметтік топтардың, ұлттық қоғамдастықтардың Отанды дамыту мен қорғауға бағытталған сезімі мен көңіл – күйі бұл...
а) патриоттық сана-сезім
ә) патриотизм
б) «Отан» ұғымы
в) патриотизм идеясы
г) патриоттық - ерлік тәрбиесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет