Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет19/53
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121867
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53
Байланысты:
опережающее задание 9 Б . 1 деж. группа, Uchebnoe posobie Etnopedagogika kratkij konspekt, 249816894, Саба жоспары №2 Топ К ні фт 71б (1), Саба жоспары №2 Топ К ні фт 71б (1), ТЕСТ ТЕХНОЛОГИЯ біліктілік тестілеу, Көпбұрыш және шеңбер. ҰЖ (1), 1 токсан есебі-1
Мақалдар мен мәтелдер – тәрбие құралы 
Мақалдар – нақыл, ӛсиет түрінде айтылатын философиялық ой 
түйіндері, сӛз мәйегі. Мақалдар, кӛбінесе ӛлеңдік ӛрнекпен, сабырлы, 
салмақты ырғақпен айтылады, қара сӛзбен, яғни шешендікпен айтылатын 
мақалдар да бар. Мақал, негізінен, екі бӛлімнен (кӛбінесе екі тармақтан) 
құралады. Бірінші бӛлімде пайымдау (айтатын ойдың түп негізі), екінші 
бӛлімде ой қорытындысы айтылады («Еңбек етсең, емерсің»). Тура 
мағынада («Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»), ауыспалы 
мағынада («От жақпаған үй – қорамен тең, адам кірмеген үй – моламен 
тең») қолданылатын мақалдарды, кӛбінесе халық шығарған. Жыраулар мен 
ақындар, ел басылары мен батырлар, зиялы адамдар шығарған (авторы 
белгілі) мақалдар мен мәтелдер де ӛте кӛп.
Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы ӛлеңде сыңар тармақты, қара 
сӛзде нұсқалы сӛз ретінде айтылады «Ӛлең – сӛздің патшасы» т.б. 
Мәтелдер де тура мағынада «Қадіріңді білгенге жұмса» деп және ауыспалы 
мағынада «Тікен гүлін қорғайды» деп айтылады. 
Қазақ халқы – сӛз қадірін біліп, қасиетті сӛзді қастерлеп, ауызынан 
тастамай, ӛнеге ретінде данышпандығын ӛлең ӛрнектерімен, терең 
мағыналы сӛздермен зерлеп келе жатқан халық. Сӛз зергерлерінің аузынан 
шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ 
тәрбиесіне парықтап пайдалану дәстүрге айналған. Сондықтан да, әсіресе, 
қариялар мақалдап, маңызды сӛйлеуді борышым деп санайды. Мақалсыз, 
мағынасыз сӛйлеген қарт адамның сӛзінің қадірі болмайды. 
Қазақтың мақал-мәтелдерінің кӛбірек қамтитын тақырыптары: елдік, 
ынтымақ, бірлік, батырлық, ерлік, ӛнер, білім туралы, тӛрт түлікке, 
егіншілікке, адамгершілікке байланысты т.б. мақал-мәтелдер.
Отбасында ата-аналар бала тәрбиесіне лайықтап іс-әрекет, пікірлесу, 
пікірсайыс кезінде ӛнеге кӛрсетіп, ӛсиет айтып: ана тілін алмасаң, арың 
кетеді; әке – тірегің, ана – жүрегің; әке тұрғанда бала сӛйлегеннен без; 
бірінші байлық – денсаулық; қыз қылығымен жағады; бір үйдегі бәрің де
бір-біріңе меймансың; бала жақсы болса – бала, жаман болса – пәле; сабыр 
түбі – сары алтын; еріншектің ертеңі таусылмайды; кӛзің ауырса қолыңды 


33 
тый, ішің ауырса, асыңды тый; іс істесең, ретін тап; ағасы бардың жағасы 
бар, інісі бардың тынысы бар; ас ішсең аяғыңды жина; ерте тұрған әйелдің 
бір ісі бар, ерте тұрған еркектің ырысы бар; ашу – дұшпан, ақыл – дос; 
әдептілік – әдемілік т.б. мақалдарды жиі айтады. 
Баланың ӛмір тәжірибесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл-насихат, 
ӛнеге-ӛсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу керек. Сол мәнді 
сӛздер – мақалдар мен мәтелдерді орынды пайдаланған ата-ана ой қозғап, 
ақылға қонымды сӛздер айту арқылы баланы тәрбиелейді және санасын 
арттырады. «Ұяда нені кӛрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланы 
ана тілін ардақтауға үйретіп, ой қисындарын сӛз жүйесіне келтіре алу 
қабілетін дамыту үшін, ата-ананың мақалдап сӛйлеуінің мәні зор. 
Мақалдың да мақалы бар, кейбір ескірген, қазіргі ӛмірге қолдануға 
қолайсыз, тіпті теріс тәрбиелейтін мақал-мәтелдерді пайдаланудан сақ 
болу керек. Ұлы Абай «жиырма тоғызыншы» сӛзінде: «Жарлы болсаң, 
арлы болма», «Атың шықпаса, жер ӛрте», «Ата-анадан мал тәтті» т.б. 
зиянды 
мақал-мәтелдердің 
«құдайшылыққа, 
не 
адамшылыққа» 
жарамайтынын айтады. 
Балалар бақшасында тіл ұстарту, тіл ширату сабақтарында 
балдырғандарға мақал, мәтел туралы түсінік беріліп, оларды қолданудың 
қажеттілігі туралы айтылады. Мысалы: «Әке – тірегің, ана – жүрегің» 
деген мақалдың мәні, мазмұны ондағы жеке сӛздердің мағынасы туралы 
сұрақ-жауап тәсілін қолданып, тәрбиеші балдырғандардың түсінігін 
байқап, ұғымын байытады. Осы мақалдың мән-мағынасын терең ұғындыра 
түседі, балдырғандарға ана, әке туралы тақпақтарды жаттатып, айтқызады. 
Мектепте ауыз әдебиеті туралы бағдарламалық материалдарды 
оқыту оқушылардың мақал-мәтел жинап, оқулық пен хрестоматиядағы 
материалдарды толықтыра түсуіне басшылық етеді. Әдебиет бӛлмесінің 
жарнамаларына «Кітап – білім бұлағы, білім – ӛмір шырағы», «Білімдіден 
шыққан сӛз – талаптыға болсын кез», «Ӛнерлі ӛрге жүзеді» сияқты мақал-
мәтелдер жазылып, ілінеді. Бірінші сыныптан бастап мақал-мәтелдер 
бірте-бірте үйретіліп, оқушылардың тілі мен ойын дамытудың негізгі бір 
тәсілі – мақал-мәтелдерді жаттату, мақал-мәтелдерді ел аузынан жинау, 
оларды түрлі сынып сағаттары мен кештерде, ӛнер жарыстарында, 
баспасӛзде, радиода қолдана білуге оқушыны бейімдеу мұғалімдердің, 
әсіресе әдебиет пәні оқытушысының міндеті болып табылады. 
Мысалы, «Достық» тақырыбына ӛтілетін сынып сағатында, әдеби 
кеште, пікіржарыста, «достық туралы мақал-мәтелдерді кім кӛп біледі?» 
деген сұраққа жауап ретінде жазуша жарыс ұйымдастыру керек. «Досына 
достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол» (Абай) деген мақалдың 
айналасында пікірталас ӛткізу қажет. 
Жыраулар мен ақындардың, ұлы данышпандар мен батыр ел 
басшыларының шығарған мақал-мәтелдері жӛнінде сынып сағаттарын, 
пәндік 
кештерді, 
мерей 
тойға 
арналған 
әдеби-монтаждарды 
ұйымдастыруға болады. Мысалы: Абай Құнанбаевтың творчествосына 
арналған кеш ӛткізу кезінде «Абайдың мақал-мәтелге айналған сӛздері» 


34 
деген тақырыпта оқушылар: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның 
тіленбей», «Әсемпаз болма әрнеге, ӛнерпаз болсаң арқалан», «Сен де бір 
кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», «Толғауы тоқсан қызыл тіл», 
«Туғанда дүние есігін ашады ӛлең», «Заманақыр жастары, бірікпес ешбір 
бастары», «Сенсең сен, еңбегің мен біліміңе, сол сені алып шығар екі 
жақтап» т.б. тіркестерді тауып жазады да, ол сӛздер қандай ӛлеңдерден 
алынғанын айтады. Мұны «Ой тапқыштар» жарысы ретінде де ӛткізіп, 
озып шыққан оқушыларды мадақтай білу керек. 
Қазақ халқының ӛз мақал-мәтелдердері том-том болып жиналады, 
оның үстіне басқа халықтардың тілінен аударылған мақал-мәтелдер де 
мол. Дегенмен, дүниежүзі халықтарының мақал-мәтелдері бірін-бірі 
тікелей қайталамаса да, біріне-бірі, кӛбінесе ұқсас болып келеді. Осыған 
қарап мақал-мәтелдерді ұлтаралық, жалпы адамзаттық әдеби мұра деуге 
болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет