Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет16/53
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121867
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
опережающее задание 9 Б . 1 деж. группа, Uchebnoe posobie Etnopedagogika kratkij konspekt, 249816894, Саба жоспары №2 Топ К ні фт 71б (1), Саба жоспары №2 Топ К ні фт 71б (1), ТЕСТ ТЕХНОЛОГИЯ біліктілік тестілеу, Көпбұрыш және шеңбер. ҰЖ (1), 1 токсан есебі-1
 
4-дәрісбаян 
 
Тақырыбы: ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ 
ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ 
Әдебиет – тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы 
ауыздарынан шығып, кейін оны халық қалап, қастерлеп, жаттап, жадында 
қалдырып, ғасырлар бойы ӛңдеп, ӛркендетіп, қадірлеп қалыптастырып, 
асылым деп ақыл-санасына сіңірген ауыз әдебиетінің үкілі үлгілері – 


27 
мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол – ұрпақ тәрбиесінің күн 
сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды 
жалындататын, қиялды қияндататын, ақыл-сананың айшықты кӛріністерін 
бейнелейтін қасиетті, киелі мұра. 
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, 
мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, 
ойды дамытатын, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық 
ғаламат туындылар. Бұл – халық педагогикасының үлкен бір саласы. 
Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. 
Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы 
педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде 
пайдалануға болады. Ал, халықтың мақал-мәтелдері педагогикамен қатар, 
философиялық дәрістердің де түсініктемелеріне арқау бола алады. 
Бұл тарауда ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәнін ашып, оны
оқу-тәрбие ісіне пайдаланудың негізгі жолдарын кӛрсетуді мақсат еттік. 
Зерттеушілер мен пайдаланушылар толқынды дүниені толықтыра түссе, 
құба-құп болар еді. 
Бесік жырының тәрбиелік мәні 
Тұрмыс-салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бӛбекті жұбату 
үшін және оған тілек айту үшін ғана шығарылған емес. Ең әуелі ырғағы 
бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінде айтылған әуен сезім 
мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан-жүйесін 
жадыратады, яғни ұнамды, ұнасымды әсермен баланы жұбатады. 
Екіншіден, баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып, оны 
жұбатушы ана болашақтың шамшырағы мен нұрсәулесінен қуат алғандай 
әсерленеді. Үшіншіден, ата-ана жатқа айтқан тілектерді тілі шыққан 
балдырғандар да жаттап, әрі тілі дамиды, әрі сол сӛздерден тәлім алады. 
Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана жыры, бесікке бӛлеу 
жыры, жұбату және тілек айту деп топтауға болады. 
Бесікке бӛлеу жыры нәрестені бесікке салғанда, қуаныш-тілек 
ретінде, кӛбінесе кӛңілді, әуезді әуенімен айтылады. 
Балғын бӛбек бесік жырының жанға жайлы әуезді әуеніне жұбанып, 
рахатқа бӛленеді. Мұның психологиялық, медициналық мәні де зор. Әуен 
(музыка) бӛбек жанына дем береді. 
Бесік жыры кӛбінесе тілек (сенім арту, үміт, бата) айту мәніне 
құрылады да, жыр айтушы бӛбектің келешегіне сенім артып, қуанышқа 
бӛленеді. 
Халық педагогикасының бұл саласы ғасырлар бойы бала тәрбиесіне 
ӛз ӛрнектерімен әсер етіп, қазіргі кӛркем әдебиет нұсқаларымен дамып 
келеді. 
Бөбектің отыруы.
«Бӛбек бес айда белгілі отырады, алты айда анық 
отырады» дейді халық. Баланың әке-шешесін, жақындарын анық танып, 
күлу, ренжу әрекеттерін кӛрсете бастауы, оның ӛздігінше қимыл 
әрекеттерін жасаумен ұштасады да, отыруға ыңғайлануы байқала 
бастайды. 


28 
Бӛбек толық отырғанға дейін оның «талпыну» әрекетімен демеп, 
отыруына жағдай (сүйеніш, таяныш) жасалынады. Толық отырған 
бӛбектің, алғашқы әрекеті орындалып, кӛңілі шаттанып, бойы сергектене 
береді. Миы қатаймаған, буындары «қатпаған» бӛбектің, алғашқы еркін 
қимылдауына жағдай жасап, оның ӛз алды әрекетінің сәтілігіне бас кӛз 
болып отыру отбасындағы жанашырдың бәрінің парыздық әрекеті болуға 
тиіс. Осы әрекет үстінде отбасындағылардың бӛбекке деген мейірімділік, 
қайырымдылық, қамқорлық сезімдері дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет