57
Барлықов, Тайыр Белгібайұлы, Тұрсын Кәдейұлы сынды майталман
домбырашылардың орындауында алынып отыр.
Сонымен қатар, жинаққа Алтай аймағында ӛмір сүрген Мүкей,
Шақабай Шалап, Тайыр Белгібайұлы сияқты күйшілердің туындылары
енгізілген.
Тарбағатай ӛңірінде ӛмір сүрген күйшілердің ішіндегі айтулы тұлға –
Қайрақбай Шәлекенұлы домбырашылығымен қатар, сыбызғышы да
болған. Қайрақбайдың күйлері баласы Әнжан арқылы жеткен. Әнжанның
баласы Заманбек заманында дәулескер күйші болыпты. Қайрақбайдың
күйлерін Заманбектен Жұмажан дейтін домбырашы үйреніп, кейінгіге
жалғаған. Бұл жинаққа Қайрақбай күйлері Кәсімбай Құсайынұлы, Мұқаш
Таңғытұлы сынды күйшілердің орындауында ұсынылып отыр. Сол сияқты
Тарбағатай ӛңірінде болған Бәзғалам, Бейісбай, Масығұт, Кәсімбай
Құсайынұлы, Қизат Сейітқазин, Қазен Әбуғазыұлының күйлері де
жоғарыда аталған жинақтан орын алған.
Шығыс күйшілік дәстүрінің бір бӛлігі – Шыңжаң ӛлкесінің Іле
аймағындағы домбырашылық дәстүр. Іле ӛңіріндегі күйшілік мектептің ірі
ӛкілі – Әшім Дүңшіұлы. Арыдағы Қызылмойын Қуандық, берідегі Мазақ,
Тілеміс, Тергеусізден бастап ӛз заманына дейінгі күйшілердің мұраларын
үйреніп, ел ішіндегі ғасырлар бойы тартылып келе жатқан әуендерді
меңгерген Әшім күй шертіп, күй шығарумен бірге, ел аузындағы, халық
арасындағы күй аңыздарын жинақтап, жүйелеп тартқан ӛнерпаз,
сондықтан болар, оның күйлерінің біразы («Самұрықтың зары»,
«Желмаяның желісі», «Бӛктергі», «Қос келіншек», т.б.) ертедегі аңыз-
әңгімелерге құрылған. Күйші шығармашылығында елеулі орын алатын –
кеңес тақырыбындағы күйлер. Әшім заманында кеңестен жеті бұтақ күй
шығарып шерткен. «Алтын бармақ» атанған Әшім күйлерінің басым
кӛпшілігі майталман домбырашы Камал Мақайұлы арқылы жетіп отыр.
Сонымен қоса, Мазақ, Тілеміс, Әтіхан, Әбеуғали, Әліпбек тәрізді ілелік
күйшілердің мұралары да тыңдарман қауымға алғаш рет ұсынылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: