“ішкі аудиторияны” құрайды, адам өзінің ойға алғандары мен іс-
әрекеттерінде соны бағытқа алады.
Шағын топтар теориясының айтарлықтай маңызды бөлімі ондағы
динамикалық процестерді
зерделеу болып табылады. Бұл зерттеулер
микросоциология мен психологияда шағын топтардың өмір сүру және даму
заңдарын сипаттауды негізге алатын өзара әрекеттес және бірін-бірі
толықтыратын тұжырымдамалардан тұратын ерекше бағыт болып бөлінген.
“Топтық динамика” терминінің өзін ғылыми айналымға 1930 жылдары Курт
Левин енгізген. Негізгі теориялық қағидалардың бірі топтық қызметтің
жүйелілік сипатын атап өтуден тұрады: тұтас алынған топ оған кіретін жеке
адамдардың жай қосындысы емес, одан артық. Сонымен қатар, шағын
топтарда жүретін құбылыстар мен процестерді сипаттайтын заңдар одан да
ірі әлеуметтік бірліктердің динамикасын сипаттауға
Кез келген шағын топта оның туғаннан өлгеніне дейін жүретін
динамикалық процестерді қысқаша тізбектеп шығуға тырысар болсақ, онда
мынадай негізгі құбылыстарды түйіндеуге болады:
топтық интеграция - топ мүшелерінің бір-біріне лайықтанып,
бейімделуі негізінде топтардың біртұтас нәрсеге айналуы;
құрылымдалу - көшбасшылар мен басқа да мәртебелік позицияларды
бөліп және тиісінше сол мәртебелерге сәйкес рөлдер суретін жасай отырып
ішкі құрылымның жасақталуы.
Берілген топқа тән
нормалар мен құндылықтар жүйесі
қатар дамиды;
кей кезде бұл бірлескен іс-әрекеттерде, уақытты бірге өткізетін кезде қатар
болатын ерекше ритуалдарды жасаумен қатар жүреді. Бұл нормалар мен
құндылықтарды сақтау үшін топ мүшелеріне
топтық қысым
жасалады. Ол
оң және теріс әр түрлі
топтық санкциялардың
көмегімен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік топтарды жіктеу топтарды шағын және үлкен, бастауыш
және екінші деп бөлуді ғана көрсетпейді. Қоғамдық топтардың әлеуметтік
жағдайлары бойынша өзгешелігі бейнеленетін қоғамның әлеуметтік
құрылымының сипаттамасы тұрғысынан әлеуметтік-таптық қауымдастықтар
(таптар, қабаттар); әлеуметтік-демографиялық қауымдастықтар (еркектер,
әйелдер,
балалар,
ата-аналар
және
т.б.);
этникалық
әлеуметтік
қауымдастықтар (ұлттар, ұлыстар, тайпалар, ұлттық және этнографиялық
топтар); әлеуметтік-аумақтық топтар (қала, ауыл, аймақ); әлеуметтік-кәсіптік
қауымдастықтар және т.б. сияқты әлеуметтік топтарды бөліп қарау ерекше
маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: