Ґазаґстан республикасы ¦ылым жўНЕ


ПРОФЕССОР Қ.Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет3/71
Дата14.02.2023
өлшемі1,19 Mb.
#168791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
k.k.zhubanov-gylymi-enbekterinin-1

 
ПРОФЕССОР Қ.Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ 
ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АТҚАРЫЛҒАН 
ЖҰМЫСТАР
 
1899 ж. 19 желтоқсан. 
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов Темір уезінің 
Темір-Орқаш болысына қарасты 9-ауылдағы Қосуақтам деген жерде (қазіргі 
Ақтӛбе облысы Мұғалжар ауданы «Жаңа тұрмыс» ауылында) орта шаруаның 
отбасында дүниеге келді. 
1904-1912 жж.
Алғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб 
тілін үйреніп, ауыл мектебінде білім алды. 
1912-1914 жж. 
Екі кластық Жұрын мектебін үздік тәмамдады. 
1914-1916 жж. 
Орынбор қаласындағы «Хұсайния» медресесінде оқиды.
Араб, парсы, орыс тілдерімен қатар латын, түрік, жапон, француз,
ағылшын,  неміс тілдерін үйрене бастайды. 
1917-1918 жж. 
Күйікқаладағы (Елек қаласы) екі кластық орыс 
училищесіне түсіп, оны мерзімінен бұрын бір жылда үздік бітіріп шықты. 
1918-1920 жж. 
Ауылдық мектептің мұғалімі, кейін Кӛлденең Темір 
болыстық совдепінің хатшысы, одан кейін тӛрағасы болып істеді. Күйік 
қалада жүріп 

«Тез», ал Темірде «Ай» атты журнал ұйымдастырып, оның 
бетінде М.Горькийдің «Сұңқар туралы жыр», «Дауылпаз туралы жыр», «Хан 
мен ұлы», т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударып жариялаған. «Ай» деген 
ӛлеңі жоғарыда аталған журналдың беташары ретінде жарияланды. Кӛпшілік 
кӛкейіне тез қонатын сықақ, фельетондары сахнада, сауық кештерінде 
айтылып жүрсе, кейбіреулері «Еңбекші Қазақта» жарияланған. 
1920-1922 жж. 
Темір әлеуметтік қамсыздандыру бӛлімінде халық 
бақылаушысы болып қызмет атқарды.
1922-1923 жж.
Темір аудандық атқару комитеті (РИК) мүшесі болды.
1923 жж., желтоқсан – 1925 ж. қыркүйек. 
Темір уездік халық ағарту 
бӛлімінде инспектор болды. 
1925 ж., қыркүйек – 1928 ж. желтоқсан. 
Губерния орталығы 
Ақтӛбедегі губерниялық халық ағарту бӛлімінің инспектор-методисі 
қызметін атқарды және педтехникумның (осы күнгі педколледж) мұғалімі 
болды. Ақындық, жазушылық ӛнерімен де танылып, ӛлең, пьеса, т.б. жазған.
«Мақпал – Сегіз» дастанының желісі бойынша Жиенғали Тілепбергеновпен 
бірігіп жазған пьесасы Ақтӛбедегі кеңес-партия мектебінің, педагог техникум 
оқушыларының қатысуымен сахнаға шығарылып, қала жұртшылығына 
кӛрсетіледі. 
1925 ж. 
Ақтӛбе губерниясының Халық ағартушылар съезіне қатысты.



Түркі
 
тілдес республикалардың жаңа әліпбиге кӛшуіне арналып, 1925 жылы 
Мәскеуде ӛткізілген кеңеске қатысып, онда сӛз сӛйледі. Жаңа әліпбиді енгізу 
мәселелерімен айналысқан Әзірбайжан ғалымы Ағамалы оғлымен жиі хат 
жазысып тұрды. 1927 жылдан бастап Жұбанов Санкт-Петербургтегі орыс 
ғалымдарымен байланыс жасады. Түркі тілдерін зерттеуші академик 
А.Н. Самойлович, шығыстанушы В.В. Бартольд, тілші ғалым А.В. Щерба, 
т.б. еңбектерін алдырып оқыды. 
1928 ж. 
Қызылордада жаңа латын алфавитіне кӛшу жӛніндегі Қазақстан 
Компартиясы Орталық Комитеті шақырған ғылыми-орфографиялық 
конференцияға қатысты. 
1928 ж. 
Осы жылдың жазында Ленинградтағы Енукидзе атындағы тірі 
Шығыс тілдері институтын жарты жыл шамасында экстерн түрінде 
тәмамдап, тілші-түрколог дипломын алды. 
1928 ж. 
Осы жылдың соңында Қазақстанның сол кездегі астанасы 
Қызылордаға шақырылып, республикалық халық ағарту комиссариатына 
қызметке тағайындалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет