Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министірлігі


Дәріс12. Сорап цилиндріндегі қысым



бет13/36
Дата01.11.2022
өлшемі7,86 Mb.
#155996
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Байланысты:
По К 042-18 57 03-2013 № басылым

Дәріс12. Сорап цилиндріндегі қысым.
Дәріс жоспары.
1. Ортадан тепкіш сораптар. Құрылғысы, жұмыс істеу принципі, классификациясы.
2. Эйлер теңдеуі. Сорғының теориялық тегеуріні. Теориялық тегеурінге құрылымдық өлшемдерінің әсері. Пайдалы ағын.
3. Ортадан тепкіш сорғылардың теориялық сипаттамалары.

С орап жұмыс істегенде сұйық жұмыс доңғалағының қалақшалар арасындағы каналмен күрделі қозғалыспен; қалақша бойлап салыстырмалы жылдамдықпен және жұмыс доңғалағымен бірге айналмалы жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдық векторы « » жылдамдық құрайтын екі вектордың геометриялық қосындысы.


1. ауыспалы жылдамдық векторы « » - жұмыс доңғалағымен бірге айналмалы жылдамдықпен қозғалады;
2. салыстырмалы жылдамдық векторы « »жұмыс доңғалағының қалақшалар арасындағы каналмен күрделі қозғалады.
Қалақшалы машиналардың негізгі теңдеуін Л. Эйлер енгізді, ол идеальды жұмысшы доңғалақ моделі шексіз жұқа қалақшалар және ағыс теориясының шексіз санынан шығады
.

Бұл теңдеуді барлық ортадан тепкіш машиналар үшін қолдануға болады. Жоғарыда көрсетілген теңдеу, ортадан тепкіш сорап туғызған теориялық тегеурін сорап сорған сұйықтың қайдан шыққанына байланысты емес. Сонымен қатар, жұмысшы доңғалақтың диаметрін және айналыс санын жоғарылату, кез-келген жоғары тегеурінді туғызуы мүмкін. Қалақшалы сораптардың тегеуріні мен берілісі өзарабайланысты екеніне де көңіл аудару керек. Бір параметрін өзгерту екінші параметрінің өзгеруіне әкеліп соғады.


Жұмысшы доңғалақтың қалақшалар түрі де сорап тегеурініне әсер етеді. Доңғалақтардағы калақшаларды, артқа қарай қайырылған, радиальды қалақшалы және қалақшалары алға қарай қайырылған деп бөледі. Ең жоғары теориялық тегеурін қалақшалары алға қарай майысқан жұмысшы доңғалақта пайда болады, ал ең кіші тегеурін қалақшалары артқа қайырылған қалақшаларда болады
Ортадан тепкіш сораптардың теориялық сипаттамасы, теориялық тегеурін нің беріліске тәуелділігін тағайындайды. Бұл сипаттама идеал сұйық және шексіз қалақшалар саны бар жұмысшы доңғалақ сипаттамаларын сәйкес келеді.

Өзін-өзі тексетру сұрақтары.


1. Бірсатылы ортадан тепкіш сораптардың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз және сұлбасын сызыңыз. 2. Ортадан тепкіш сораптар қандай белгілері бойынша жіктеледі? 3. Жұмысшы доңғалаққа кірерде және шыға берістегі жылдамдық параллелограммын тұрғыз. және бұрыштары неге тәуелді? 4. Жұмысшы доңғалақ пен спиральды камераның жұмыс істеу орны қандай? 5. Қалақшалы доңғалақтың негізгі теңдеуін жазыңыз. Ортадан тепкіш сорапта туатын теориялық тегеурін неге байланысты? Нақты тегеурінді қалай анықтайды? 6. Сораптардың теориялық сипаттамасын тұрғызыңыз. Сораптың теориялық тегеурініне жұмысшы доңғалақ қалақшаларының түрі қалай әсер етеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:


Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б. – 154 – 174 бет;
Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –189 – 197 бет;
Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 207 – 212 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет