75
Курс мақсаты- биомасса мен мақсатты
метаболиттерді алудағы
биотехнологиялық
өндіріс
пен
биообъектілерді
культивирлеудің
технологиялық рәсімделуінің ғылыми негіздерін игеру.
Курс міндеті -
- биотехнологиялық өндірісті ұйымдастыру;
- дақылдаудың түрлі әдістерінің өндірістік тиімділігі;
- ферментациялық
жабдықтар туралы;
- мақсатты өнімді бөліп алу және тазалау тәсілдері;
- биотехнологиялық өндірістің биологиялық қауіпсіздігі жайлы түсінік
қалыптастыру.
Курсты оқу нәтижесінде білімгерлер білуі
тиіс:
- өндірістік биотехнологиялық процесстердің іске асырылуының ғылыми
принциптерін;
- жоғары өнімді штаммдар селекциясының әдістері мен тәсілдері;
- өндірістік технология процесстерінің
типтік сызбаларының негізгі
элементтерін;
- биотехнологияық өндірістің заманауи жабдықтарын;
- нақтыланған мақсатты өнімді алуға қажетті әдістерді бағалау;
- биотехнологиялық өндірістің жекелеген технологиялық сызбаларын;
- өндірістік штаммдар ен микроорганизмге
қойылатын талаптар;
- микробиологиялық өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері мен
тәсілдері.
Бакалавр білімгерлері
істей алуы қажет:
- биотехнологиялық өндірістің жалпы немсе жекелеген сатыларының
сызбанұсқасын әзірлеу;
- микроорганизмдердің жоғары өнімді штаммдарын алу;
- түрлі продуценттерді өсірудің әдістерін практикада қолдану;
- соңғы өнімді алу процессін қадағалау;
- өндірістік айналымда инновацияларды патенттеу.
Жұмыс дағдыларын
игеру:
- биотехнологиялық өнім алу үшін лабораториялық, өндірістік жағдайда;
- микроорганимдер дақылдармен жұмыс істеу,
егу материалдарын өсіру,
оларды дақылдау және сақтау әдістері;
- заманауи лабораториялық жабдықтарда;
- биологиялық активті заттарды бөліп алу және тазалау.
Аталған бағдарлама микроорганизмдер
биотехнологиясының заманауи
салаларының құрылымы мен қолданылу аясын сипаттайтын ғылым салаларына
негізделген: тірі немесе инактивтендірілген микроорганизмдер биомассасын
пайдалануға негізделген өндіріс; микробтық биосинтез
өнімдерін алу және
ашу және шіру нәтижесінде алынатын өнімдерге негізделген өндіріс.
Пәнді оқыту кезінде білім берудің дәстүрлі әдістерімен қатар (дәрістер,
лабораториялық және семинар сабақтар) инновациялық әдістері де
қолданылады: case-study, миға шабуыл әдістері
диалогтық режимдегі семинар
76
сабақтар, дискуссия, компьютерлік тестілеу,
іскерлік ойындар, мәселелік-
модульдік әдістер, іздеу және зерттеу әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: