1.2. Тарау. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда “әлеуметтік құрылым” ұғымы “әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. “Әлеуметтік құрылым” түсінігі “әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады — әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. “Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, “әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.
Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.
Әлеуметтік қауымдастық — бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер денгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі.
Әлеуметтік қауымдастық әлеуметтік байланыс арқылы біріккен адамдар топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың негізгі екі түрін бөлуге болады: әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі бір қарым-қатынастарды жүзеге асыруы. Мұндай қауымдастықтар байланыстың тұрақтылығы мен осы қарым-қатынастар жүзеге асырылатын саланың маңыздылығына байланысты үлкен немесе кіші ынтымақтастық импульсына, конформизм элементтеріне ие болады. Өзара әрекет түріндегі (мысалы, жіктелген, реттелген әрекеттер жүйесімен алмасу сияқты) бірігу, ынтымақтастық, бірлесе еңбек етудің келісілгендігі сияқты байланыстар негізінде жатқан қауымдастықты әлеуметтік топ деп атауға болады.
Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері адамның іс-әрекеті жүйесінде жасырулы. Адамдар тіршілік ету үшін белгілі бір қоғамдық, ең алдымен өндірістік қатынастарға түседі, топтарға бөлінеді, кооперацияланады, функцияларын бөледі. Топтардың қалыптасу процесі үшін әлеуметтік айырмашылықтардың терең көзі ретіндегі еңбектің қоғамдық бөлінуі маңызды болып табылады. әлеуметтік құрылым – бұл адамдардың беделіндегі, өмір сүру жағдайындағы және өмір сүру тәсілдері ретінде бейнеленген жүйе.
Әлеуметтік құрылымның дамығандығының көрсеткіші болып оның әртүрлілігінің дәрежесі, яғни байланыс тәсілдерінің әртүрлілігі табылады.
Сонымен, қандай да болмасын құрылым немен сипатталады? Осыған байланысты түрлі көзқарастар бар, бірақ ең алдымен, өндірістік қатынастар үстемдік ететін қатал детерминацияланған әлеуметтік құрылым туралы айтуға болады. Бірақ әлеуметтік құрылымдар өндірістік күштермен де сипатталатындығын айтуға болады, техникалық прогресс өнімі болып табылады. Қазіргі социологиялық теория әлеуметтік құрылымның адамдардың мамандығына, жасына, біліміне байланысты ие болатын әртүрлі әлеуметтік позицияларына тәуелділігін анықтайды. Сондықтан, белгілі бір қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтайтын факторлар өте көп, социолог олардың барлығын әлеуметтік процесс диагностикасы кезінде ескеруі керек.
Ⅱ. БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |