Энтони Гидденс “стратификация әр түрлі топтардың, адамдардың арасындағы құрылымдалған теңсіздік ретінде анықталуы мүмкін” деп есептейді. Американ социологиялық сөздігінде мынадай анықтама берілген: “Адамдар теңсіздіктің қандай да бір өлшемімен иерархиялық ұйымдастырылған қатарға тізілгенде әлеуметтік жіктелу әлеуметтік стратификацияға айналады” . Болгар социологі Чавдар Кюранов “Әлеуметтік стратификация тұтас қоғамдық құрылымдағы көлденең топтар жүйесін білдіреді” деп санайды. Нейл Смелзер “стратификация теңсіздіктің бір ұрпақтан бір ұрпаққа берілуіне көмектесетін тәсілдермен байланысты; бұл ретте қоғамның әр түрлі топтары пайда болады” деген ұйғарым жасайды.
“Әлеуметтік стратификация” ұғымының теориялық-әдістемелік негізін жасауға елеулі үлес қосқан М.Вебердің, К.Маркстің, П.Сорокиннің, У.Л. Уорнердің, Д.Дж. Трейманның, Б.Барбердің еңбектері, Т.Парсонстің функционалдық мектебіне жататын социолог ғалымдардың жұмыстары болып табылады. Әлеуметтік теңсіздік проблемасын қақтығыстар теориясының өкілдері де назардан тыс қалдырмаған. П.Сорокиннің стратификациялық теориясы жалпы қоғамды әр түрлі әлеуметтік топтарға бөлу принциптерін сипаттайтын неғұрлым салмақты тұжырымдамалардың бірі болып табылады.
Әлеуметтік теңсіздік жөніндегі көптеген идеялар маркстік стратификация мен таптар теориясынан алынған, онда таптық құрылымның, таптар арасындағы қатынастың, тарихтың қозғаушы күші ретіндегі таптық күрестің жан-жақты тұжырымдамасы баяндалған.
Барлық әлеуметтік құбылыстардың дамуындағы экономиканың негіз қалаушы рөлі туралы өзінің негізгі тезисін ұстана отырып,
Достарыңызбен бөлісу: |