Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


Радиациялық қауіпсіздік негізгі ұғымдары



бет11/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Радиациялық қауіпсіздік негізгі ұғымдары:
- радиациялық қауіпсіздік.
- радиациялық авария.
- радиациялық қорғаныш.
- радиациялық мониторинг.
Радиациялық қауiпсiздiк дегеніміз белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi шектелетiн, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ерекшеліктері мен сипаттамаларының жай-күйі болып табылады. Радиациялық қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады,сонымен қатар радиациялық қорғау жөнiндегi ұлттық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi.
Радиациялық авария дегеніміз атом энергиясын қолдану объектiсiн қауiпсiз пайдалану шегiнiң бұзылып, бұл орайда адамдардың немесе қоршаған ортаның белгiленген нормалардан жоғары радиоактивтi ластануына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан радиоактивтi өнiмдердiң және (немесе) иондаушы сәулелендiрудiң қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуi болып табылады.
Радиациялық қорғаныш дегеніміз радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық-гигиеналық, жобалау-конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы болып табылады.
Радиациялық мониторинг дегеніміз иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдаланатын объектiлерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйiн жүйелi түрде байқап отыру болып табылады.
Табиғи радиациялық ол ғарыш сәулесi және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа элементтерiнде, тамақ өнiмдерi мен адам организмiнде өздiгiнен бөлiнген табиғи радионуклидтердiң сәулесi шығаратын сәулелендiру мөлшерi болып табылады. Техногендiк өзгертiлген радиациялық орта дегеніміз адам қызметiнiң нәтижесiнде өзгерген табиғи радиациялық орта болып табылады.
Техногендiк радиациялық фон дегеніміз сол жердiң табиғи радиациялық фонын сипаттайтын осындай көрсеткiштердiң деңгейлерiн шегерiп тастағандағы радиациялық жағдайды сипаттайтын көрсеткiштер деңгейi болып табылады,ал атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекет уәкiлдiк берген Қазақстан Республикасының атқарушы органы болып табылады, бiрыңғай мем-лекеттiк саясат жүргiзедi, басқа уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың жұмысын үйлестiредi, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану жөнiндегi қызмет түрлерiне лицензия берудi жүзеге асырады және радиациялық қауiпсiздiкке, ядролық материалдар мен иондаушы сәулелендiру көздерiн физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен ережелердi әзiрлейдi және келiсiп отырады [5, 54 б.].
Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретін мыналар жатады:
- радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
- радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен ережелердi әзiрлеу, олардың сақталуын бақылау;
-радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бағдарла-маларды әзiрлеу және iске асыру;
- иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу саласындағы лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн белгiлеу;
- радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, соның iшiнде халықтың сәуле алу дозаларын бақылау мен есепке алу саласындағы мемлекеттiк басқарудың бiрыңғай жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
- ядролық материалдардың және басқа да иондаушы сәулелендiру көздерiнiң экспортын, импортын, орын ауыстыруын, транзитін және орналастырылуын жүзеге асыруды бақылау;
- радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелердi орындауды жүзеге асыру;
- радиациялық қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу;



Объектіде және оның айналасындағы радиациялық қауіпсіздік
қамтамасыз етіледі:





    • радиациялық объектінің жоба сапасы;

  • ауданы және алаңы радиациялық объектіні орналастыру үшін негізді таңдау;

  • сәуле шығару көздерін физикалық қорғау;

  • айналасында неғұрлым қауіпті объектілерді және олардың ішіндегі аумақты аймақтарға бөлу;

  • технологиялық жүйелерді пайдалану шарттары;

  • сәулелену көздерімен санитарлық-эпидемиологиялық бағалау мен лицензиялау туралы;

  • бұйымдар мен технологияларды санитарлық-эпидемиологиялық бағалау;

  • радиациялық бақылау жүйесінің болуы;

  • персоналдың және халықтың радиациялық қауіпсіздігі кезінде жоспарлау объектінің қалыпты жұмысы, оның қайта жаңартылуы және пайдаланудан шығару бойынша іс-шараларды өткізу және қамтамасыз ету;

  • персоналдың және халықтың радиациялық-гигиеналық сауаттылығын арттыру.




Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі:



  • Қазақстан Республикасы қолданыстағы нормалар мен ережелердің талаптарына сай адамдардың өмір сүру жағдайларына жауап беретін;

  • әр түрлі сәуле шығару көздерін белгілеу мен сәулеленуіне квоталар;

  • радиациялық бақылау ұйымдастыру;

  • радиациялық қорғау қалыпты жағдайларда және радиациялық апат жағдайында тиімділікті жоспарлау және өткізу бойынша іс-шаралар;

  • радиациялық жағдай туралы ақпарат жүйесін ұйымдастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет