Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы



бет12/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
3. Химиялық қауіпсіздік
Химиялық өндіріс халық шаруашылығында кеңінен пайдаланады,бірақ кейбір кездерде кішігірім апаттар орын алуда. Ол апаттар әсерінен химиялық зиянды заттар атмосфераға тасталынып қоршаған ортаны ластауда.
Химиялық өндірістің қауіпсіздігі шикізаттың және өнімнің физика химиялық қасиетіне, қондырғылардың сенімділігіне, технологиялық процестің сипатына, химиялық зиянды заттардың сақталу және тасымалдау шарттарына, бақылау құралдардың деңгейі мен жағдайына, мамандардың кәсіби біліктігі мен дайындығына және апатқа қарсы құралдардың тиімділігіне байланысты.
Химиялық қауіпті заттардың тасталуы химиялық ластануға әкеліп соғады, олар адам организміне тыныс алу жүйесі және тері арқылы енеді және адам ағзасына жара беттеріненде кіреді.
Химиялық қауіпті заттар адамға әсер жағынан 4 қауіпті сыныпқа бөлінеді:
1.Өте қауіпті.
2.Жоғары қауіпті.
3.Орта қауіпті.
4.Қауіптілігі аз.
Химиялық саладағы апаттар 2 санатқа бөлінеді:
-жарылыс салдарынан болған апаттан технологиялық тізбектің және инженерлік қондырғының бұзылуы;
-апат салдарынан қосымша технологиялық және негізгі қондырғылардың зақымдануы.
Химиялық апаттардың топталуы:
1.Жеке.
2.Обьектілі.
3.Жергілікті.
4.Аймақты.
5.Ауқымды.
Жеке - зақымдағы улы заттарды атмосфералық ауаға тастамаған апат.
Обьектілі-зияндығы жоғары улы заттардың санитарлық қорғау зонасының радиусынан аспайтын апат.
Жергілікті-зияндылығы жоғары улы заттардың қоймасының қирауынан туындаған апат.
Регианалды-зияндылығы жоғары улы заттардың үлкен көлемді тасталуына алып келген апат.
Ауқымды - үлкен химиялық қауіпті өндірістік барлық зияндылығы жоғары улы заттардың барлық қоймаларының толық қирауының салдарынан болатын апат.
Химялык кару дегеніміз — жалпылай улау заттарын колданатын әскери кару. Химиялык улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т. с. с. қарулар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су коймаларын, сол ошак төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты закымдайды [1, 66 б.].
Улау заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:
1. Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау зат­тарын 6 топқа бөледі:1. нервтік-салдык әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улау әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), психикаға әсері (В2), тітіркендіру әсері (С8 — адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен және т. б.)

1-сурет.Төңіректің радиактивті заттектермен зақымдалуы





2. Улау заттарының сақталу касиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышкылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзак сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды.
3. Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге әкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синильдік қышқыл және баскалары) және адамдарды уақытша есінен айырады.
4. Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жай эсер ететіндер ( әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бас- тауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген.
5. Қолданылуы ыктимал улау заттары (V) және фосфор органикалык заттар.
Химиялық объектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан-жануарларды, өсімдік әлемін жаппай жоятын улы заттар шығуымен сипатталады [1, 67 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет