Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы



бет35/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Қауіпсіз жерлер:
Үйде (ғимараттың ішінде) болған кезде:
1) Босаға есік жақтауы
2) Ішкі бұрыш
3) Мықты қабырға
4) Бел ағаш
5) Ванна, тоңазытқыш
6) Парта,стол,кереует
Далада:
1) Ашық алаң
2) Биік ғимараттардан аулақ болу
3) Биік ағаштардан аулақ болу
Қауіпті жерлер:
1) Терезе жақтағы бұрыш
2) Биік ғимараттар
3) Биік ағаштар
4) Баспалдақ
5) Лифт
6) Жиһаздар
7) Шам жағу қауіпті
8) Соңғы қатардағы шеткі бөлмелер
Даладағы қауіпті жерлер:
1) Биік ғимараттар
2) Биік ағаштар
3) Электр жүйелері
4) Жер асты өткелі
Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз.
- лифтті пайдаланбаңыз.
- есіктен далаға шыққан уақытта жанталасып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар.
- үйлерден электр бағаналардан аулақ тұрыңыз, электр сымына жақындамаңыз.
- жер сілкініс кезінде үйге кірмеңіз [10, 15 б.].
2. Сутасқыны кезіндегі тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралары
Су тасқыны нөсерлі жаңбырдың, қар мен мұздардың күннің ысып кетуіне байланысты шұғыл еруінің әсерінен болады. Су тасқын таулы аймақтарында да көп болып тұрады. Таудан құлаған лайлы-тасты тасқынның жылдамдығы 5-10 м\с дейін жетіп, екпіндеп аққан сел тасқыны салмағы бірнеше тонналық тастарды домалатып әкетеді.
Таудын су тасқыны Таудан аққан көп су аз уақыт ішінде күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге дейін жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды. Су тасқының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының бостығын, тас жиынтығының көптігінің жатқызуға болады.
Республика бойынша 300-ден аса осындай қауіпі бар тау бассейіндері бар әсіресе қауіпті жерлерге Іле, Жоңғар, Талас, Алатау, Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары жатады. Бұл тауларда осындай тасқындар жыл сайын болып тұрады [1, 52 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет