Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


Өрт кезіндегі тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралары



бет38/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50
3.Өрт кезіндегі тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралары
Өрт дегеніміз адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндіретін, зиян келтiретiн, жеке және заңды тұлғаларға, қоғам мен мемлекет мүдделерiне материалдық нұқсан келтiретiн бақылаусыз жануболып табылады.
Өрт қауiпсiздiгi ол адамдардың, мүлiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өpттердeн қорғалу жай-күйін айтады.
Тұрғын үй секторында өрттер жиі болады. Өрттерде адамдар жиі қаза болады.
Өрт көрсеңіз, әрине, бірден өрт сөндірушілерді шақырыңыз, 112 қызметінің телефонистінің сұрақтарына айқын жауап беріңіз. Қай жерде жанып жатқанын, өзіңіздің телефоныңыздың нөмірін, аты-жөніңізді және қабатты айқын айтыңыз. (мысалы, неше подъезд, қалай жетуге болады).
Түтіннің исін сезсеңіз, сым немесе электр құралы жанып жатпағандығын тексеріңіз.
Түтін подъезден келсе, дереу шаралар қолданыңыз және не болып жатқанын анықтауға тырысыңыз, бірақ абайлап қимылдау керек: пәтерден шыққан соң есікті жабыңыз, әйтпесе пәтеріңіз подъездің түтіні шығатын үлкен түтіндік болады және оның ішінде жөндеу жұмыстарын жасамай тұруға болмайды, ал егер түтін демалуыңызға қауіпті болса, төменге түспеңіз – 112 телефонына қоңырау соғыңыз. Төтенше жағдайлар туралы хабарды қабылдау үшін көпарналы тәулік бойы жұмыс істейтін 112 телефоны бар.Құтқару қызметінің міндеті төтенше жағдайлар туралы ақпаратты қабылдау, оны өңдеу және қаланың тиісті шұғыл, авариялық және коммуналды қызметтеріне беру, сонымен қатар түрлі қызметтердің төтенше жағдайларға дер кезінде және шұғыл ден қоюды бақылау болып табылады.
Осындай жағдайда адамның үйден жүгіріп шығу әрекеті зардапқа әкеліп соқтырады.
Есікті жабыңыз, тесіктерді, желдету тесіктерді сулы шүберекпен жабыңыз да, өрт сөндірушілерді күтіңіз,үйден шығуға тырыспаңыз (тек егер сіз бірінші қабатта тұрмасаңыз), тіпті лифтпен түспеңіз, екі-үш баспалдақ аралығынан өтіп, жану өнімдерімен улануға болады, ал лифтті өрт кезінде кез келген уақытта сөндіріп тастауы мүмкін.
Егер басқалар өрт сөндіру күзетін шақырған болса да, өзіңіз де телефон соғып, қай пәтерде отырғаныңызда хабарлаңыз, бұл ақпарат рация арқылы өрт орнына беріледі және қажетті жағдайда өрт сөндірушілер сізге көмегін тезірек көрсетеді: әр пәтердің (қонақ үй бөлмелерінің) есігін бұзып ашқаннан гөрі нақты адреспен жүрген тезірек болады.
Әрине, өрт біткенше пәтеріңізде отыруыңызға болады, тек егер сіз ағаш қалқалары, балқандары, желдеткіш қораптары жоқ қазіргі заманғы үйде тұрсаңыз.
Әрине, әр есті адам ескертусіз авариялық шығулар қай жерде орналасқанын алдын ала байқайды, бірақ қайғылы оқиғалар адамдардың көбісі экстремальды жағдайларда кірген жолымен құтқарылуға тырысатынын куәландырады.
Оттан кейде өту қажет болады, бірақ ол үшін от фронтының терендігін және одан арғы жолды білу керек.
Мүмкіндігінше теріңізге от тигізбеуге тырысыңыз – бас киім, пальто киіп, көрпе жамылып, осының бәрін сулаңыз, дем алмауға дайын болыңыз,ойша барлық жолды өтіп шығыңыз, содан төрт аяқтап немесе еңбектеп шығатын жолға қарай жүріңіз.
Отты жерден жүгіріп өтуге болады (жүгіру кезінде дем алмаңыз).
Есінен танып қалған адамды шығарсаңыз, оның үстін сулы шүберекпен немесе көрпемен жабыңыз.
Адамның үстіндегі киім жанған жағдайда, оның жүгіруіне жол бермеңіз (от тез жанады), үстіне тығыз шүберекті жабыңыз, аса қажетті болса жығып құлатыңыз. Өрт сөндіргішті қолданбауға тырысыңыз, өйткені адамның терісі зақымданады.
Қолданған шараларға қарамастан, пәтерге немесе қонақ үйдің бөлмесіне түтін және ыстық кірсе, балконға шығып, құтқарушыларға белгі беру қажет, сонымен бірге сіз алдын ала батареяға қол астындағы заттарды (мысалы,ақ жайманы немесе теледидар антеннасының сымын) байлап, ернеуге шыға аласыз,байланған ай жаймалармен немесе арқанмен түсу қауіпті, бірақ кішкентай биіктіктен болады.
Өрттен қорғанудың ең басты тәсілі - оның себебі өзіңіз болмау. Қарапайым ұқыптылық пен тұрғындардың тұрмыстық мәдениеті жүздеген өрт сөндіру командаларына қарағанда әр қаланы өрттерден көбірек сақтайды.
Өрт сөндірушілердің дәстүрлі кепілдемелері:-ешқашан төсекте жатып шылым шекпеңіз;
- балаларды отты қолдануға үйретіңіз; егер сіз оларға әбден сенбесеңіз, олардың қолына сіріңкенің түсуіне жол бермеңіз;
- қосылған электрқұралдарын қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе үтіктерді, жылытқыштарды, теледидарларды;
- қолдан жасалған электр құралдарын қолданбауға тырысыңыз;
- бір розеткаға үлкен қуатты бірнеше тұрмыстық құралдарды қоспаңыз;
- электр сымдарының жағдайын байқап жүріңіз, өзіңіздің қауіпсіздігіңізге үнемдемеңіз;
- газ плитаның үстіне лактарды және бояуларды қыздырмаңыз, плитаның үстінде киімдерді кептірмеңіз;
- шатырларға, жертөлелерге, балкондарға, эвакуация жолдарына бөтен заттар қойып, шашпаңыз, балкондарда жанатын заттарды сақтамаңыз – бір пәтерден бірнеше қабаттарға барған тік өрттер болу оқиғалары белгілі;
- тек өзіңіздің пәтеріңіздің қауіпсіздігіне ғана емес, үйдің, ауланың қауіпсіздігіне көңіл аударыңыз: шатырлар және жертөлелер кездейсоқ адамдардан жабық болу керек; тұрғын үйдегі кез келген шаруашылық жұмыстар (жертөледегі шеберханалар, дәнекерлеу жұмыстары) қауіпті – бұзушылық жағдайында өзіңіздің өрт қадағалау инспекторынан көмек сұраңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет