Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм



бет2/5
Дата18.02.2017
өлшемі1,56 Mb.
#10386
түріДиплом
1   2   3   4   5

Өрт қауіптілігін сараптау


1.1 Жалпы талаптар.
      1. Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі азаматтардың өмірі мен денсаулығын, жеке, заңды тұлғалардың мүлкін, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік мүлікті қорғау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан, жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың оларды қолдануы және орындауы үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын анықтайды.

      2. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына жүктеледі. Ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары атқаратын лауазымы бойынша немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық және басқа да актілер күшінде орындалатын жұмыстың сипатына қарай тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерін орындайтын және белгілі жұмыс учаскелерінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындайды.

      3. Ұйымның барлық жұмысшылары тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі, ал жұмыс сипаты өзгерген жағдайда ұйым басшылары бекіткен тәртіппен ықтимал өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді.

      4. Ұйым жұмысшыларын объектілердегі өрттердің алдын алу және олармен күресу бойынша жұмысқа жұмылдыру үшін өрт-техникалық комиссиясы мен ерікті өртке қарсы құрамалары құрылады.

      5. Мүлік иелері, мүлікке иелік етуге, пайдалануға және билік етуге уәкілетті тұлғалар, оның ішінде ұйымның басшылары мен лауазымды тұлғалары, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған жауапты лауазымды тұлғалар:

      1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, сондай-ақ өртке қарсы қызметі органдарының ұйғарымдамалары мен басқа да заң талаптарын орындауы;

      2) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруы;

      3) өртке қарсы үгіт-насихат жүргізуге, сондай-ақ өз жұмысшыларына өрт қауіпсіздігі шараларын оқып-үйретуі;

      4) белгіленген нормаға сәйкес өртке қарсы қызметі бөлімшелерін құруы және ұстауы;

      5) өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйде ұстауы, оларды мақсатсыз пайдалануға жол бермеуі;

      6) өрт сөндіру, олардың пайда болу себептері мен шарттарын және дамуын анықтау кезінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына және өрттердің пайда болуына кінәлі тұлғаны анықтауда өртке қарсы қызметіне көмек көрсетуі;

      7) өрттерді анықтаудың және сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруы;

      8) өртке қарсы қызметінің өкілдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдардың аумағында өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде рұқсат беруі;

      9) өртке қарсы қызметі органдарына өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, оның ішінде өндірілетін өнімдердің өрт қауіптілігі туралы, сондай-ақ аумақтарда болған өрттер мен олардың салдарлары туралы мәліметтер мен құжаттарды тапсыруы;

      10) болған өрттер, өртке қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдарының жарамсыздығы туралы, жолдар мен кірме жолдар жай-күйінің өзгерістері туралы өртке қарсы қызметіне дереу хабарлауы тиіс.

      Заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды дайындаушылар (жеткізушілер) тиісті техникалық құжаттарда осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өрт қауіпсіздігінің көрсеткіштерін, сондай-ақ оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын көрсетеді.

      Барлық өндірістік, әкімшілік, қойма мен қосалқы үй-жайларда телефондардың жанында өртке қарсы қызметті шақыратын телефон номері көрсетілген кесте ілінеді.

      Әрбір ұйымда бұйрықпен (нұсқаумен) олардың өрт қауіптілігінің тиісті өртке қарсы тәртібі орнатылады, оның ішінде:

      1) ашық отты пайдалану тәртібі мен қауіпсіздік шаралары анықталады;

      2) темекі шегуге арналған орындар анықталады және жабдықталады;

      3) өрт сөндіру автокөліктерінің объектіге өту тәртібі анықталады;

      4) үй-жайларда бір мезгілде сақталатын шикізат пен толық және жартылай дайын өнімдердің орны мен саны анықталады;

      5) жанармай қалдықтары мен тозаңдарды тазалау, майлы арнайы киімдердің сақталу тәртібі белгіленеді;

      6) өрт болған жағдайда және жұмыс күнінің соңында электр жабдықтарын ток көзінен ажырату тәртібі анықталады;

      7) уақытша отты және басқа да өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізудің тәртібі белгіленеді;

      8) жұмыс аяқталғаннан кейін бөлмелерді тексеру және жабу тәртібі белгіленеді;

      9) өрт кездегі жұмысшылардың іс-қимылдары белгіленеді;

      10) мамандықтар (лауазымдар) тізбесі, өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимумы бойынша сабақтар өткізудің мерзімі мен тәртібі анықталады, сондай-ақ оны өткізуге жауаптылар тағайындалады.

      Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқауларға қойылатын талаптарға сәйкес әр объектіде әрбір өрт жарылыс қаупі және өрт қаупі бар учаскелерге (шеберханаларға, цехтарға) арналған өрт қауіпсіздігі талаптарына сай нұсқаулар әзірленеді.

      Бір мезгілде оннан астам адам болатын ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) өрт болған жағдайда адамдарды көшіру жоспарлары (кестелері) әзірленіп, көрнекті жерге ілінеді, сондай-ақ адамдарды өрт туралы құлақтандыру жүйесі (қондырғысы) қарастырылады.

      11. Қозғалысы нашар санатқа жататын адамдар (қозғалыс аппараттары зақымданған мүгедектер, көздері нашар көретін және есту қабілеттері нашар, сондай-ақ егде жастағы және уақытша еңбекке жарамсыз тұлғалар) тәулік бойы болатын ғимараттар мен құрылыстарды өрт туралы адамдарды құлақтандыру жүйесіне қосылған, дабылды қайталайтын жарықтандырылған, дыбысты және көрнекті дабыл қаққыштармен дер кезінде жеткілікті және сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету қажет.

      Жарықтандырылған, дыбысты және көрнекті хабарландырушы дабыл қаққыштар аталған санаттағы тұлғалар болатын үй-жайларға, сондай-ақ әрбір көшіру, авариялық шығу және көшіру жолдарында орнатылуы тиіс.

      Жарық беруші белгілер түріндегі жарық дабылдары дыбысты дабылдармен бір мезгілде қосылады. Жарық дабылының жыпылықтау жиілігі 5 Гц аспауға тиіс. Көрнекті ақпараттар қарама-қарсы түстегі жерлерге көру қашықтығына сәйкес келетін белгілер өлшемімен орнатылады.

      Ұйым жұмысшылары, сондай-ақ азаматтар:

      1) өрт болған жағдайда өртке қарсы қызметі бөлімшесіне хабарлауы және адамдарды, мүліктерді құтқаруға қажетті шараларды қолдануы және өртті жоюы;

      2) газ құралдарын, тұрмыстық химия заттарын пайдалану, тез тұтанғыш (бұдан әрі - ТТС) және жанғыш сұйықтықтармен (бұдан әрі - ЖС), басқа да өртке қатысты қауіпті заттармен, материалдармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезінде сақтану шараларын орындауы тиіс.

      Ұйым басшылары қауіпті (жарылыс қаупі бар) тез әсер ететін улы заттар қолданылатын, өңделетін және сақталатын аумақтар мен осы кәсіпорындарда өрт сөндіруге жұмылдырылатын жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алғашқы кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті мәліметтерді өртке қарсы қызметі бөлімшелеріне хабарлайды.

1.2 Өндірістік ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары

Белгiленген тәртiппен әзiрленген және бекiтiлген жобалық-сметалық құжаттамасыз өндірістік ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстардың функционалдық тағайындалымын өзгертуге, күрделi жөндеу жүргiзуге, техникалық қайта жабдықтау, қайта жаңарту және қайта жоспарлауға тыйым салынады.  


  Өндірістік ғимараттарды, имараттар мен құрылыстарды қайта жоспарлаған, олардың функционалдық тағайындалымын өзгерткен кезде немесе жаңа технологиялық жабдық орнатқанда, осы өндірістік ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың жаңа тағайындалымына сәйкес нормативтiк құжаттар қолданылады. 
Барлық өндiрiстiк және қоймалық үй-жайлар үшiн, жарылыс өртi және өрт қауiптiлiгi санаттары, сондай-ақ аймақтар кластары үй-жайлар есiктерiнде тиiстi белгiлермен белгiленетiн "Қазақстан Республикасының электрлiк қондырғыларын орнату ережесi" талаптарына сәйкес анықталуға тиiс. 
      Жоғары өрт қауiптiлiгi болатын жабдықтың жанында қауiпсiздiк белгiлерi орнатылуы керек.  
      Өндiрiс процестерiнде жарылыс өрт қауiптi көрсеткiштерi зерттелмеген материалдар мен заттарды қолдануға, сондай-ақ оларды басқа материалдармен және заттармен бiрге сақтауға рұқсат етiлмейдi.  Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың талаптарына сәйкес келетiн мөлшерде дұрысталған бастапқы өрт сөндiру құралдарымен, өртке қарсы қызметтi шақыру үшiн байланыс құралдарымен қамтамасыз етiлген және "Өндірістік ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндiру және өрт сигналын беретiн, өрт кезiнде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар" атты  Техникалық регламент   талаптарына сәйкес, автоматты өрт сигналын беретiн жүйелермен автоматты өрт сөндiру және адамдарды өрт туралы құлақтандыру қондырғыларымен қамтамасыз етiлген болуға тиiс.  
      Бастапқы өрт сөндiру құралдарын, байланыс құралдарын, сондай-ақ өрт сөндiру автоматикасы жүйелерiн орналастыру орындары тиiстi өрт қауiпсiздiгi белгiлерiмен белгiленген болуы керек.  
Өндірістік ғимараттар мен құрылымдардың өртке қарсы қорғау жүйелерi мен құралдары (өрт сөндiру және өрт белгiсiн беру қондырғылары, өрт кезiнде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару, түтiнге қарсы қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерi, өртке қарсы есiктер, клапандар мен люктер, басқа өртке қарсы кедергiлерде ойықтарды толтырғыштар, бастапқы өрт сөндiру құралдары) үнемi дұрысталған жұмыс күйiнде болуы керек.  
      Өртке қарсы қорғау жүйелерi мен құралдарын жөндеу кезеңiнде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды iске асырусыз, ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды пайдалануға тыйым салынады. 
      Өндірістік ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес, найзағайдан қорғайтын құрылғылармен жабдықтау керек. 
      Есiктердiң өздiгiнен жабылуына арналған құрылғы дұрыс күйiнде күтiп ұсталуға тиiс.  
      Өртке қарсы немесе түтiнге қарсы есiктердiң (құрылғылардың) еркiн жабылуына кедергi жасайтын қандай да бiр айлабұйымды орнатуға тыйым салынады. 
      Өрттiң туындауына әкелiп соқтыратын бұзылулары болатын 
жабдықта, қондырғы мен станокта, сондай-ақ сөндiрiлген бақылау-өлшеу аспаптарында және белгiленген температура режимдерiн, қысымды және қауiпсiздiк шарттарымен реттелген басқа параметрлердi бақылауды қамтамасыз ететiн технологиялық автоматикада жұмыстар жүргiзуге рұқсат етiлмейдi.  
      Құрылыс құрастырылымдарының, өңдейтiн және жылу оқшаулайтын жанғыш материалдардың, жабдықтың металл тiреулерiнiң оттан қорғайтын жабындарының (сылақ, арнайы бояулар, лактар, оттан қорғайтын қасиеттерiнiң кемуiн және төмендеуiн қоса алғанда, сылама) бұзылуына тыйым салынады.  
      Нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес өңделген (сiңдiрiлген) газ өткізу құбырлары мен металды өңдеудiң қолданылу мерзiмi аяқталғанда немесе құрамдарының оттан қорғау қасиеттерi кемiген жағдайда, қайта өңделуге (сiңдiрiлуге) тиiс. 
      Оттан қорғап өңдеу (сiңдiру) жағдайы техникалық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде немесе жылына бiр реттен кем болмай тексерiлуге тиiс. 
      Өртке қарсы қабырғалардың, аражабындылар мен қоршау құрастыры- лымдарының түрлi инженерлiк және технологиялық коммуникациялар мен қиысатын жерлерiнде пайда болатын тесiктер мен саңылаулар құрылыс ерiтiндiсiмен немесе отқа төзiмдiлiгiнiң қажеттi шегiн және түтiн-газ өткiзбеушiлiгiн қамтамасыз ететiн басқа жанбайтын материалдармен бiтелуге тиiс.  
      Жарылыс болуы мүмкін өндірістік өрт қауiптi объектiлер, республикалық мәндегi мекемелер мен кәсiпорындарда өртке қарсы қорғау қызметiнiң жақын бөлiмшесiмен немесе елдi мекендердiң өрт сөндiру байланысының орталық пунктiмен тiкелей байланыс жүйесiмен қамтамасыз етiлген болуы керек.  
      Ұйымның өндірістік ғимараттарында, құрылымдары мен құрылыстарында (жеке тұрғын үйлердi қоспағанда) тыйым салынады:  
      1) жертөлелер мен цокольдық қабаттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды, газ толтырылған баллондарды, аэрозолдық буып-түюдегi тауарларды, целлулоидты және басқа жарылыс-өрт қауiптi заттар мен материалдарды сақтауға және қолдануға;  
     2) Техникалық қабаттарды, желдету камераларын және басқа техникалық үй-жайларды өндiрiстiк учаскелердi, шеберханаларды ұйымдастыру үшiн, сондай-ақ өнiмдi, жабдықты, жиһазды және басқа заттарды сақтау үшiн пайдалануға;
      3) тамбурлардан және басқыш шабақтарынан, техникалық бөлмелерден эвакуациялық шығулардың жобада қарастырылған есiктерiн, эвакуациялау жолында қауiптi өрт факторларының таралуына кедергi келтiретiн басқа есiктердi алып тастауға;  
      4) нәтижесiнде адамдарды қауiпсiз эвакуациялау жағдайы нашарлайтын, өрт сөндiргiштерге, өрт сөндiру крандарына және басқа өрт қауiпсiздiгi құралдарына қол жеткiзу шектелетiн немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерiнiң (автоматты өрт сигналын беру, стационарлық автоматты өрт сөндiру қондырғылары, түтiндi кетiру жүйелерi, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерi) әрекет ету аймағы азаятын көлемдiк-жоспарлау шешiмдерiн өзгертудi жүргiзуге;  
     5) балкондар мен лоджияларда есiктердi, люктердi, аралас секцияларға өтетiн жерлердi және сыртқы эвакуациялау сатыларына шығуларды жиһазбен, жабдықпен немесе басқа заттармен үйiп тастауға; 
      6) Техникалық қабаттарды жинауды және бензин, жермай және басқа тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды қолданып жууды жүргiзуге, сондай-ақ қатып қалған құбырларды дәнекерлеу шамымен және ашық от қолданылатын басқа тәсiлдермен жылытуды жүргiзуге;  
      7) май болған сүрту материалын жинамай қалдыруға; 
      8) жертөлелер терезелерi мен шұңқыршаларына саңылаусыз торлар 
орнатуға (мекеменiң қоймалық үй-жайларын, кассаларын, құпия бөлiмдерiн қоспағанда);  
      9) өрт жағдайында қауiпсiздiк аймақтарына жататын техникалық үй-жайлардың жанеде сақтау қоймалары мен тамбурларды шынылауға;  
      10) басқыш шабақтары мен дәлiздерде қамбалар (қосалқы үй-жайлар) орнатуға, сондай-ақ басқыш жайылмаларының астында және басқыш алаңдарында заттарды, жиһаз және басқа жанғыш материалдарды сақтауға. Бiрiншi және цокольдық қабаттардағы басқыш жайылмаларында орталық жылытуды басқару тораптарына, су өлшеу және жанбайтын материалдардан жасалған бөлгiштермен қоршалған электрқалқанды тораптарға арналған үй-жайды ғана орналастыруға рұқсат етiледi;
      11) ғимараттардың өндiрiстiк және қоймалық үй-жайларында (отқа төзiмдiлiгi V деңгейлi ғимараттардан басқа) антресолдар мен бөлгiштер, қызмет көрсететiн қосымша бөлмелердi, қамбалар, конторкаларды және басқа жанғыш материалдардан салынған құрамдас үй-жайларды орналастыруға. 
      Өндірістік ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың шатырындағы сыртқы өрт сөндiру сатылары мен қоршаулары дұрыс күйiнде күтiп ұсталуға және бес жылда бер реттен кем болмай пайдалану сынауларына түсуге тиiс. 
      Бiр жерде эвакуациялық шығуы болатын үй-жайларда 50 және одан артық адамдардың бiр мезгiлде болуына тыйым салынады.  
      Отқа төзiмдiлiк дәржесі IV және V деңгейлі ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда 50 және одан артық адамның бiр мезгiлде болуына бiрiншi қабаттағы үй-жайда ғана рұқсат етiледi. 
      Жобалау нормаларында есептеуге арналған деректер болмаған кезде, адамдарды залдардан 2 минуттан артық болмайтын уақытта эвакуациялау, ал есептiк ауданы бiр келушiге есептегенде 0,75 м 2  кем болмай қабылдауға тиiс. 
      Өндірістік ғимарат төбелеринде сондай-ақ технология шарттары 
бойынша адамдардың тұрақты болуы талап етiлмейтiн техникалық қабаттар 
мен жертөлелер есiктерi құлыппен жабылуы керек. Аталған үй-жайлардың 
есiктерiнде кiлттердiң сақталатын орны туралы ақпарат iлiнедi.  
       Өндірістік ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың жертөлелiк және цокольдық қабаттарының терезе ойықтарының шұңқыршаларын қоқыстан және басқа заттардан уақытылы тазарту керек. Аталған шұңқыршаларды қорғайтын металл торлар ашылатын болып орындалуы, ал терезелердегi тиектер iшiнен кiлтсiз ашылуы керек.
       Пайдаланылған сүрту материалдары қақпақпен жабылатын, 
жанбайтын материалдан жасалған жүксауытқа жиналуы керек. Пайдаланылған сүрту материалдарын жинау кезеңдiлiгi олардың жұмыс орындарында жинақталып қалуын болдырмауға тиiс. Жұмыс ауысымы аяқталған кезде, аталған жүксауыттар iшiндегiсiн ғимараттың шетiне апарып тастау қажет.  
      Маймен, лактермен, бояулармен және басқа тез тұтанатын  және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс жасайтын тұлғалардың арнайы киiмi осы мақсат үшiн арнайы алыстатылған жерлерде орнатылған металл шкафтарда iлiнген түрiнде сақталуға тиiс. 
      Биiктiгi 4 метрден артық сөрелерi болатын ғимараттарда әрбiр қабат деңгейiндегi сөрелерде орнатылған түтiн өткiзбейтiн жанбайтын диаграммалардың құрастырылымын бұзуға рұқсат етiлмейдi.  
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аумақтық органының келiсiмi бойынша өрттен сақтандыру жөнiндегi шараларды (оның iшiнде от шашуларды өткiзу тәртiбi, өрт сөндiру құралдарын орналастыру, от шашатын пиротехникалық бұйымдар және қауiптi аймақтар сұлбалары, жарамсыз бұйымдарды сақтау және жою тәртiбi, өрттен сақтандыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары) әзiрлеп iске асыруға тиiс. 
      Өрт қауiптiлiгiнiң көрсеткiштерi және пиротехникалық бұйымдарға ұсынылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары, сондай-ақ оларды сынау әдiстерi Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат еткен мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына, белгiленген тәртiппен бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттарға сәйкес болуға тиiс.  
      От шашатын пиротехникалық бұйымдарды көпшiлiк адамдар болатын өндірістік ғимараттар мен құрылымдарда дайындауға тыйым салынады.  
      Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың үй-жайларында тиiстi қауiпсiздiк белгiлерiмен белгiленген, өрт сөндiргiштермен және жанбайтын материалдардан жасалған сауытпен жабдықталған, осы мақсат үшiн арнайы қашықтатылған орындарды есептемегенде, темекi шегуге тыйым салынады.

1.3 Эвакуациялық жолдар мен шығуларды күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары

      Эвакуациялық жолдар мен шығуларды пайдалану кезiнде белгiленген тәртiппен бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi саласындағы жобалық шешiмдердi және нормативтiк құжаттар талаптарын сақтау қамтамасыз етiлуге тиiс (оның iшiнде эвакуациялық жолдар мен шығуларға жарық түсiру, саны, өлшемдерi және көлемдiк-жоспарлау шешiмдерi бойынша, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрт қауiпсiздiгi белгiлерiнiң болуы бойынша). 


      Эвакуация жолдарындағы есiктер еркiн және ғимараттан шығатын бағыт бойынша ашылуға тиiс.  
      Эвакуациялық шығулар есiктерiндегi тиектер ғимарат (құрылым) iшiнде болатын адамдардың тиектердi iшiнен кiлтсiз ашу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс. 
      Көлемдi өздiгiнен жарқырайтын, автономды және электр желiсiнен қоректенетiн, эвакуациялау жолында пайдаланылатын өрт қауiпсiздiгi белгiлерi (оның iшiнде "Эвакуациялық (қосалқы) шығу", "Эвакуациялық шығу есiгi" деген жарық нұсқағыштар) үнемi дұрыс және қосылған күйiнде болуға тиiс.  
      Эвакуациялық жолдар мен шығуларды пайдаланған кезде: 
      1) эвакуациялық жолдар мен шығуларды (оның iшiнде өтетiн жерлер, техникалық бөлмелер, тамбурлар, басқыш алаңдары, басқыш шабақтары, есiктер, эвакуациялық люктер) түрлi материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндiрiстiк қалдықтармен, қоқыспен және басқа заттармен үйiп тастауға, сондай-ақ эвакуациялық шығу есiктерiн шегелеп тастауға;  
      2) эвакуациялау жолдарында табалдырықтар (есiктердiң ойықтарындағы табалдырықтарды есептемегенде), қозғалмалы және көтерiлiп-түсiрiлетiн есiктер мен қақпалар, айналатын есiктер мен турникеттер, сондай-ақ адамдарды еркiн эвакуациялауға кедергi келтiретiн басқа құрылғыларды орнатуға; 
      3) қабырғалары мен төбелерiн өңдеуге, қаптауға және бояуға арналған жанғыш материалдарды, сондай-ақ отқа төзiмдiлiк деңгейi V ғимараттарды есептемегенде, эвакуациялау жолындағы сатылар мен басқыш алаңдарын қолдануға; 
      4) басқыш шабақтарының, техникалық бөлмелерден өздiгiнен жабылатын есiктерiн ашық күйiнде бекiтуге, сондай-ақ оларды алып тастауға;  
  Өндірістік ғимараттарда техникалық бөлмелерге басқа жабдықтарын орналастырған кезде, жобалау нормаларына сәйкес, эвакуациялаудың басқыш шабақтарына және басқа жолдарына эвакуациялық өтетiн жерлер қамтамасыз етiлуi керек. 
      Өндірістік ғимараттарда электр энергиясы сөнiп қалған жағдайда, қызмет көрсететiн қызметкерлер құрамы электрлiк қолшамдармен қамтамасыз етiлуге тиiс.  
      Қолшамдар санын басшы объектiнiң ерекшелiктерiне, кезекшi қызметкерлер құрамының болуына, ғимараттағы адамдар санына байланысты анықтайды, бiрақ кезекшi қызметкерлер құрамының әрбiр кезекшiсiне бiреуден кем болмай.  


1.4 Өндірістік ғимараттардың құрылымдар мен құрылыстардың электрлiк қондырғыларын күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары

Қозғалмалы және тасымалданатын электрлiк қабылдағыштарды пайдаланған кезде, қоршаған ортаға және механикалық әсерге сәйкес келетiн орнықты қабықтағы (оқшаулау) иiлгiш кабельдер мен сымдар қолданылуға тиiс. 


      Кезекшi жарық түсiру, өрт сөндiру және өртке қарсы сумен жабдықтау қондырғылары, өрт сөндiру және күзет-өрт сигналын бергiштер кернеуде қосылып қалуы керек. Басқа электрлiк қондырғылар мен электртехникалық бұйымдарды (оның iшiнде өндірістік ғимараттарда), егер бұл олардың функционалдық қолданысымен шарттасқан және (немесе) пайдалану жөнiндегi нұсқаулық талаптарымен қарастырылған болса, кернеуде қалдыруға рұқсат етiледi.  
      Жанғыш шатырдың, қалқаның, сондай-ақ жанғыш заттар, материалдар мен сақталу қоймаларында электр берiлiсiнiң (оның iшiнде уақытша және кабель төселген) әуе желiлерiн төсеуге және пайдалануға рұқсат етiлмейдi.  
      Электрлiк қондырғыларды пайдаланған кезде тыйым салынады:  
      1) дайындаушы-кәсiпорынның нұсқаулығында баяндалған қауiпсiздiк талаптары бұзылған электр желiлерi мен электр энергиясын қабылдағыштарды, бұзылулары өрттiң туындауына әкелуi мүмкiн электр қабылдағыштарын пайдалануға (ұшқын, қысқа тұйықталу, кабельдер мен сымдардың оқшаулауының рұқсат етiлгеннен жоғары қызуын, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғауды автоматты басқару жүйелерiнiң iстен шығуын тудыратын), сондай-ақ бүлiнген немесе қорғаныш қасиеттерi мен оқшаулауын жоғалтқан электр сымдары мен кабельдерiн пайдалануға; 
      2) бүлiнген және бекiтiлмеген розеткаларды, шаппа қосқыштарды, басқа электрлiк қондырғы бұйымдарын пайдалануға;  
      3) құрастырылымда қарастырылған жылу реттегiштер болмаған немесе бұзылған кезде электр қыздырғыш аспаптарды қолдануға; 
      4) электр шамдары мен шырағдандарды қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен орауға, сондай-ақ шырағданның құрастырылымында қарастырыл ған қалпақтары (шашыратқыштары) және қорғаныш торлары алынып қалған шырағдан дарды пайдалануға; 
      5) электрмен қыздырылатын аспаптарды барлық жарылыс-өрт қауiптi 
және өрт қауiптi өндірістік ғимараттарда қолдануға;  
      6) стандартты емес (қолдан жасалған) электрмен қыздырылатын аспаптарды қолдануға, калибрленбеген балқыма өндiрмелердi және ток күшiнiң көбеюi мен қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған басқа аппараттарды пайдалануға;  
      7) электрлiк қалқандар, электр қозғалтқыштар және iске қосу аппаратурасы жанында жанғыш (оның iшiнде тез тұтанатын) заттар мен материалдарды орналастыруға (қоймалауға); 
      8) жарылыс қауiптi және өрт қауiптi аймақтарда дайындаушы-зауыттың жарылыстан және (немесе) өрттен қорғау деңгейi мен түрi белгiсi болмайтын электр жабдығын қолдануға;  
      9) электр сымдары мен кабельдердiң жалғаулары мен ұштарын 
оқшаулаусыз қалдыруға;  
   Эвакуациялау жолдарында (оның iшiнде "Эвакуациялық шығу", 
"Апаттық шығу", "Эвакуациялық шығу есiгi" атты жарық нұсқағыштары) пайдаланылатын, автономды электр қорегi және электр желiсiнен қоректенетiн, өздiгiнен жарқырайтын өрт қауiпсiздiгi белгiлерi дұрыс және қосылған күйiнде болуға тиiс. 
    Өрт қауiпсiздiгi белгiлерiн түрлi-түспен бейнелеу және орналастыру орындары (орнату) "Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, қауiпсiздiк таңбалары мен белгiлерiне қойылатын талаптар" атты Техникалық регламент талаптарына сәйкес болуға тиiс.  
      Софиттердi орнату және пайдалану кезiнде бекiткiш 
құрастырылымдар мен жарық тұтатын және көрсететiн қалқалар ретiнде 
жанғыш материалдарды пайдалануға тыйым салынады. 
      Прожекторлар мен софиттердi жанғыш құрастырылымдар мен материалдардан 0,5 м кем болмайтын, ал линзалық прожекторларды - 2 м кем болмайтын арақашықтықта орналастыру қажет. 
   Прожекторлар мен софиттерге арналған жарық сүзгiштер жанбайтын материалдардан дайындалуға тиiс.  
  Кабельдiк құрылымдардың бөлiктiк бөлгiштерiнiң есiктерi өздiгiнен жабылатын, ғимараттан эвакуациялау барысында ашылуы және есiк жабылған кезде тығыздамасы болуы керек.  
      Кабельдiк құрылымды пайдаланған кезде, аталған есiктер жабық күйiнде болуға және бекiтiлуге тиiс.  
      Өндірістік ғимараттарда кабельдiк желдету жағдайы бойынша өздiгiнен жабылатын есiктердi егер олардың жабылуы үшiн өрт кезiнде құрылымның тиiстi бөлiгiнде өрт сигналын беретiн қарқыннан iске қосылатын автоматты құрылғылар пайдаланылатын болса, ашық күйiнде бекiтуге рұқсат етiледi.  
  Металл қораптарға салынған кабельдiк желiлер жанбайтын 
материалдармен нығыздалуға, ал қораптардың өзi мынадай жерлерде 0,75 сағ. кем болмайтын отқа төзiмдiлiк шегiмен бөлгiштермен бөлiнуге тиiс:  
1) басқа кабельдiк құрылымдарға кiрген кезде; 
      2) кабельдiк қораптардың көлденең учаскелерiнде әрбiр 30 м сайын, ал басқа қораптарға тармақталған кезде электрлiк кабельдермен;  
     3) кабельдiк қораптардың тiк учаскелерiнде әрбiр 20 м сайын. Бөлгiш арқылы өткен кезде, осындай отқа төзiмдi нығыздаулар аражабынның әрбiр таңбасында қосымша орындалуға тиiс.  
      Металл қораптарға салынған кабельдiк желiлердiң нығыздалу орны қораптардың сыртқы қабырғаларында қызыл жолақтармен белгiленуi керек. Қажет жағдайларда, қосымша түсiндiрме жазбалар орындалуы қажет.  
      Кабельдер және олар төселетiн металл беттердiң металл қабықтарын қорғау үшiн қолданылатын тоттануға қарсы жабындар жанбайтын болуға тиiс. 
   Май толтырылған кабельдерге май берiлуiн (толықтыру) қамтамасыз ететiн қондырғылар өндірістік ғимараттарда осы қондырғыға қатыссыз жанғыш материалдар мен бұйымдарды сақтауға тыйым салынады.  
    Электрлiк қондырғылар мен тұрмыстық электр аспаптарының бұзылуы (кабельдер мен сымдардың рұқсат етiлгеннен артық қызуы немесе оқшаулауының бүлiнуi, түтiннiң бөлiнуi, ұшқын) байқалған кезде, олар дереу тоқсыздандырылуы керек. Оларды қайта қосуға тек бұзылулар жойылғаннан кейiн ғана рұқсат етiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет