2.2 Газ өндіруді қарқындату тәртібі
Өндіруді қарқындату әдістерін жүзеге асыру газ өндіретін кәсіпорынның басшысы (орынбасары) бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі.
«Аварияларды жою жоспарын құру жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес шығаруды қарқындандыру әдістерін жүргізуді ескере отырып, ықтимал авариялар мен өрттерді жою жоспары белгіленген тәртіппен кәсіпорынның әкімшілігі әзірлеп, келісіледі және бекітеді.
Өндіруді қарқындату әдістері жүзеге асырылатын объектілер кәсіпорынның орталық диспетчерлік бекеті бар сенімді телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етіледі.
Байланыс құралдарында атауы мен сигнал беру тәртібі, өрт сөндіру бөлімінің, жедел жәрдем, газдан қорғау қызметінің басшылары мен жауапты адамдарын шақыру көрсетілген тақталар іліп қойылады.
Жұмыс істеу кезінде жылжымалы сорғыш агрегаттардың, автокөліктің пайдаланылған құбырлары ұшқын өшірушілері бар сөндіргіштермен жабдықталады.
Өртке қарсы құрал-жабдықтарды, авариялық және газдан қорғау құралдарын тікелей мақсатына арналмаған жұмыстарда қолдануға жол берілмейді.
Өндірістік , қолданғанда және оларды сақтағанда темекі шегуге және от шығаруға жол берілмейді. Темекіні арнайы бөлінген жерлерде шегуге болады.
Көбік реагенті және басқа да жанғыш газ сақталу ыдыстарында «От қауіпті» деген жазу болады.
Найзағай жарқылдаған кезде көбік реагенті мен басқа да жанғыш заттарды құйып төгуге болмайды.
Реагентті қабатқа айдауға арналған жылжымалы технологиялық жабдық, қажет болған жағдайда қауіпті зонадан шығуды және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін жердің бедері мен желдің бағыты ескеріліп орналастырылады.
Жылжымалы жабдықты, сорғыш қондырғыларды электр өткізгіштердің әуе желілерінің қорғау аймағы шегінде немесе газ желілерінің үстіне орналастыруға жол берілмейді.
Жұмыс аяқталғанға дейін және бу генераторының қысымы атмосфералыққа қысымға дейін төмендегенше бу генераторлық қондырғыны қараусыз қалдыруға болмайды.
Жылжымалы электр жарығын беру ретінде бу генераторлық қондырғыда кернеуі 12 Вольттан аспайтын, жарылыс қаупі жоқ шамдар қолданылады.
Ұңғыманың қазбабөлім аймағына күннің жарығында бу, жылу өндеу жүргізуге рұқсат беріледі.
Отын сыйымдылығы бар арбада (шанада) орнатылған мөлшерлеу сорғышының электр жабдығы Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес өрттен, жарылыстан қорғалған етіп қарастырылады.
Пеш белгіленген шектерде ысыту температурасын реттейтін, сондай-ақ шығарушымен көзделген газ қысымы көтеріліп немесе төмендегенде оттыққа газ жеткізуді өшіретін автоматты қондырғылармен жабдықталады.
Газ құбыры жолында ретке келтірілген, қысқартатын қондырғы және оттықта сақтандырғыш қақпағы, сондай-ақ бақылау-өлшегіш құралдарына конденсаттың түсуін алдын алуға арналған қондырғы жабдықталады.
Техникалық қозғалыс құралдары (автомобильдері, тракторлары) ұшқын өшіргіштермен жабдықталады.
Газ ыдысы сағасының ық жағынан 10 метр қашықтықта орнатылады.
Газ айдар алдында алмалы-салмалы шығарып тастау жолы сорғыштан ұңғымаға дейін барынша жоғары жұмыс қысымынан бір жарым еселі қысымға сығымдалуы тиіс.
Компрессорлар мен электр жабдығы 10 метр, ал іштен жану қозғалтқышы бар компрессор ұңғыманың сағасынан 25 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Іштен жану қозғалтқышының пайдаланылған өнім құбыры ұшқын өшіргішпен жабдықталады.
Газ конденсаты бар автоцистерналарда немесе басқа ыдыстарда «От қауіпті» деген жазу болады.
Газ конденсатын тек герметикалық түрде жабылған люктерде және ағызатын штуцерлерде ғана автоцистерналар арқылы тасымалдауға рұқсат беріледі.
Газ өткізу құбырларында немесе техникалық үй-жайларда темекі шегуге және ашық отты пайдалануға жол берілмейді.
Газ конденсатына толып тұрған автоцистернаны елді мекендер шегінде, ашық от бар жерлерде тоқтатуға жол берілмейді.
Суы бар автоцистерна газ конденсаты бар агрегаттар мен автоцистерналардан 25 метр қашықтықта орналастырылады.
Ұңғыманы өңдегенде газ конденсатын автоцистернадан бункерге және агрегат қабылдауға айдауға жол берілмейді.
Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу алдында және өңдеу үдерісінде жұмыс істеу аумағындағы газдылық тексерілуі қажет. ШРҚ (шекті рұқсат етілген қосылым) артық газ қосылымы болған жағдайда газ конденсатын айдау жұмыстары дереу тоқтатылып, аварияны жою жоспары бойынша шаралар қолданылады.
Ұңғыма газ конденсатымен өңделгеннен кейін агрегаттың манифольдты желісі мен ұңғыманың арматурасы сумен шайылады.
Манифольдты тек ұңғыманың арматурасында тиек жабылғаннан кейін және қысым атмосфералық қысымға дейін төмендегеннен соң ғана ажыратуға рұқсат беріледі.
Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу үдерісінде қызмет көрсету персоналы жұмыс жоспарында көрсетілген қауіпсіз қашықтықта болады.
Қабаттарды гидравликалық ажырату жөніндегі жұмыстарда қолданылатын агрегаттардың және басқа машиналардың пайдаланылған газ шығаратын құбырлары сөндіргіштермен және ұшқын өшіргіштермен жабдықталады.
Агрегаттарда тікелей жұмыстарды орындаумен байланысты емес адамдарды қауіпсіз аймақ шегіне жібергеннен кейін ғана агрегаттарды іске қосуға рұқсат беріледі.
Ажырату сұйықтықтарының және мұнайдың қалдықтары агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарынан газ торына немесе арнайы ыдысқа құйылуы тиіс.
Қысқы уақытта жұмыстар ұзаққа тоқтатылғанда манифольдты және айдаушы құбыр жолдарын ашық отпен жылытуға жол берілмейді.
Күш беретін қондырғылардың отын бактары өртке қауіпсіз жерге орнатылып, бұзылулардан қорғалады.
Қабат ішіндегі жылжымалы жану мөлшері әдісімен қабатты өңдеу жүзеге асырылатын жер аумағы ескерту плакаттарымен жабдықталуы және қызыл жалаушасы бар, металлдан жасалған бекеттермен қоршалады.
Ұңғымаларда зиянды газдарды шығару қауіптілігі дәрежесі және газдың температурасы бойынша олардың санаттары көрсетілуі тиіс.
Кесте бойынша үнемі ұңғымалардағы газ концентрациясының тексерісі жүргізіліп тұруы қажет. Жабық газ сақталу бөшкелерінде және учаскенің басқа да техникалық үй-жайларында газдылықты бақылау салалық нұсқаулыққа және аварияларды жою жоспарына сәйкес жүргізіледі.
2.3 Газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау тәртібі
Аппараттарда, ыдыстарда және құбыр жолдарында орнатылған сақтандырғыш, реттегіш және тіреу арматурасының жарамдылығы пайдалануға қосар алдында, сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкердің басшылығымен, бекітілген кестеге сәйкес тұрақты тексеріледі. Тексерістер мен қадағалау нәтижелері вахта журналына жазылады.
От қауіпті сұйықтықтардың деңгейін өлшеу үшін өртке қауіпсіз өлшеуіштер қолданылуы тиіс. Өлшеуіш шынылар шыныларды механикалық зақымданудан қорғаған, клапандар, автоматты жабатын қосқыш құбырлары және шыныда сұйықтық пен 0,6 МПа (бұдан әрі – МПа) (6 кгс/см2) аспайтын қысымның шекті рұқсат етілген деңгейін көрсететін қызыл жолағы болған жағдайда 0,6 МПа (6 кгс/см2) аспайтын артық қысыммен жұмыс істейтін аппараттар мен сыйымдылықтарда жіберіледі.
Жабдықтың жылу оқшаулағышы үшін өртенбейтін материалдар қолданылады.
Қыздыру аппараттарына бу немесе газ жіберер алдында жеткізу желілері қауіпті қысымдар немесе деформацияларын болдырмау үшін үрленеді.
Қыздырылған агентті аппараттарға қосуды аппараттардағы температураны бірте-бірте көтере отырып, баяу жүргізіледі. Сақтандырғыш клапаны диаметрі шығу тесігінен кем емес бұру жолымен жабдықталады. Басқыштары, сепараторлары және басқа аппараттары қызмет көрсетуге арналған сатылармен және алаңшалармен жабдықталады.
Газ аулағыштар өртенбейтін материалдардан салынуы тиіс. Ашық газ аулағыштың айналасында биіктігі кемінде 1 метр қоршау орнатылады.
Тұндырғыштар мен резервуарлардың науалары адамдар өтетін жерлерде металл жабындыларымен жабылады.
Шамшырақ тіреушесі кемінде 100 метр қашықтықта, ал жер қоймасы топталған қондырғының қоршауынан 50 метрден жақын емес орналасады. Қойманың айналасы кемінде 1 метр топырақпен үйіп бекітіледі, ал шамшырақ қондырғысы қоршалады.
0,7 кгс/см2 жоғары артық қысымда жұмыс істейтін басқыштар, сепараторлар және басқа аппараттар «Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және оларды қауіпсіз пайдалану ережесіне» сәйкес пайдаланылады.
Басқыштар мен сепараторларды үрлегенде үрлеу желісіндегі тиек қондырғысын ақырын және біртіндеп ашып жабылады.
Бірдей қысымы бар сепараторлар тобына сақтандырғыш қондырғыларынан шамшыраққа жалпы желіге (коллектор) бұруға болады.
Эрлифт ұңғымаларын сепараторларға қосқанда сепаратордан шығатын газ-ауа қоспасын ауаның бар-жоғына тексеріледі.
Басқыштардағы деңгей өлшегіш шыныларының жабық ыдысқа немесе канализацияға үрлеуге арналған бұрғыштармен қамтамасыз етіледі.
Отпен жылытқышы бар жылу ауыстырғыштарға арналған алаңшаның гидравликалық жабу арқылы өнеркәсіптік канализацияға жүретін науалармен жабдықталады.
Температуралық кернеулерден зақымдануды болдырмау үшін жылу ауыстырғыштарды (түскенде) қыздыруды және (көтерілгенде) суыту біртіндеп жүргізіледі.
Жылу ауыстырғыштарды жанғыш сұйықтықтардан босатуға тек жылу ауыстырғыштар суығаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Форсункалар тұратын алаңшаның қатты жабынымен және гидравликалық тиек арқылы өнеркәсіптік канализациясымен қосылған науаға қарай еңіспен қамтамасыз етіледі.
Пештерді тұтатып қосуды тек оны пайдалануға жауапты адамдар ғана жүзеге асырады.
Форсункаларды шамшырақтармен тұтатқанда оған тез өртенгіш сұйықтықты сіңдіруге жол берілмейді.
Пештерді жағуда қолданылатын шамшырақ құрғақ топырағы бар өртенбейтін жәшікте сөндіріледі.
Отын құбыр жолында отынды барлық форсункаларға жіберуін бір мезгілде тоқтата алатын (форсункалардан кемінде 10 метр қашықтықта) тиек, оттықтардың жануына қажет қысымға реттелген редукциялайтын құрылғы, сондай-ақ автоматика жүйесіне конденсаттың түсуін алдын алу үшін конденсат жинағы, бақылау-өлшеуіш құралдары мен оттықтар қарастырылады. Автоматты құрылғылардың авариялық сигнализациясы оператор бөлмесіне шығарылады.
Қондырғы жұмыс істемеген жағдайда отынды газ құбыры пештен герметикалық түрде өшіріліп, бітеуішке қойылады.
Газ құбырын пештен ажыратқанда барлық оттықтардың ысырмалары берік жабылғанша үрлеп жанатын шамдарды ашуға болмайды, сондай-ақ үрлеп жанатын шамның ысырмалары толықтай ашылады.
Пештердің тұрақты өрт сөндіру жүйесі үнемі іске жарамды жағдайда ұсталады. Өрт сөндіру жүйесі жарамсыз жағдайдағы пешті іске қосуға жол берілмейді. Жүйенің орамы өтуге қолайлы жерде орналасады және қызыл түске сырланады. Жүйені қосу автоматты және дистанциялық түрде болады.
Пештің өшіп қалған оттықтарын қызған панельдерден немесе пеш отынының сағасынан тұтатуға болмайды.
Пеш отынын алдын ала бумен үрлеп алмай оттықты жандыруға жол берілмейді. Пеш орамының үрлеу шамдары жоба мен техникалық құжаттамасына сәйкес қауіпсіз жерге шығарылады.
Форсункалардың (оттықтардың) газ құбырлары газ шамшырағын желіге шығарып, үрлеу желісімен жабдықталады.
Авария немесе өрт шыққан жағдайларда газ құюға арналған құрылғылар іске жарамды болуы тиіс. Авариялық құю ысырмаларының айыратын белгілері болуы, ал жағалаулары бос болуы тиіс. Авариялық құюды тек цех, қондырғы бастығының немесе аварияны (өртті) жою жөніндегі жұмыстардың жауапты жетекшісінің нұсқауы бойынша ғана жүргізуге болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың реттілігі нұсқаулықта қарастырылады.
Құбырлы пешті пайдалану кезінде құбырларының жағдайына жүйелі түрде бақылау қамтамасыз етіледі.
Құбырларда булықтары мен тесіктері болғанда, сондай-ақ құбырлардың тозу шегі асып кеткен пештердің жұмыс істеуіне жол берілмейді.
Пештерге жалындарды өшіру сигнализаторларын, форсункалар (оттықтар) өшкенде оларға отынның жетуін тоқтатын автоматты құрылғыларын, пештің беліне шекті рұқсат етілген температура сигнализациясы орнатылады.
Газ айдауға арналған үй-жай ұшқын қаупі жоқ түрде орындалған еріксіз құйып тартып алу желдеткішімен жабдықталады.
Желдеткіш бұзылған немесе өшірілген жағдайда сорғыштарды жұмысқа қосуға жол берілмейді.
Іштен жану қозғалтқышын орналастыруға арналған үй-жайларын сорғыштарға арналған үй-жайлардан газ өтпейтін қабырғалармен бөлу. Тез тұтанатын сорғыштар орнатылған үй-жайларда тегіс белдікті берілісті қолдануға жол берілмейді.
Аралық біліктер өтетін орындарының қабырғалары арасында тығыздамасы болады.
Сорғыштармен жұмыс істегенде қозғалыстағы бөлшектерін, сондай-ақ мойынтіректің температурасы мен сорғыштардың тығыздамаларын үнемі қадағалауды жүзеге асырады.
Газ айдау үй-жайларында сорғыштар мен құбырларды герметикалығына қадағалау орнатылады. Сорғыштардың тығыздамалары мен құбырлардың қосылыстарындағы саңылаулар дереу жойылады.
Ысырма блогы орналасқан жерлерде гидравликалық бекітпе арқылы өнеркәсіптік канализацияға сұйықтықтардың төгілуіне арналған арнашық орнатылады. Сұйықтықтардың өнеркәсіптік канализацияға құйылу мүмкіндігі болмаған жағдайда сұйықтықты сорғышпен тартып алатын жиналмалы жабық құдық орнатылады.
Газ айдау бөлмелерінде жанар-жағармай материалдарын бір тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде ғана сақтауға жол берілмейді. Жанар-жағармай материалдары қақпақтары бар арнайы металл бөшкелер мен жәшіктерде сақталады.
Газ айдау бөлмелерінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға жол берілмейді.
Газ айдау техникаларын іске қосу және тоқтату алдында тиісті ысырмалардың дұрыс ашылып жабылуы тексеріледі.
Жұмыстан аяқталған соң сорғыштарды қабылдау және көтерулерде және резервуарлардың ысырмалары жабық, үй-жай тексеріліп, барлық қондырғылар мен жарық беру шамдары өшіріледі.
Газ айдау станцияларына сондай-ақ осы «Жылу беру және желдеткіш» деген бөлімінің ережелері қолданылады.
Резервуарларды пайдалану «Металл резервуарлардың техникалық пайдалану ережесіне» және оларды жөндеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
Құбыр жолдарының газ құбырлары тасымалданатын заттарға байланысты мемлекеттік стандартқа сәйкес айырым түсі мен цифрлық белгісі болады.
Ыдыстарды аппаратурамен, аялдамамен және басқа да құрылыстармен байланыстыратын құбыр жолдарына әр құбыр жолының ерекше белгісі, ал тиек арматурасының нөмірлеуі бар технологиялық кестелер жасалады.
Қызмет көрсету персоналы ысырмалардың орналасу кестесін және олардың мәнін білуі, сондай-ақ технологиялық әрекеттер қатесіз орындалады.
Жаңа кесте кәсіпорынның басшысымен бекітіліп, рұқсат берілмейінше, қолданыстағы құбыр жолдарының орналасу кестесін өзгертуге жол берілмейді.
Құбыр жолдарын үрлеу және оларды герметикалығына және мықтылығына сынау нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Герметикалығына және мықтылығына құбыр жолдарын үрлеу және сынау жөніндегі нұсқаулық пен жұмыс жоспарын құрылыс ұйымы жасап, құбыр жолын пайдаланып отырған кәсіпорынның техникалық басшылығымен келісіледі.
Құбыр жолдарын үрлегенде және сынағанда аймақ шегінде автомобильдердің, тракторлардың жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштармен тіркелуіне, сондай-ақ ашық отты пайдалануға және темекі шегуге жол берілмейді.
Темір немесе тас жолдарындағы құбыр жолда авария болған жағдайда авария алаңы дереу қоршалып, ескертетін белгілер қойылып, көлік қозғалысы тоқтатылып, аварияны жою жоспарына сәйкес шаралар қолданылады.
Ескертетін белгілер авария болған жерден жолдың екі жағына 800 метр кем емес қашықтықта орнатылады. Темір жол қызметі дереу ескертіледі.
Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары дұрыс жағдайда құбыр жолдарының жеке учаскелеріне газдың келуін сенімді түрде тоқтату мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оңай қол жеткізуге болатындай етіп орналасады.
Ақаулықтар дереу жойылады.
Тиек құрылғыларын тексеру үшін кәсіпорында басшылар бекітетін кестелер жасалады. Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары тоқсанына кемінде 1 рет, ал ерекше жауапты тораптарда айына кемінде 1 рет қарап тексеріледі. Тексеріс нәтижелері журналға немесе құбыр жолдағы паспортқа енгізіледі.
Құбыр жолын тек дәнекерлеп қосуға ғана жол беріледі. Ажыратқыш құрылғылары, өткізбейтін тығызданулары бар, басқа арматурадан жасалған бақылау-өлшеуіш құралдары орнатылған жерлерде ойма және фланецті қосуларға жол беріледі.
Фланецті қосу төсемдері жоғары температураларда бұзылмайтын және пішіні өзгермейтін материалдардан жасалады.
Құбыр жолдарында пайда болған тығындарды құрыш шыбықтары және басқа да ұшқын тудыруы мүмкін құралдар арқылы тазартуға жол берілмейді.
Құдықтарда орналасқан тиек құрылғыларын тексерген немесе пайдаланғаннан кейін соңғыларының қақпақтары дереу жабылады. Құбырларды тексергеннен кейін ашық арнашықтар дереу жабылады.
Тиек құрылғыларын ақырын ашып жабу керек, тиек құрылғыларын ашу үшін ұшқын тудыруы мүмкін металлды заттарды қолдануға жол берілмейді.
Вакуумдық газ жинайтын желінің ішінде жарылыс қауіпі бар қоспаның пайда болуын болдырмау үшін:
вакуумдық торда ауамен бақылау жүргізіледі;
ұңғымалардан вакуумдық коллекторларды ажырату немесе тармақтарын бұзуда тиек құрылғыларын жабу және газ құбырларына бітеуіштер орнатылады.
Шамның алау құрылымы газ жағудың үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Құбыр жолымен параллель кабель желілерін төсегенде олардың арасында көлденеңінен қашықтығын кемінде 1 метр етіп жасауға жол беріледі. Құбыр жолынан шамалы қашықтықта орналасқан кабельдер құбыр жолдарының бар аралық бойына төселеді. Құбыр жолдарының асты мен үстіне кабельдерді тік тегісте параллель төсем жасауға жол берілмейді.
2.4 Газды қайта өңдейтін өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі, жалпы ережелері
Жанғыш булар мен газдар жиналуы ықтимал зауыт аумағының учаскелерінде автомашиналардың, тракторлардың, мотоциклдардың қозғалуына жол берілмейді. Бұл учаскелерде өтуге тыйым салу белгілері орнатылады.
Жарылыс және өрт қауіпті цехтер аумағына кіру және автомашина, трактор, көтергіш көлік және құрылыс механизмдерін орнатуға тек осы цехтердің, ықтимал аялдамалардың, қозғалыс маршруттары мен қауіпсіздік шаралары көрсетілген қондырғылардың басшыларының рұқсатымен жол беріледі.
Жарылыс қауіпі және газ қауіпті жерлерде темірмен тағаланған аяқ киіммен жұмыс істеуге жол берілмейді.
Доңғалақтармен жүретін, А және Б санатты жарылыс қауіпі цехтерде орналасқан көлік арбаларының доңғалақтары соғылғанда ұшқын шығармайтын, металлдан жасалған шеңберлермен немесе резина шиналармен жабдықталады. Канализацияның көру құдықтары үнемі қақпақпен жабылуы және қабаты 10 сантиметр құммен көміледі.
Өрт кезінде өнеркәсіптік канализация желісі бойынша оттың таралуына жол бермеу үшін онда арнайы құдықтарда гидравликалық ысырмалар орнатылады. Әр гидравликалық ысырмадағы ысырманы тудыратын судың қабаты кемінде 0,25 метр биіктікте болуы тиіс.
Барлық технологиялық аппаратуралары бар үй-жайлардың шығыңқы бөліктерінде, технологиялық қондырғылар алаңшаларында, жеке тұрған резервуарлар мен топтарда, ысырмалардың тораптарында, аппараттар, сорғыштар, қазандық, ағызу-құю эстакадаларының топтарына гидравликалық ысырмалар орнатылады. Гидроысырманың құрылымы оны қолайлы тазартуды қамтамасыз етеді.
Гидравликалық ысырмалары бұзылған немесе дұрыс орындалмаған, сондай-ақ олар жоқ канализацияны пайдалануға жол берілмейді.
Өртену және жарылу қауіпі бар өнімдерді канализация жүйесіне шығаруға жол берілмейді. Бұл мақсаттарға арнайы ыдыстар қарастырылады.
Канализацияға шығарғанда өндірістік ағын сулардың температурасы 40ºC аспауы тиіс. Жалпы ағын температурасы 35ºC аспайтындай, тұрақты су шығысы мол коллекторларға температурасы аса жоғары шамалы өндірістік ағын суларын шығаруға жол беріледі.
Жарылыс қауіпі өндірістік үй-жайларда орнатылған желдеткіш жүйелерінің металлдан жасалған ауа бұрғыштары жерге қосылады.
Желдеткіші бұзылған жағдайда жабдықты жұмысқа қосуға жол берілмейді.
Жанғыш және жарылыс қаупті газдары бар, аппаратура және коммуникациялар орналасқан жабық үй-жайларда желдеткіштің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамсыз етеді.
Авариялық механикалық желдеткішті іске қосу газ талдағыш тетігі әсерінен автоматты түрде болуы тиіс, бұдан басқа, өндірістік үй-жайдың сыртқы есігінде орналасқан түймелерден авариялық желдеткішті қашықтықтан іске қосу қарастырылады.
Авариялық механикалық желдеткішті газ талдағыш тетіктердің әсерімен автоматты іске қосу қамтамасыз етіледі және бұдан басқа өндірістік үй-жайдың сыртқы есігінде орналасқан түймелерден авариялық жетдеткішті қашықтықтан іске қосу қарастырылады.
Өндірістік үй-жайда өрт шыққан жағдайда ішіндегі желдеткіш жүйелері сөндіріледі.
Өрт, жарылыс қауіпті өндірістері бар техникалық үй-жайларды жылыту үшін ыстық суды, буды, қызған ауаны және диэтиленгликольді жылу тасығыш ретінде қолданылатын орталықтандырылған жүйелер қолданылады.
Өрт шыққанда және оның таралу қауіпі болғанда ауамен жылыту жүйелері дереу сөндіріледі.
Ауамен жылытуды үйлестіру желдеткішімен қиыстырғанда ауаны рециркуляциялауға жол берілмейді.
Сұйытылған жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды құятын цистерналар жерге қосу құрылғыларына қосылуы тиіс. Жерге қосу өткізгіші ретінде қимасы кемінде 6 шаршы метр иілмелі (көп желілі) жез өткізгіші қолданылады.
Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызу-құюда резина шлангілерінің металл ұштықтары мен тез көтергіш құрылғылары шлангінің сыртына немесе ішіне оралған, иілмелі (көп желілі) жез өткізгіші арқылы жерге қосылады. Жерге қосу өткізгішінің бір шетін өнім өткізгішінің металл бөлшектеріне жалғайды. Ашық әдіспен құю ұштықтары ұшқын қауіпсіз материалдардан жасалған шлангілермен жүзеге асырылады.
Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру жылына 2 рет жүргізіледі. Бұл ретте жерге қосу құрылғысының кедергісі өлшенеді.
2.5 Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды ұстау тәртібі
Фланецті қосулардың саңылауы арқылы өнімге рұқсат бергенде аппараттарды, құбыр жолдарын және жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.
Ағып түсетін өнімнің тұтануын болдырмауға арналған аппаратта ағу байқалған жағдайда ағып тұрған жерге су буын немесе инерт газынжіберіледі және аппарат жұмыстан ажыратылады немесе қондырғы тоқтатылады.
Аппараттар мен ыдыстардың жанғыш беттері өртенбейтін материалдардан жасалған жарамды жылу оқшаулағышпен қамтамасыз етіледі.
Ішін тексеру, тазарту және жөндеу үшін ашуға жататын аппараттар өнімдерден босатылып, іске қосылып тұрған аппаратурадан ажыратылуы және сөндірілуі, инерт газымен булануы немесе үрленуі және желдетілуі тиіс. Булаудың немесе инерт газымен үрлеудің ұзақтылығы, сумен шаю, желдету қажеттілігі жеке, кез келген жағдайға арналған өндірістік нұсқаулықтарымен белгіленеді.
Ыстық өнімді мұздатқыш арқылы өткізбей сынама іріктеу шүмектерін пайдалануға жол берілмейді. Бұру түтіктері және мұздатқыштың түтіктері жарамды жағдайда ұсталады.
Қысымдағы аппараттар мен коммуникациялардағы ағуларды жоюға қатаң жол берілмейді.
Өндірістік үй-жайларда ұшқын тудыруы мүмкін жұмыстарды жүргізуге, ашық түрде орындалған шамдарды қолдануға жол берілмейді.
Іске қосар алдында технологиялық аппараттар жарамдылығына және олармен байланысты барлық аппараттар мен құбыр жолдарының жұмысқа дайындығы тексеріледі, автоматты көрсеткіштер немесе температура мен қысымды реттегіштер, сұйықтық деңгейін өлшегіштердің дұрыстығы тексеріледі.
Жаңадан жобаланудағы және қайта салынып жатқан пештерді өрт сөндіру бөліміне бүркеуді қосқанда дабыл беретін, бу немесе инерт газының бүркеуін тудыратын құрылғылармен жабдықталады.
Құбырлы пештер форсункаларына сұйық немесе газ тәріздес отынның жеткізілуі тоқтағанда немесе қысымы белгіленген нормалардан төмендегенде іске қосылатын дабылмен жабдықталады.
Құбырлы пештің өшіп қалған оттықтарын қызған панелдерге немесе пеш отынының құрылысына тұтатуға жол берілмейді.
Құбырлы пештің ішінде болуы ықтимал тұтануларды сөндіруге бу немесе инерт газын пайдалануға болады. Буды немесе инерт газын бақылаусыз жану аяқталған сәтке дейін беріледі.
Авария немесе өрт шыққан жағдайда өнімді төгуге арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады. Авариялық төгу желілерінің ысырмалары айыру белгілерімен белгіленеді, ал оларға өту жолдары бос болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың реті нұсқаулықта қарастырылады.
Құбырлы пештен ыстық сұйықтықты түсіруге арналған авариялық ыдыс үнемі бос ұсталады. Сұйықтықты авариялық ыдысқа түсірер алдында алдын ала конденсаттан босатылған су буы беріледі.
Құбырларда үрлеме мен тесіктер болғанда, сондай-ақ құбырлардың рұқсат етілген шегін асырғанда пешті пайдалануға жол берілмейді. Құбырлар күйіп кеткенде аварияларды жою жоспарына сәйкес пешті пайдалану дереу тоқтатылады.
Пеш аумағының газдану қауіпі төнгенде дереу бу өшіру жүйесін өшіріп, пештің форсункаларын сөндіріп, өртке қарсы қызметі шақырылады.
Қос көзді тетіктері бұзылған құбырлы пештерді пайдалануға жол берілмейді.
Қос көзді тетіктердің тығындарын тығыздауға арналған қысу болттарын тек құбырлардағы қысымды атмосфералық қысымға дейін төмендеткенде ғана тартуға болады.
Құбырлы пештердегі қос көзді тетік шкафтарының жарамды, тығыз жабылатын металл есіктерінің болуы байқалады.
Жылу алмастырғыш астындағы алаңшаның гидравликалық қақпа арқылы өнеркәсіптік канализацияға шығаратын, арнашыққа ағысы бар қатты беті болуы тиіс. Алаңша жанғыш өнімдер шайып төгуге арналған жабдықпен қамтамасыз етіледі.
Құбыр кеңістігінде сияқты, құбыр арасындағы кеңістікте орналасқан жанғыш сұйықтықтардан босату тек жылу алмастырғыштарды суытқаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
Аумен суыту аппараттары өрт жағдайына желдеткіштерді қашықтан ажыратқыштармен жабдықталады.
Колонна аппараттарының люктерін жоғарғысынан бастап ашу қажет.
Технологиялық жабдықтың хабарландыру қондырғыларын іске қосу қолмен, сондай-ақ автоматты болуы мүмкін. Автоматты түрде іске қосқанда қосарлы қолмен іске қосу қарастырылады.
2.6 Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау тәртібі
Құбыр жолдары олармен тасымалданатын заттарға байланысты ажырату бояуымен, цифрлық белгілеумен және өнімнің қозғалыс бағытымен қамтамасыз етіледі.
Газ құбыры, өнім құбыры жарылған кезде авария ауданы дереу қоршалып, ескерту белгілері қойылып, осы аудандағы қозғалыс тоқталып, аварияны жою жөнінде шаралар қолданылады.
Газдың өту құбыр жолы бұзылғанда, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда өртке қарсы қызметі мен газдан қорғау қызметін шақыру қажет. Сонымен қатар аварияны жою жөнінде шаралар қабылданады.
Құбыр жолдарында тұйық учаскелердің болуына жол берілмейді.
Жарылу өртену қауіпі бар орталарды айдауға арналған құбыр жолдарында «қамыттар» болған жағдайда пайдалануға жол берілмейді.
2.7 Компрессорлық және сорғыш станцияларды ұстау тәртібі
Компрессорлар мен сорғыштардың технологиялық параметрлерін бақылау бойынша барлық бұғаттағыш және дабыл беру құрылғылары үнемі жарамды күйде ұсталады.
Сұйықтықтың деңгейін бақылап тұру үшін сепараторда дыбыс немесе жарық сигнализациясы қарастырылады. Сепаратордағы сұйықтықтың деңгейін бақылау жүзеге асырылады, жиналып қалуына және кейін компрессордың қабылдауына оның түсуіне жол берілмейді.
Газ сығымдағыштарының және олардың газ құбырларының барлық қосуларын герметикалығына үнемі тексеріледі. Газдың кемуі байқалған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулық жойылады. Жұмыс істеп тұрған компрессорда газдың кемуін жоюға жол берілмейді.
Клапандық қораптар мен әуе поршень компрессорлары майлы шөгінділер мен күйіктерден үнемі тазартылады.
Жарық беру құрылғылары жұмыс істеген немесе электр энергиясын авариялық сөндіру кезінде газ компрессорлық станцияларында жарылыстан қорғалып орындалған аккумуляторлық шамдарды қолдануға рұқсат беріледі.
Компрессорлық үй-жайда газдылық немесе өрт шығу қаупі төнгенде компрессорларды авариялық түрде тоқтатып, қысымды түсіріп, авария орнына газ жеткізу тоқтатылады.
Компрессорлық және сорғыш станцияларының үй-жайларында барлық желдеткіш құрылғыларының дұрыс және үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
Тұрақты компрессорлардың авариялық тоқтату түймелері компрессор залдарының үй-жайларынан шығу орындарында немесе басқа да ыңғайлы және қауіпсіз жерлердегі басқару пульттерінде орналастырылуы тиіс.
Газ моторының тұтандырғыш білтесінің түйісуінде ұшқыны бар компрессордың жұмыс істеуіне жол берілмейді.
Компрессор ішінде ұшқындату арқылы шырақтардың жарамдылығын тексеруге жол берілмейді.
Компрессорды іске қосқанда пайдаланылған өнімді шығару жүйесінде тұтану мен жарылыстарды болдырмау үшін пайдаланылған өнімді шығару жүйесін қысылған ауамен үрлегеннен кейін магнетоны қосу және отын газы жеткізіледі.
Өрт, жарылыс қауіпті өнімдерді айдап қотаратын сорғыштар, сорғыштармен бір рамада орналасқан электр қозғалтқыштарының жерге қосылғанына қарамастан, жерге қосылады.
Сорғыштарды үрлегенде шығарылатын өнімді үй-жайдан тыс жерге, сұйық өнімді құбыр жолы арқылы арнайы сыйымдылыққа, ал булар мен газдар шыраққа немесе шамға шығарылады.
Сорғыштармен жұмыс істегенде үйкелетін бөлшектерін, сондай-ақ сорғыштардың мойынтіректері мен тығыздамаларының температурасы үнемі бақыланады. Майлау материалдарының ағуына және шашырауына жол берілмейді.
2.8 Технологиялық жабдықты ұстау тәртібі
Өндірістік ғимараттарда негізгі цехтерге, учаскелер мен қондырғыларға арналған технологиялық және электр жабдығын тазалау кестелері әзірленеді.
Пайдаланылатын технологиялық жабдық күн сайын (табиғи газды алғаш қайта өңдейтін цехтерде – ауысымда кемінде бір рет), ал электр жабдығы, шамдар, электр өткізгіштері, техникалық өрттен қорғау құралдары (КАГ-600 қондырғысы, өрт хабарлағыштары), құрылыс құрылымдары, оның ішінде жабындар аптасына кемінде бір рет оларға отырған жанғыш тозаңнан, ұлпадан тазартылуы қажет. Бұл ретте тозаң жинау құралдарын (оның ішінде сығылған ауамен үрлеуді) және дымқылмен жинауды қолдану қажет. Кәсіпорын бұйрығымен лауазымды адамдар қатарынан осы жұмысты жүргізу үшін жауаптылар тағайындалады.
Технологиялық жабдық үрлеу және тазалау алдында ажыратылады. Технологиялық жабдықтың барлық жіктері мен қосқыштары сенімді тығыздалады, бұл ретте өндірістік және қойма үй-жайларындағы ауа өткізгіштердің жіктері мен қосқыштары жанбайтын немесе Г1 тобындағы материалмен тығыздалады.
2.9 Өрт сөндіруді ұйымдастыру тәртібі
Өндірістік ғимараттардың құрылыстарында еркін қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Ғимараттар, құрылыстар, шикізат пен материалдар қатарларының арасындағы өртке қарсы аралықтарды үймелеуге жол берілмейді.
Шикізаттың, өндіріс қалдықтарының, өндірістік тозаңның жануы (өздігінен тұтануы) анықталғанда дереу кәсіпорынның өрт күзетіне және өрт сөндіретін авариялық-құтқару бөлімшесіне хабарланады, қызмет көрсетуші персонал эвакуациялау шараларын қабылдайды және барлық жабдықты токтан ажыратып, болған оқиға туралы кәсіпорын басшысына хабарлайды.
Технологиялық (көлік) желісі автоматты (авариялық) тоқтаған кезде бұғаттау іс-әрекетін жүргізуге сигнал берген құрылғыны (жылдамдықты бақылау релесі, шикізат беру тетігі, электр қозғалтқышы жетегінің шамадан тыс ток жүктемесінен қорғау ) айқындау, оны іске қосу себебін анықтап жою қажет. Технологиялық (көлік) желіні кезекті іске қосу алдында оны материалдардан босатып, ақаулығы жойылады.
Технологиялық, көлік немесе аспирациялық жабдықта жанып жатқан (бықсыған) өнім анықталған кезде оны дереу тоқтату қажет, ол туралы дереу цех бастығына, кәсіпорын басшысына және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке хабарланады. Бір мезгілде осы учаскеде (қажет болған жағдайда) барлық өндірістік жабдықты және желдеткіш қондырғыларын тоқтатып, желдеткіштің ауа жолдарын жауып, электр желісі өшіріледі.
Жану ошақтарын жойғаннан кейін барлық ауа өткізгіштерді, сүзгіш камераларын, тозаң камераларын (тозаңды жертөлелерді) және өзге де желдеткіш пневмо жабдығын, сондай-ақ технологиялық машиналарды әбден тазалағанға дейін желдеткіш және пневмокөлік қондырғыларын іске қосуға жол берілмейді.
Өрттерді өндірістің тозаңды қалдықтар суының бағытталған жиынтық ағыстарымен сөндіруге жол берілмейді.
3. Қорғалатын объекттің жалпы сипаттамасы
3.1 «ҚазТрансГаз» Бейнеу желілік өндірістік басқармасының Қазақстан Республикасында алатын орны
«ҚазТрансГаз» компаниясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы № 173 қаулысына сәйкес құрылған.
Қазақстан Республикасының газ саласы, одан әрі дамуы үшін айтарлықтай әлеуметке ие, ол болашақта Қазақстанды табиғи газдың жетекші өндірушілері қатарына шығаруға мүмкіндік береді. «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы, еліміздің және дүниежүзінің газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретін, Қазақстан Республикасының газбен жабдықтау саласындағы ірі компания болып табылады.Оның Жалғыз акционері «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ. ҚазТрансГаз табиғи газды магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы нарыққа газ сатумен айналысады, құбыр желілері мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.2012 жылғы 9 қаңтарда «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының № 532-IV Заңы (бұдан әрі – Заң) күшіне енді. Қазіргі кезде Газ құбыры трассасы елімізде ең ұзын және ең заманауи болды - 4464 километр, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша 700 км.
Қазақстан Республикасы аумағы арқылы табиғи газ 14 магистральдық газ құбырымен тасымалданады. Бүкіл трасса бойында 17 компрессорлық станция, оның ішінде 5-уі Қазақстанның Ақтөбе облысында орналасқан, 22 газ тарату станциясы салынды, үлкен газды айдап қотаратын агрегаттар монтаждалды. Газ айдауды 291 газ қотару агрегаты орналасқан 22 компрессорлық станция қамтамасыз етеді. Магистральдық газ құбырларының бір желідегі жалпы ұзындығы шамамен 14 мың километрді құрайды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 14 облыстың 9-ы газдандырылған. Негізінен бұлар – республиканың оңтүстік және батыс өңірлері.
Атауы
|
Тауарлық газды өндіру
|
Ішкі нарыққа жеткізу
|
Импорт
|
Экспорт
|
Қазақстан Республикасы, млрд (м3)
|
21,2
|
10,5
|
3,4
|
8,5
|
ҚазТрансГаз үлесі (%)
|
1,5
|
99,9
|
100,0
|
12,9
|
Жаңа газ тасымалдау магистралі Өзбекстан мен Түрікмениядан табиғи шикізаттың күшті ағыстарын өзіне алып, Қазақстан аумағы арқылы Ресейдің орталық аудандарына миллиардтаған текше метр газды тасымалдауы тиіс болған. 1965 жылдың қазан айынан бастап ұзындығы 3180 километрлік «Орта Азия-Орталық» газ магистралінің бірінші желісінің құрылысы, сондай-ақ Қазақстан аумағында «Бейнеу» және «Индер» алғашқы компрессорлық станцияларының құрылысы басталды.
3.2 «ҚазТрансГаз» Бейнеу желілік өндірістік басқармасының қысқаша сипаттамасы.
«Бейнеу» 670 км солтүстiк-шығысы Ақтау қаласының Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан. Ең жақын қала: Өңірлік орталығы - PGT «Бейнеу» ең жақын темір жол станциясы «Бейнеу» сызықтық өндірістік бөлімінің 8 км қашықтықта орналасқан. Асфальт қымбат автокөлік «Атырау - Маңғышлақ» 1 км қашықтықта станциясынан болып табылады. MPI «Бейнеу» өрт бақылау станциясы қорғалған. Ұзаққа созылған өрт күрес жағдайда «Бейнеу» SP және БҚА DES Маңғыстау облысы күштер мен PGT қорғау аудандық өрт сөндіру депосының №6 құралдарын ықтимал тарту болып табылады.
Қазақстан Республикасы Манғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан КазТрансГаз Бейнеу желілік басқармасы жайында айта кететін болсақ : жалпы ауданы, га - 44,802 , Ғимарат ауданы, га – 5
Штат санын қалыптастыру имараттардың, жабдықтардың жинақталуымен, жұмыс көлемімен және ұйымдастыру құрылымымен негізделеді.
Пайдалану персоналы жабдықтардың жұмысына тәулік бойғы бақылауды және қарауды жүзеге асырады, орын алған ақауларды жояды.
Кезекшілік қызметтің құрамына кіреді:
• Ауысым кезекшілігі бар – 4
• Түнгі мезгілде 10 – 12 адам
• Диспетчерлер – 2 адам
• Электрик – 5 – 7 адам
• Технологиялық компрессорлардың машинисі – 27 адам
• Барлық жұмысшылар саны – 180 адам
Компрессорлық станцияның аумағындағы барлық объектілер жұмыс бағытымен айқындалған олардың функционалдық мақсатына, материалдық базасына және кадрлардың құрылымдық қалыптасуына қарай пайдаланылады. Күндізгі ауысымдағы персоналдың жалпы саны 4 адамды құрайды.
Бейнеу желілік басқармасы Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесі сақиналы, оның диаметрі 100 мм. Онда 20 өрт гидранты орналасқан. Жер асты резервуарларында әр қайсысының сыйымдылығы 900м3 артық су қорын сақтау жүзеге асырылады. Су құбырында су жоқ болған жағдайда сақиналы су желісі арқылы компрессорлық станциясынан, сорғыш станциясынан сыйымдылығы 900м3 резервуарына су беріледі. Сорғыш станциясында К-150/90 маркалы 2 сорғыш орнатылған (жұмысты және қосымша). Электр энергиясы сөндірілген жағдайда дизелдік электро станциясы орналасқан. Станциясында болып табылады: газ айдау зауыты №№1,2,3,4a, 4б, 5, техникалық қызмет көрсету бірлігі, отын сақтау, балалар алаңы сүзгілері, AVO газ, метанол сақтау, қоймалар және сайттар, газ станциялары, пропан үшін сақтау және көлік құралдары, пісіру бекетінің зарядталатын, КТП AVO газ, мұнай багы, қазандық, жарудың, автоматтандырылған газ тарату станциясы санының 3, блок жәшіктерін әуе, Paes, өсімдік сығылған тоңазытқыш компрессорлар үшін оттегі қораптар.
Жылыту табиғи газ бойынша жұмыс істейтін, оның қазандықтың компрессорлық станциясында жүзеге асырылады.
Ғимарат ауданындағы су құбыры мен газ құбырын өткізуге жерлер өңделінді. Қысқа мерзім ішінде пайдалануға 23м тереңдікте ортақ су құбыры, ал жерді пайдалау нормаларына сай 28м тереңдікте газ құбыры жүргізілген.
ӨМГ «Атырау» орнында телефон байланысы бар. Спутниктік - денсаулық сақтау нысандарының «Бейнеу» және басқа да нысандар арасындағы байланыс.
Тәулік бойы денсаулық сақтау нысандарының жұмыс режимі (аралас кестесі; бес күндік жұмыс аптасы, 8-12 сағат, 24 сағат ауысым жұмысы үшін ауысымдық жұмыс). Станциясында қызметкерлерінің жалпы саны - 180 адам.
3.3 Жер бедері мен ауа-райы
Жер бедерін қарастырғанда ғимараттар мен инженерлік комуникациялар биік орналастыру жәнеде ол ғимараттар мен инженерлік комуникациялардың бір-бірімен байланыстырылуы қарастырылған
Жер бетінің тегістелуі бір бағытқа су ағатындай етіп тегістелінген.Суды ағызу жолдары ашық түрде жауын және қар ерітінділерінен пайда болатын су шалшықтары жиналмай ағып кетуге жасалынған.
Ал су шалшықтары арнайы орындарда дайындалған орындарға құйылады.
Құрылыс аймағында көгаландыру жұмыстарын жургізуге жер беті 10 см тереңдікте топырақтар қазылып алынған. Көгаландыру жұмыстарын 2090 м2 қарастырылған.
Аудан климатының ерекшелігі щұғыл континенталды, жылдық және тәуліктік температура амплитудасының айырмашылығы өте жоғары.
Абсолютті минималды температура - минус 34ºС.
Абсолютті максималды температура - плюс 46ºС.
Топырақтар мен саз қабаттары үшін нормативті тоңдану тереңдігі – 1,074; топырақтар үшін -1,40;
Инженерлік-геологиялық зерттелген аумақ шектерінде құмдақ жерлер көкжиекпен ұштасып жатыр.
2009 жылғы наурыз айындағы тексеріс нәтижесі бойынша жер асты сулары топырақ қабатының 2,1-ден 7,3м дейін тереңдікте тіркелген, минус 27,24-тен минус 29,03м абсолютті белгіге сәйкес келеді.
Құрылысқа арналған аудан ауа-райы - 3А.
Жолды-ауа-райы аймағы - V.
Жер сипаты және ылғалдану дәрежесі бойынша – 1.
3.4 Негізгі ғимараттар мен құрылыстар
Өндірістік ғимараттың орналастырылуы, сонымен қатар компрессорлық станцияның аумағында көлік тұрағы жел бағытын ескере отырып, қолайлылықты және еңбек қауіпсіздік жағдайларын, алаңда тиімді өндіріске жағдай жасау, көлік және инженерлік байланыстарын тиімді ету, жоспарда жарылу, жанудан сақтану нормалары бойынша және тиісті қабылданған санитарлық талаптарды қарастыра отырып жасалынған.
Компрессор станциянан 100м қашықтықта бөлек орналасқан көмірсутек газдары мен буларын жинап өртейтін факел (под 7) жасалынған. Бұл қашықтық ҚНжЕ 11-89-80 (Өнеркәсіп кәсіп орындарының бас жоспарлары) сәйкес санитарлық талаптарға, отқа төзімділік дәрежесіне байланысты, жарылыс қауіпдік нормаларына байланысты салынған.
Қабылдау және табиғи газ беру үшін арналған Газ айдау зауыты. Екінші SBS саны - 6, үшінші жылы - 6, төртінші «А» - chetvetrom 6 «В» - 3. (KC №5 орнатылған газ айдау қондырғысы GPA-C 6,3 мөлшерінде -. 6 бірлік осы жылы газ айдау бөлімшелермен орнатылған) емес пайдалану кезінде нысандар, оңай металл қаңқасы құрылымы, өрт тұрақтылық ІІ дәрежелі өтелген жасалған ангар болып табылады. Дүкен үй-жайларды «а» және төртінші «б» атты газ тасымалдау негізгі басқару панельдері процесін орнату оператор, сондай-ақ басқару панелі, автоматты орнату көбік жабдықталған 1-ші және 2-ші, 3-ші және 4-ші шеберханалары Өрт (бір зауыт пен дүкен төртінші «б» бір зауытында әрбір екі дүкендер үшін.) күрес. газ турбиналық бірлік орналасқан машина нөмірі, нөмірі, онда желдеткіштер кірпіш қабырғаға бөлінген. Қатарынан орналасқан газ айдайтын өсімдіктердің периметрі бойымен қара автомобиль өрт транспорт саяхат қымбат бар.
Газ айдау агрегаттарына автоматты өрт сөндіру көбік жабдықталған. 600 - компрессорлық цехының өрт ықтимал тұтануына жою көбік генераторлары SBS 6 орнатылған, онда әрбір машинада жергілікті өрт сөндіру көзделген.
3.5 Негізгі ғимараттар мен құрылыстардың қысқаша сипаттамасы
Газды ауамен автоматты суыту (ГАВС) газды тасымалдайтын агрегаттардан шығатын газды суыту үшін арналған. Змеевикта нормадан тыс артық газ пайда болған жағдайда автоматты түрде іске қосылатын, төбесінде ауа вентиляторлары орнатылған, темір каркастан жасалған, ашық алаңда орнатылатын имарат.
ЖЖ склады машина залында орналасқан, газотурбинді қозғалтқыштардың механизмдерін және майлайтын бөлшектерді, майларды сақтауға арналған. ЖЖ складындағы 2 – цехте бетонда алаңда соғылған имаратта 10 горизонталь орналасқан, болаттан жасалған, әр қайсысының көлемі 25 м3 ыдыстар орналасқан – 8 бірлік; көлемі 50м3 – 2 бірлік; ЖЖ складындағы 3 – цехте – 6 ыдыс әрқайсысы 25м3.
ЖЭБ ғимараты (жөндеу – эксплуатациялау блогы) «Бейнеу» СӨБ – да бар арнайы техниканы және де газтасымалдайтын агрегаттардың механизмдерін, тораптарын, бөлшектерін жөндеу жұмыстарын өткізуге арналған. 1 қабатты, өрттөзімділік дәрежесі III, ракушеблокты кірпіштен жасалған, қабырғалары сыланған, жабындысы темірбетонды. Ғимараттың жартысы автомобильдерге арналған бокс, оның ішінде өрт автомобильдеріде.
Қызметті – эксплуатациялық блок «Бейнеу» сызықты – өндірістік басқармасында жұмыс істейтін инжинер – техникалық жұмысшыларын орналастыруға арналған. 3 қабааты, өрт төзімділігі III дәреже. Қабырғалары ракушеблок кірпіштен жасалған, сыланған. Ғимараттың жалпы көлемі 1035м2.
Материалдық склад өндірістің технологиялық процесстеріне керекті материалдар мен құрылғыларды сақтауға арналған. Қабырғалары мен жабындысы профилиренген беттен темір каркас бойымен жасалған. Ғимараттың жалпы көлемі 974 м2.
«Рабица» темір торымен қоршалған, төбесі шиферден жасалған, ашық алаңдағы пропан мен кислородты сақтауға арналған склад.
ЖЖС «Бейнеу» СӨБ – де бар арнайы техниканы жанар жағар меймен толтыруға арналған. Компрессорлық станцияның аумағында орналасқан, бензинді сақтауға арналған 4 ыдыс, көлемі 25 м3әрқайсысы және дизельді сақтауға арналған 1 ыдыс, көлемі 14м3.
Барлық ғимараттар мен имараттар өртті алғашқы сөндіру құрылғыларымен жабдықталған.
(өрт сөндіргіштер, щиттар) нормаға сәйкес.
4. Электрмен қамтамасыз ету және электр жабдықтары
4.1 Элертр энергиясын тұтынушылар және энергетикалық жүктемелер
Көрсетілген объект бойынша тұтынушылар болып табылады:
Компрессорлық станция:
- ауа компрессорларының электржетегі, компрессорларды басқару шкафтары, ішкі эл.жарықтандыру, өрт дабылының қалқандары мен аппаратуралары.
Сорғыш өрт сөндіргіш:
- өрт сорғыштарының электржетектері, айналма сорғыштар, эл.ысырмасы, ішкі эл.жарықтандыру.
Ішкі алаң тұтынушылары:
- сорғыту сыйымдылығының сорғыш электржетегі, шамшырақ жүйесі, аршылу эл.ысырмасы, сыртқы эл.жарықтандыру, сулы резервуарлардың эл.жылытқыштары блоктарын эл. жылыту және операторлық түрде болады.
4.2 Компрессорлы
Электрмен қамтамасыз ету беріктілігі бойынша компрессорлы электрқабылдағыштар тұтынушылардың санатына жатқызылады. Компрессорлық жайда 220В жұмыс жарықтандыруы қарастырылған. Компрессорлық жайда ауаны басқару үшін жарықтандыру щитогы орнатылады, онда жарықтандыру жүйелерін автоматты түрде ажырату қарастырылған. Жұмыстық жарықтандыру үшін Л үлгідегі жарылыс қорғағыш шырағданы қолданылады. Шырағдан кронштейннің көмегімен төбенің негізгі құрылымына бекітіледі. Шырағдандарды орнату орындары монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында орнында анықталады. Компрессорлық жайды апаттық жарықтандыру үшін ВЗГ-200 үлгідегі шырағдан қолданылады (24В). Шырағдандар шатырдың негізгі құрылымына бекітіледі.
Компрессорлық жайда апаттық жарықтандыру үшін резервтік қоректену көзі орнатылады. Жарықтандыруды ажырату ылғалды қорғалған жүйе пайдаланылады және компрессорлық жайдың сыртына орнатылады.
Компрессорлық жайдағы жарықтандырудың барлық сымдарының желісі электрдәнекерленген түтікте орындалады, құбырларды жалғастыру КТА қосу қораптарында жүзеге асырылады. Үрлеу және сору желдеткіштері ауа компрессорлық жайында орнатылатын магнитті іске қосқыш арқылы қосылады.
4.3 Электрлі химиялық қорғау іс-шаралары
Оқшаулауының ақаулануы кезінде электр тоғымен зақымданудан қорғау іс-шаралары ретінде 0,4кВ кернеуін нөлдеу және 6кВ кернеуіне жерлендіру қарастырылған. Компрессорлық станцияның жабдығын В16 дөңгелек болатты көлбеу жерлендіруімен жалғанған, орға төселген В16 дөңгелек болатты көлбеу электродтарымен атқарылады. Барлық жеке-дара жерлендіру жабдықтары барлық технологиялық жабдықтар мен аппаратураларды қосу арқылы сорғыш алаңында жерлендірудің тұтастай бір контурына біріктіріледі. Жерлендірудің кедергісі жылдың кез келген маусымында 4 Омнан көп болмауы тиіс. ҚР ҚН 2.04-29-2005 сәйкес компрессорлық станцияны және технологиялық жабдықтарды найзағайдан қорғау аралық желкенді тіреуде өзекті найзағай қабылдағыштарды орнату арқылы шешіледі. Жобаланатын ВЛ-6кВ барлық тіректері жерлендірілуге жатады. Газқұбырының автомобиль жолымен түйіскен жерінде жобамен қаптаманы D=426х8мм, ұзындығы-50м протекторлы қорғау және қорғау әлеуетінде бақылау құралдарын орнату қарастырылды.
Жобамен компрессорлық станцияның алаңында V=8м3 өндірістік-жауын ағындарына, V=12,5м3 технологиялық сорғыту сыйымдылығына, жер асты сорғыту құбырына және құбырлардың автомобиль жолдары арқылы өткеруде қорғағыш қаптамаларына арналған топырақ дақтарынан сақтау қарастырылды. Қорғау ПМ-10У және ПМ-20У үлгідегі протекторлардан топтық протекторлық қондырғылармен жүзеге асырылады.
Құбырлардың қорғалатын жер асты бөлігін жер бетінен электрлі оқшаулау үшін жобамен оқшаулау ернемектері қарастырылады. Оқшаулау ернемектері жобаның технологиялық бөлігімен қамтылады және жерден қорғалатын құбырлардың кірмесінде және шығысында орнатылады.
4.4 Бақылау және автоматтандыру
Осы жобадағы автоматтандыру объектілері ретінде келесі имараттар қарастырылды:
Компрессорлық станция
Операторлық.
Ішкі алаңды желілер.
Өрт сөндіру имараттары және тораптары.
Автоматтандыру деңгейі жобалауға қойылатын талаптармен, қолданыстағы нормативтік құжаттармен және тапсырыс берушімен ұсынылған техникалық тапсырыспен айқындалды. Жобамен қызмет көрсететін персоналдың тікелей агрегаттар мен аппараттарда ұдайы болуынсыз қалыпты пайдалану ахуалында қондырғының жұмысын қамтамасыз ететін объектілерді автоматтандыру, апаттық режим орын алған кезде, апаттық және технологиялық дабыл жағдайында автоматты қорғаныс және бұғаттау, сонымен қатар технологиялық қондырғыда газдануды бақылау жөніндегі іс-шаралар қарастырылды.
Автоматты ауа салқындату газ (АТК) сорғы бірлік қалдырып газды салқындату үшін пайдаланылады. Ол, катушкалар параметрі автоматты түрде қосылатын арқылы өтетін жол бағамының жоғарыда газ температурасын арттыру жағдайда әуе жанкүйерлер оған орнатылған отырып, металл кадрдың жасалған ашық саласындағы құрылымы болып табылады.
Жылыту және желдету ауалы компрессорлық жайларды жылумен қамтамасыз ету үшін, жылыту приборлары ретінде «Systemair» фирмасының қабырғада орнатылған Proff жылыту желдеткіші қолданылады.
Компрессорлық жайды жабдықтардан бөлінетін артық жылу есебінен жылумен қамтамасыз ету. Желдету жылу қалдықтарын ассимиляциялауға есептелген сору-шығарулы. Ағын және сору тіреуде орнатылған осьті желдеткіштермен жүзеге асырылады.
Құрылыстың 1-ші кезеңінде желдеткіштер уақытша тіреуде орнатылады (5-ші ось бойынша). Құрылыстың 2-ші кезеңінде желдеткіштер негізгі қабырғаға көшіріледі (8-ші ось бойынша).
Құрылыстың 2-ші кезеңінде 5-8-ші остердегі қабырғаларда екі қосымша компрессорлардың есебінен қосымша ауа алмасуға есептелген АНР үлгідегі сору-үрлеу сыртқы торлы желдеткіш орнатылады. Өрт сөндіру сорғыш станциясының ғимаратын жылумен қамтамасыз ету – электрлі. Жылыту приборлары ретінде қабырғада орнатылатын «Systemair» фирмасының Proff жылыту желдеткіштері пайдаланылады. Сору станциясын желдету табиғи ниеттенуімен сормалы-үрлемелі. Сору 3 ретті - дефлекторлы, ағын ұйымдастырылмаған, терезе және есік арқылы жүргізіледі. Ауа өтпелері МЕСТ 19904-90 жұқа парақты мырышты темірден жасалады.
4.5 Автоматтандырудың көлемі
- Компрессорлық:
Әрбір компрессор компрессорлық залда орнатылған «Murphy» бақылау және басқару шкафында орналастырылған «Centurion» контроллер базасында басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған.
- компрессорлардың апат алды көрсеткіштерінде компрессорларды ажыратуды және мониторингті қамтамасыз ететін «Murphy» басқару панелі;
- компрессордың апаттық жағдайда тоқтағаны кезінде газды автоматты түрде шамшыраққа шығару;
- компрессорларды іске қосу кезінде және бос жұмыс істеу режимінде шуылды төмендету мақсатында компрессорлық тапсырыс түрінде шығарылатын газды атмосфераға жергілікті ығыстыру;
- компрессорлық ғимаратта өрт сөндіру жүйесі;
- газталдау жүйесі, газдануды бақылау жүйесінің міндеттері болып табылады:
• технологиялық жүйелерден газдың шығуын автоматты түрде анықтау (20% және 50% НКПР);
• персоналға газ детекторлары арқылы ақпаратты шоғырландыру (сәулелі/дыбыстық дабыл);
• 50% НКПР кезінде барлық айналатын жабдықтарды автоматты түрде тоқтату.
Жүйе компрессорларды және қосалқы жабдықтарды басқару және қорғау үшін арналған.
Басқару шкафынан компрессорды локалды басқару жүргізіледі:
- жабдықтардың жұмысын басқару;
- жабдықтың ақауы туралы технологиялық дабылдау;
- басқарудың алгоритмін орындау және технологиялық бөлшектердің жетектеріне басқарушылық ықпал етуді шығару;
Келтірілген қызметтер келесі операциялардың негізінде жүзеге асырылады:
- датчиктерден және қайта құрылымдаулардан ақпарат алу;
- ақпаратты алғашқы өңдеу;
- өлшеуіш арналарының ахуалын бақылау;
- төменгі деңгейдің RS-485 «Modbus» желісі арқылы орталық процессормен ақпарат алмасуды қолдау;
RS-485 «Modbus» арнасы арқылы басқару шкафы операторлықтағы контроллермен және компрессорлық станциядағы АРМ операторымен байланысады.
- Операторлық:
Операторлық залда қоректену шкафы, контроллер шкафы, газталдау шкафы, өрт дабылының панелі, оператордың және қондырғы инженерінің жұмыс орны бар. Автоматтандырылған жұмыс орындары экрандарының орналасуы үдерісті көзбен бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |