2.1 Құрылыс конструкцияларды сараптау.
Құрылыс конструкцияларының экспертизасын салалық немесе әдейіленген нормативті құжаттардың тақырыптары бойынша ғимараттың талап ететін өртке төзімдік дәрежесін анықтаудан басталады.Осылай өндіріс ғимараттарының отқа төзімділік дәрежесі ғимараттың қабаттылығы мен ауданына, өрт жарылыс қауіптілігінің категориясы және де ғимараттарды автоматты өрт сөндіру құрылғыларының болуына тәуелді нормалар бойынша анықталады. Технологиялық бөлімімен өндірістің технологиялық сызбасын оқиды, зат және материалдың жарылыс қауіпті қасиеттерін анықтама бюросы бойынша қолданылатын заттар мен материалдардың өрт қауіпті қаситеттерінің санды және сапалы сипаттамаларымен танысады және норма бойынша ғимараттың және бөлмелердің категориясын анықтайды. Ғимараттардың ауданың бірінші қабатының жобасы бойынша анықтаған жөн, ал ғимараттың қабаттылығын көлденең фассадпен және көлденең қима бойынша жасалуы тиіс. Кейде барлық берілгендер бірінші қабаттың жобасында берілген жобаның бас бөлімді (паспортты парақта) парақта немесе түсіндіру хатында беріледі.
Талаптық қоғамдық ғимараттардың отқа төзімділік дәрежесі қабаттылығы мен сыйымдылығынан, қабаттың ауданынан, тағайындалуынан шыға отырып нормалармен анықталады.
Талапты тұрғын ғимараттардың отқа төзімділік дәрежесі құрылыс ауданынан ғимараттың қабатынан және өртке қарсы қабырғаларының болу шартынан нормалар бойынша анықталады.
Ғимараттың талапты өртке төзімділік дәрежесін біле отырып әдейіленген және салалық құжаттардың сәйкес келетін пунктерімен нормативті құжаттардың тараулары бойынша құрылыс конструкциясының талапты өрт төзімділік шектерін және конструкция бойымен өрттің таралуын анықтайды, ал егерде берілген құжаттарда бұл берілген құжатта бұл берілгендер жоқ болса, онда талапты отқа төзімділік дәрежелері және өрттің таралу шектері (19) әдебиетінің 1 – кестесі бойынша анықталады. Құрылыс конструкцияларының экспертиза кестесінде (3.1 кестесі) ғимараттағы барлық құрылыс конструкциялары енгізіледі. Конструкция саны және олардың қысқаша сипаттамасы жобаның түсіндірме хатынан, сызбалардан (ғимараттың қималарынан, жобаларынан бөгеттермен жапқыштар жобасынан) және де ғимараттың фрагменттерінен және ғимарат конструкцияларынан алынады. Бір қатар жағдайларда жобаның архитектуралы-құрылыс бөлігінің сызбаларынан басқа экспертиза кезінде конструкциялардың, бөлмелердің т.б. бұйымдардың есіктердің т.б. каталогтардың қолдану, жүгіну жасалынатын түсіндіру хатында немесе жобаның жұмыс сызбаларындағы сериялар мен номерлерге. Көп жағдайды бір ғимаратта унифицерленген бір типті конструкциялар қолданылады, сондықтан олардың әр цех және әр жеке бөлмеге сәйкестігін тексеруінің қажеті жоқ. Ерекшелік ретінде жоғарлатылған өрт қауіпті бөлмелер болады.
Жобалық материалдардың экспертизасы кезінде біріншіден тексеріске ұшырайтын:
1.Ішкі және сыртқы қабырғалар және де сатылы торлардың қабырғалары.
2. Каркасты қабырғалар: бағандар, ригельдер, каркастың толтырылуы каркасты қабырғалардың элементтерін тексеру түйіндері.
3. Қанқалы қалқа.
4. Бағандар колонналар.
5. Жабындылар, (подвалдың бетінде, қабатаралық, шатырлы): тасушы элементтер, жылытқыш, едендер.
6. Сатылар: алаңдар, марштар, косоуры, баспалдақтар.
7. Сатылы элементтердің, жабындылардың, бөгеттердің, ішкі қабырғалардың қапталуы.
8. Тасушы қаптағыштар: тасушы элементтері (балкалар, фермалар, погондар, аркалар), настилдер, жылытқыш, жабын.
9. Аспалы төбелер: каркас, каркасты толтыру, жылытқыш.
10. Есіктер (есікті маталар және қораптар): ішкі қабырғаларда және бөгеттерде, сыртқы қабырғаларда, сатылы торлардың қабырғаларында шатырға кіруде, өртке қарсы бөгеттерде.
11. Терезелі ойықтарды толтыру: сыртқы, ішкі қабырғаларда және бөгеттерде, сатылы торлардың қабырғаларында, өртке қарсы бөгеттерде.
Конструкциялардың тактикалық отқа төзімділік шегін және оттың таралу шектерін анықтау пунктарымен кестелер арқылы жүзеге асады (19). Құрылыс корпустарының отқа төзімділік шектері тек конструкциялардың бөлек түрлеріне көбіне мінезді көптеген факторларға тәуелді. Қабырғалармен бөгеттердің фактикалық отқа төзімділік шектері материалдарға, қалыңдыққа, конструктивті орындалуына отқа төзімділік қабаттың қалындығына (алғаш конструкциялары үшін) тәуелді және пасобие бойынша анықталады:
- бетонды және темір бетонды бөгеттер үшін 3 кесте бойынша;
- бетонды және темір бетонды қабырғалар үшін 4 кесте бойынша;
- тас бөгеттермен қабырғалар үшін 10 кесте бойынша;
- ағаш бөгеттермен қабырғалар үшін 12 кесте бойынша ;
- ілгіш панельдермен парақтардан тұратын бөгеттермен қабырғалар үшін 14 кестесімен. Бағандар мен столбтардың отқа төзімділік шектері материалдарға, көлденен қиманың көлеміне, қыздыру тәсіліне, арматура өсіне дейінгі арақашықтыққа (темір бетонды бағандар үшін) оттан қорғау қабатының қалындығына тәуелді және пасобиямен анықталады.
- 10 кесте бойынша кірпішті столб үшін;
- 11 кесте бойынша метал бағандар үшін;
- 12 кесте бойынша темір бетонды баған үшін;
- 2 кесте бойынша темір бетонды баған үшін;
Темір бетонды балкалар үшін өртке төзімділік шектері балканың көлденең қимасының кеңдігіне, арматура өсіне дейін арақашықтығына, арматура класына, балка қабырғасының кеңдігіне тәуелді және пособиялармен анықталады.
(19) – ауыр бетонды балка үшін 6 кестесі бойынша;
- жеңіл бетонды балка үшін 7 кесте бойынша (п.п. 2.18, 2.20, және 2.21 талаптарының шарттары бойынша); Бір беттік қыздыру кезінде балканың отқа төзімділік шегі темір бетонды плита үшін және жабындылар мен жапқыштар үшін қабылданады.
Темір бетонды плиталардың және жабындылар мен жапқыштардың отқа төзімділік шегі олардың түрінен (көлденең қимасынан, көп бос аралықты, қабырғалы), тірелу әдісінен (екі жағынан), суластыру контурынан, бетон түрінен (жеңіл, ауыр), арматура классына тәуелді және (19) пособиясынан анықталады: - 8 кесте бойынша бір қабатты плиталар үшін;
- екі қабатты плиталар үшін (жеңіл және ауыр бетоннан) 9 кесте бойынша п.п. 2.18, 2.21 талаптарын есепке ала отырып.Қабырғалармен төмен қараған қабырғалы темір бетонды плита үшін отқа төзімділік шегі балға секілді 6 және 7 кестелері бойынша алынады, бұдан қабырға қалыңдығы ретінде қосылған екі плита қабырғаларының қалыңдығы алынады.
Темір бетонды ферма мен аркалардың отқа төзімділік шегі конструктивті элементтің көлденең минималды қимасының кеңділігінен, бетон түрінен (жеңіл немесе ауыр) арматура өсіне дейінгі арақашықтығынан, арматура классына тәуелді және 5(19) кестесі бойынша анықталады.Болат және ағаш фермалардың, рамалардың, аркалардың, ағаш және болат балкалар бойынша жабындылардың отқа төзімділік шегі материалдың жасалуынан, элементтердің және түйіндердің отқа төзімділік әдісіне тәуелді, 11,12, (19) кестелері бойынша анықталады.
Ғимарат үшін және оның параметірлеріне келісі өрт қауіпсіздік шарты орындалуы тиіс:
О тр. = О ф.
П ф. ≥ П тр.; (3.2) L ≤ L
мұндағы: П ф., П тр - сәйкес құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік шегін фактикалық және талап ететін.
L,L - сәйкес оттың құрылыс конструкциялары бойымен тарау шегі фонтикалық және мүмкін болатын.
Кесте 1
|
Конструкция аталануы және олардың қысқаша сипаттамасы
|
Жобамен қабылданған
|
Тәлімдеме пунктеріне сілтеме
|
ОТД қандай ғимараттарда пайдалануға болады
|
Норма бойынша қажет
|
Норма пунктеріне сілтеме
|
Қорытынды
|
Пф
САҒ
|
LФ
СМ
|
Птр
САҒ.
|
Lдоп
СМ.
|
|
Сыртқы қабырғалар:
Кірпіштен МЕСТ 530-95-2002 бойынша қалындығы 500мм
|
4
|
0
|
кесте 1
|
I
|
2,5
|
0
|
Тех.регламент №14
16.01.2009
|
Сәйкес келеді
|
|
Ішкі тасушы қабырғалар,кірпіштен, қалындығы 120 мм
|
2,0
|
0
|
кесте1
|
I
|
2,5
|
0
|
Тех.регламент №14
16 .01.2009
|
Сәйкес келмейді
|
|
Баспалдақ тор қабырғалары: кірпіштен МЕСТ 530-95-2002 бойынша, қалындығы 200мм
|
2,5
|
0
|
кесте 1
|
I
|
2,5
|
0
|
Тех.регламент №14
16.01.2009
|
Сәйкес келеді
|
|
Кірпіш ара қабырғалар
|
0,4
|
0
|
Кесте1
|
I
|
0,5
|
0
|
Тех.регламент №14
16.01.2009
|
Сәйкес келмейді
|
|
Көп қуыстары бар темірбетонды плиталардан тұратын ара жабын, плита қалындығы 120 мм, жылытқышы бар, арматура өсіне дейінгі қашықтығы 45 мм, контур бойынша тіріледі.
|
2
|
0
|
кесте 1
|
I
|
0,7
|
0
|
Тех.регламент №14 16.01.2009
1
|
Сәйкес келеді
|
|
Сатылар, тұтас темірбетонды баспалдақ аланшалар.
|
3
|
0
|
кесте1
|
I
|
1
|
0
|
Тех.регламент №14
16.01.2009
|
Сәйкес келеді
|
|
Шатыр – стропильді. Гидрооқшаулау – мырышталған шатырлы болат, қалындығы 0,8 мм.
|
Нормаланбайды
|
|
Барлық бөлмелерде есік пен терезелер ағаштан жасалынған.Еден керамикалы және ағаш.
|
Нормаланбайды
|
Құрылыс конструкциялардың сараптамасы нәтижесінде бұзушылықтар табылған жоқ.
2.2 Ішкі жоспарларды сараптау
Ішкі жоспарына қойылатын нормалардың өртке қарсы талаптар тексеріске жатқызылатын тізіміне кіру тиіс. Бұл жоспар шешімдерінің қысқаша сипаттамасынан кеиін құрастырылады.
1. Ғимараттың өртке қарсы отцектерге бөлу керектігі: ауданы бойынша функционалды тағайындалуы бойынша , өрт қауіпсіздігі бойынша.
2. Ғимаратты өртке қарсы секцияларға немесе бөлек бөлмелерге бөлу мына мақсатта:
- өрт қауіптілігі әр – түрлі өндірістік процесстерді бөлу;
- бөлмелерді немесе отсектерді функционалды тағайындалуы бойынша бөлу.
- жарылыс қауіпті процесстерден шоқтардың ашық бөлініп шығатын технологиялық процесстерден оқшаулау;
- өрт қауіптілігі бойынша келіспейтін процестерден оқшаулау;
- осы бағалы материалдар және құрылғылармен бөлмелерді оқшаулау;
- улы заттары бар процесстерді оқшаулау;
3. Ғимараттардың қабаттары бойынша жарылыс және өрт қауіпті бөлмелерді орналастыру.
4. Ғимараттың цоколды және подвалды бөлмелерін оқшаулау:
- подвал үстін жабатын жабынның отқа төзімділігі;
- жабында ойықтардың бар болуы және қорғанысы;
- бірінші қабаттар арқылы шығулардың бар болуы;
5. Ғимарат шытырын оқшаулау:
- шатыр жабынының отқа төзімділігі;
- жабын мен шатырға шығулардың бар болуы;
- шатырға апаратын қақпалардың, есіктердің өлшемдері мен отқа төзімділігі,
6. Басқа бөлмелерден сатылы торларды оқшаулау.
7. Қоқыс камералар мен құбырларды оқшаулау.
Экспертиза кестесінде ғимараттың ішкі жоспарының әр техникалық шешімі бойынша қорытынды шығарылады, ал сараптау кестесінен кейін өрт қауіпсіздік талаптарына жоспарлық шешімдердің сәйкестігі туралы жалпы қорытынды жазылады.
Ғимарат І ОТД жатады. Жоспарлы шешімдерге қойылатын өртке қарсы талаптардың сәйкестігін тексеру қажет. Сараптамаға келісі шешімдер жатады:
Кесте 2
№
р/с
|
Не тексеріледі
|
Жобада көзделген
|
Норма бойынша қажет
|
Нормаларға сілтеме
|
Қорытынды
|
1
|
Аудан бойыншы өртке қарсы отсектерге бөлу қажеттілігі.
|
Көзделмеген: қабат ауданы 3002м2
|
Бір отсекте өртке қарсы қабырғалар арасында 4000 м2 көп емес.
|
ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2009
|
өртке қарсы қабырғаларды орнатылуында қажеттілігі жоқ.
|
2
|
Функционалды тағайындалу бойынша бөлу.
|
Көзделмеген
|
Ғимараттың функционалды тағайындалу әр түрлі бөліктерді бір – бірінен бөлу қажет.
|
ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2009
|
Сәйкес келеді
|
3
|
Баспалдақ торларды ғимараттың басқа бөлмелерден оқшаулау қажеттілігі.
|
оқшауланған
|
оқшаулау
|
ҚР ҚНжЕ 3.02-02-200 9
|
Сәйкес келеді
|
4
|
Жертөледан өздігінен және жеке шығулардың бар болуы.
|
Сыртқа жертөледан 3 өздігінен шығу көзделген
|
Жертөледардан шығуларды тікелей сыртқа көздеу керек.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2009
|
Сәйкес келеді
|
5
|
Төбе мен шатырға шығулардың бар болуы.
|
Көзделмеген
|
Төбе мен шатырға шығуларды баспалдақ торладан немесе сыртқы өрт сатылардан көздеу керек.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келмейді
|
Ғимараттың көлемді жоспарлы шешімдердің сараптамасы барысында төбе мен шатырға шығулар көзделмеген.
2.3 Өртке қарсы тосқауылдарды сараптау
Ғимараттардың және имараттардың ішкі жобасының сараптауының нәтижесінде ғимаратты өртке қарсы отсектер мен секцияларға бөлу керектігін анықтайды, өртке қарсы бөгеттердің түрлерін таңдайды және олар өтетін осьтерді жазады, ал содан кейін өртке қарсы бөгеттердің экспертизасына кіріседі:
Жобада қарастырылған, өртке қарсы бөгет түріне тәуелді, тексеріске келесі элементтер жатады.
Өртке қарсы қабырғалар.
1. Өртке қарсы қабырғаны орнату керектігі.
2. Ғимаратты өрткеқарсы отсектерге бөлуге қажетті өрткеқарсы қабырғалар саны.
- орнату керектігі;
- шектелген аудан;
- биіктік;
3. Конструкциялардағы өртке қарсы белдеулер және диафрагмалар.
- орнату қажеттілігі
- белдеу кеңдігі
- диафрагманың немесе белдеу материалының жанғыштығы.
- шектелген аудан.
4. Клапандар.
- орнату қажеттілігі;
- отқа тұрақтылық (отқатөзімділік шегі және оттың таралу шегі);
- қолды (дистанционды) және автоматты ашу үшін пусктың бар болуы;
Өртке қарсы бөгеттердің нақты конструктивті - жобалы шешімдерін қабаттардың қималарының сызбасынан, ғимараттың көлденең және бойлы қимасынан және бөлек түйіндердің және ғимарат фрагменттерінен анықтайды.
Бұл жағдайда сызбаларды сызған кезде өртке қарсы бөгеттердің конструкциялардың қосылу түйіндерінің, олардан қорғанысын және т.с.с. шешімдерін анықтауға болатын бөлшектердің нөмірлеріне және фрагменттеріне негізгі назар аудару қажет. Бірқатар жағдайларда жобаның архетектурлы - құрылыс бөлігінде жобамен қарастырылатын басқа бөліктерге каталогтармен МЕСТ – қа (мысалы өртке
қарсы есіктерге ) ұсыныс жасалады. Жобаланған өртке қарсы бөгеттердің толық және объективті сапа суретін алу үшін экспертиза кезінде көрсетілген МЕСТ – қа категорияларды, қарастырылған жобаның басқа бөліктерін қолдану керек.
Өртке қарсы аумақтар.
1. Өртке қарсы аумақтың бар болуы және типтері.
2. Аумақ ені.
3. Өртке қарсы аумақ конструкциясының отқа төзімділігі:
- ішкі қабырғалар;
- бағаналар;
- далда;
- бөгеттер;
- жабындар;
- сыртқы қабырғалар;
- жабындағы тік диафрагмалар (2 типті аумақ үшін).
4. Ғимарат жабынындағы жылытқыштың өздігінен жана алуы.
5. Жабын үстіндегі греб аумағының жоғарылауы.
6. Аумақ шектерінде жарылыс және өрт қауіпті бөлмелерді орналастыру.
7. Аумақтың қоршалынған конструкцияларындағы өртке қарсы ойыстардың қорғанысы және ауданы, бар болуы.
8. Сулы дренчерлі завестердің бар болуы (2 типті аумақтар үшін).
9. 2 типті аумақтағы жабынның көтерілімі үшін сыртқы өрт сатылардың барболуы, саны.
10. Конструкцияның бір жағы бұзылған кезде бір жақты лақтыруда аумақтың тұрақтылығы.
Өртке қарсы қалқа
1. Өртке қарсы қалқалардың бар болуы және құрылысы қажеттілігі.
2. Өртке қарсы қалқалардың отқа төзімділігі:
- отқа төзімділік шегі;
- оттың таралу шегі;
3. Өртке қарсы қалқалардың басқа конструкциялармен
шектесу түйіндерінің отқа төзімділігі.
4. Ілмелі төбелердің өртке қарсы қалқалармен қиылысуы.
5. Өртке қарсы қалқалардағы басқа ойыстардың және есіктердің қорғанысы және бар болуы.
6. Бұрыш жадында ғимараттың екі бөлігінің қиылысу орындарында өртке қарсы қалқа құрылысы.
Өртке қарсы жабындар
1. Өртке қарсы жабынның типтері және бар болуы, құрылысы қажеттілігі.
2. Өртке қарсы жабынның отқа төзімділігі:
- отқа төзімділік шегі;
- оттың таралу шегі;
3. Ғимараттың сыртқы қабырғаларымен өртке қарсы жабындарды мүшелеу.
4. Өртке қарсы жабындарда ойыстардың бар болуы мен қорғанысы.
5. Өртке қарсы жабындардың құбырлармен, шахталармен, каналдармен қиылыстыру.
Өртке қарсы есіктер мен қақпалар
1. Өртке қарсы терезелердің типтері және бар болуы мен құрылысының қажеттілігі.
2. Отқа төзімділік шегі:
- шынылау;
- терезе ойыстары;
3. Оттың таралу шегі:
- шынылауы бойынша;
- терезелік өтпелдер бойынша;
4. Өртке қарсы терезелердің притворы (ашымдылығы).
Өртке қарсы шымылдық
1. Өртке қарсы шымылдықтың бар болуы және құрылысының қажеттілігі.
2. Отқа төзімділік шегі.
3. Қаңқаның қаттылығы мен мықтылығы:
- көлденең элементтердің прогибі;
- шымылдықтың тік элементтерінің прогибі;
- шымылдықтың негізгі қаңқасындағы кернеу;
4. Шымылдық герметизациялығы:
- портальды ойыстардың өлшемдеріне қатысы бойынша шымылдығы;
- шымылдықтың жоғарғы кромкасының герметизациясы;
- шымылдықтың төменгі кромкасының герметизациясы;
- жанындағы шымылдықтың герметизациясы.
5. Шымылдық ілгіш арқалықтың отқа төзімділік шегі.
6. Шымылдықта су бүркуінің бар болуы.
7. Шымылдықты гравитационды түсірудің бар болуы.
8. Шымылдықты түсіру жылдамдығы.
9. Шымылдықты түсіру үшін орындар саны.
10. Шымылдық лебедкасы үшін бөлменің конструктивті –жоспарлық шешімдері:
- қоршайтын конструкциялардың отқа төзімділігі
( оттың таралу және отқа төзімділік шегі)
- эвакуациялық коридорға шығулардың бар болуы.
Тамбур-шлюздер
1. Құрылғының бар болуы және қажеттілігі.
2. Тамбур – шлюз элементтерінің отқа төзімділік шегі:
- қалқалар;
- есіктер.
3. Тамбур – шлюз элементтері бойынша оттың таралу шегі:
- қанқалар бойынша;
- жабындар бойынша;
- есіктер бойынша.
4. Тамбур – шлюз өлшемі:
- ені;
- тереңдігі.
5. Тамбур – шлюздегі есіктер саны.
6. Тамбур шлюздың герметизациялығы:
- есіктің ашылу бағыты;
- есіктердің өзінен - өзі жабылатын механизмдерінің бар болуы;
- есіктер притворларындағы тығыздықтардың бар болуы.
- тамбур – шлюзде ауа подпорының бар болуы.
Басқа жергілікті өртке қарсы бөгеттер
1. Ойыстарды дренчерлі су шымылдықтармен қорғау.
- құрылғы қажеттіліктері;
- шығын;
- қысым.
2. Сұйықтықтардың төгілмеуі үшін борттарының бар болуы:
- құрылғы қажеттіліктері;
- шектелетін аудан;
- биіктігі;
3. Конструкциялардағы өртке қарсы белбеулер мен диафрагмалар.
- құрылғының қажеттілігі;
- белбеу ені;
- белбеу немесе диафрагма материалының жанғыштығы;
- шектелетін аудан.
4. Клапандар.
- құрылғы қажеттілігі;
- отқа төзімділік (оттың таралу және отқа төзімділік шегі);
- автоматтық және қолдық ашудың бар болуы (дистанциялы іске қосудың.
Ғимараттың бөлек түйіндері мен фрагменттері және ғимараттың тура немесе көлденең кескіннен жоспарлардың сызбалары бойынша өртке қарсы бөгеттердің фактикалық конструтивті – жобалы шешімдерін орнатады.
Сызбаларды оқу кезінде бұл жағдайда өртке қарсы бөгеттер конструкциясының ұстасу түйінінің және олардың қорғанысының шешімдерін нақты орындауға мүмкіндіктерге сәйкес фрагменттер мен бөлшектердің нөмірлеріне ерекше назар аудару керек. Жоба архитектуралы – құрылыстық бөлігінің жағдайлар қатарында МЕСТ – қа, каталогтарға (мысалы, өртке қарсы есіктерге ) және басқа қарастырылатын жобалар бөлігіне бағыныштар жасалады. Жобаланған өртке қарсы бөгеттердің толық және сапалы түрін алу үшін сараптама кезінде қарастырылатын жобаның басқа бөліктерін, каталогтарын, МЕСТ – тағы мәліметтерді қолдану қажет
Кесте 3
№
р/с
|
Не тексеріледі
|
Жобада көзделген
|
Норма бойынша қажет
|
Нормаларға сілтеме
|
Қорытынды
|
1.
|
Өртке қарсы қабырғаларды орнату қажеттілігі
|
Көзделмеген
|
Қажет емес
|
ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2009
|
Сәйкес келеді
|
2.
|
Өртке қарсы қабырғалардың бар болуы және орнату қажеттілігі
|
Барлық бөлмелерде от төзімділік шегі 2 сағат ара қабырғалар
|
Қойма вент камера бөлмелерін 1-ші типті өртке қарсы ара қабырғамен бөлу керек.
|
ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2009 , ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
3
|
Өртке қарсы ара қабырғалар қиысу түйіндерінің от төзімділігі.
|
Қиысу түйіндері от төзімділігі 1,25 сағ.
|
Кем емес 1,25 сағаттан
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
4.
|
Өртке қарсы ара қабырғаларда есік ойықтарының бар болуы және оларды қорғау.
|
Өртке қарсы ара қабырғаларда көзделеген ойықтар қалыңдығы 50 мм ағаш есіктерімен қорғалған.
|
Ойықта 1-ші немесе 2-ші типті өртке қарсы есіктің орнатылуы.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келмейді
|
5.
|
өртке қарсы ара жабыңды орнату қажеттілігі.
|
2-ші типті ара ара жабың
|
2-ші типті ара ара жабың
|
ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2009
|
Сәйкес келеді
|
6.
|
Өртке қарсы ара жабыңның от төзімділігі.
|
От төзімділік шегі 1,5 сағ., жалың таралу шегі 0
|
От төзімділік шегі 1сағ., жалың таралу шегі 0
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
7.
|
өртке қарсы ара жабыңдылардың ғимараттың сыртқы қабырғалармен жаңасу.
|
Ара жабың плиталары сыртқы қабырғалар ға тығыз жаңасады.
|
Ара жабың плиталары сыртқы қабырғаларға тығыз жаңасады.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
8.
|
Өртке қарсы есіктерінің саңылаусыздығы.
|
Ойықтарда есіктер ағаш, топсаларда тығыздалмаған.
|
Топсаларда тығыздалған өздігінен жабылатың есіктер.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келмейді
|
Өртке қарсы тосқауылдарды сараптау бөлімінде өртке қарсы есіктерінің саңылаусыздығы мен өртке қарсы ара қабырғаларда есік ойықтарының жоқ болуы және оларды қорғанысы көзделмеген.
2.4 Эвакуациялық шығу және эвакуациялық жолдарын сараптау.
Эвакуациялық шығулар мен жолдардың сараптамасын мамандандырылған және бөлімдердің нормалардың кестелері мен пункттерге және 4(13) тарауға сәйкес тараулардан кейін бастау керек.
Кестені толтырар алдында берілген ғимараттағы бар эвакуациялық шығулар мен жолдардың, сол сияқты өрт кезінде адамдар жүруінің маршрутының бар болуына және санына қысқаша жазбалау керек. Егер ғимаратта бірнеше функционалды процестер болса, онда олардың әр біреуіне мінездеме беру керек. Мысалы, мәдениет үйінің сараптамасы кезінде ғимараттың сценалық бөлігі үшін, көрме залы және фойе үшін (театрлы қойылымдар мен жиналыстар үшін, кино зал ретінде қолдану жағдайына) эвакуациялық шығулар мен жолдарды мінездеп – жазу керек. Осы мақсатпен тыңдаушы өз ойымен ғимарат ішімен көрушінің барлық жолын өтуі тиіс.
Бұның бәрі эвакуациялық шығулардың орналасу дұрыстығын, эвакуацияланатындардың қозғалыс маршрутын, эвакуациялық жолдардың ұзақтылығын, ғимараттың әр бөлігінен эвакуациялық шығулардың бар болуы өзіне ұсынуға көмектеседі.
Эвакуациялық шығулар мен жолдарды уақытша сараптамалау әдістемесінне мыналар кіреді:
1. Бөлек бөлмелерден, қабаттардан, ғимарат ішінен эвакуациялық шығулар мен жолдардың саны.
2. Эвакуациялық шығулардың көзделуі.
3. Эвакуациялық жолдардың ұзақтылығы.
- эвакуациялаудың бірінші кезеңінде (бөлмеде);
- эвакуациялаудың екінші кезеңінде (есіктен алыс орналасқан бөлменің жақын орналасқан ғимараттан шығуына дейін).
4. Есіктердің минималды және максималды өлшемдері (ені және биіктігі):
- жер беті қабатындағы бөлмелер;
- сыртқы;
- подвалда;
- шатырда.
5. Минималды жол өлшемі (ені және биіктігі):
- жабдықтар арасында;
- креслолар қатарының арасында;
Көлденең және тура (көрме залдарында).
6. Корридорлардың минималды ені.
7. Сатылы марштар мен аудандардың минималды ені.
8. Эвакуациялықтардың суммарлық ені (жалпы):
- есіктер;
- өтпелдер;
- коридорлар;
- сатылы марштар;
- сатылы алаңдар.
9. Эвакуациялық шығулар мен жолдардың конструктивті орындалуы:
- есіктердің ашылу бағыты;
- есіктердің өзінен-өзі жабылу механизмдерінің бар болуы;
- есіктер притворларында тығыздықтардың бар болуы;
- есіктерді ілу әдісі;
- есіктердің отқа төзімділігі;
- айналатын, көтерілетін, ажыратылатын есіктердің және эвакуация жолдарында турникеттердің бар болуы;
- эвакуация жолдарында айналардың және жалған есіктердің бар болуы;
- эвакуация жолдарында табалдырықтардың бар болуы;
- эвакуация жолдарында күрделі бұрылыстар мен қиылыстардың бар болуы;
- эвакуация жолдарында шығып тұрған конструкциялардың бар болуы;
- эвакуациялау жолдарын жанғыш материалдармен жабдықтау;
- пандустардың өңісі және бар болуы;
- корридорларда табиғи жарықтанудың бар болуы;
- корридорларда бөлгіштердің бар болуы.
10. Сатыларды конструктивті безендіру:
- эвакуациялық сатылардың саны және бар болуы;
- саты торлары қабырғаларының отқа төзімділігі;
- саты алаңдарының отқа төзімділігі;
- сатылы марштардың отқа төзімділігі (косоурлар мен баспалдақтар);
- сатының өңісі;
- саты маршында баспалдақтардың саны;
- баспалдақтардың өлшемі;
- жүгіріп алу баспалдақтардың бар болуы;
- кескін алаңдардың бар болуы;
- жергілікті кеңеюлер мен жіңішкеюлері;
- сатылы торларда шығып тұратын 2 м деңгейінде бөлімдердің бар болуы;
- винттік сатылардың бар болуы;
- сатылар арасындағы зазорлардың шамасы және бар болуы;
- перилалар мен қоршаулардың бар болуы;
- сатылы торға кіру және одан шығу есіктердің ені;
11. Сатылардың түтінге қарсы қорғанысы:
- сатылы торларда сатыларды орналастыру;
- сатылы торлардың ішкі қабырғаларында ойыстардың бар болуы;
- есік ойыстарында есіктердің бар болуы;
- есіктердің өзінен - өзі жабылу механизмдерінің бар болуы;
- есік притворларында тығыздықтардың бар болуы;
- сатылы торға тамбур – шлюз арқылы кірудің бар болуы;
- сатылы марштардың астында немесе алаңдарда, қоймалық немесе басқа бөлмелердің алаңдарында бар болуы;
- сатылы торларда өндірістік коммуникацияның бар болуы (газ құбырлар, желдеткіш каналдар және т.б.);
- сатылы торларда қоқыс құбырларының бар болуы;
- сатылы тор қабырғасын жанғыш безендірудың бар болуы;
- алаңдар мен баспалдақтарды жанғыштармен безендірудің бар болуы;
- перилаларды жанғыштармен безендірудің бар болуы;
- сыртқы қабырғаларда терезелер арқылы саты торларды табиғи жарықтандыруының бар болуы;
- сатылы торлардың сыртқы қабырғаларында өзі ашылатын терезе өтпелдерінің ауданы және бар болуы;
- сатылы торда апатлық жарықтандырудың бар болуы;
- вестибюль арқылы немесе сыртқа тікелей шығудың бар болуы;
- аралас бөлмелерден вестибюльды оқшаулау;
- вестибюльды корридорлардан оқшаулау;
- сатыларды шатырлардан оқшаулау;
- сатыларды подвалдардан оқшаулау;
- саты торының алдында тамбур – шлюзде немесе сатылы торға ауа тірегі жүйесінің бар болуы.
12. Ішкі ашық сатылардың құрылысы:
- ашық сатылар құрылғыларының мүмкіндігі және бар болуы;
- ішкі ашық сатылардың ені;
Сыртқы шығуға дейін ашық саты бойымен эвакуациялық шығудың ұзақтылығы.
- ішкі ашық сатылардың өңісі;
- ашық саты орналасқан бөлменің қоршайтын конструкцияның отқа төзімділігі (оттың таралу және отқа төзімділік шегі);
- Фойе, аралас бөлмелерден, корридорлардан ашық сатылармен бөлмені оқшаулау;
13. Сыртқы эвакуациялық сатылар:
- сыртқы эвакуациялық сатылар құрылғысының мүмкіндігі және бар болуы;
- сатылар өңісі;
- саты ені;
- сатының қоршағыш биіктігі және бар болуы;
- сатылар алаңдарын орналастыру және бар болуы;
- ғимараттың саңырау орындарында эвакуациялық сатыларды орналастыру;
- эвакуациялық сатылар өтетін орындарда саңырау жерлерінің отқа төзімділігі.
Эвакуациялық шығулар мен жолдардың шешімдерін фасад, техникалық қабат және (техникалық алаңнан) подвал жоспарлары, сатылардың жалпы түрі бойынша олардың элементтері және түйіндері, өлшемдері, қабат жоспарлары бойынша анықталады. Өндірістік ғимараттарда қабаттардың жоспарлары бойынша цех шекараларын, ал қоғамдық ғимараттарда – бір функциональды арналудың бөлмелік шекаралар топтарын анықтайды. Кейін әр бөлмені эвакуациялық шығулармен қамтамасыз етілгенін тексереді. Сызбалардың масштабтары бойынша эвакуациялық
жолдардың, сол сияқты эвакуациялық шығулар мен жолдардың ұзақтылығын сызғышпен өлшеп алып, шығулардың орналасуларын тексереді, бір сатыға немесе шығуға келетін адамдар санын есептейді.
Дұрыс типті өндірістік және қоғамдық ғимараттарда ашық сатылар, сол сияқты эвакуация жолдарында антресоль қолдану кең таралды. Екі метрлік саты бойымен жол оның орналасу биіктігіне тең деп қабылданады және бастақы арақашықтыққа қосылады екенін есте сақтау керек.
Қабаттар жосапрлары бойынша сатылы торлардың бар болуын, сатыларды табиғи жарықтандыруын, торлардан тікелей сыртқа немесе вестибюль арқылы шығуларды, сол сияқты алаңдар, баспалдақтар өлшемдерін, баспалдақтар санын анықтайды және басқа конструктивті шешімдердің бөлшектерін анықтайды,олар кейін сатылардың кескіндері мен өлшемдері бойынша нақтыланады.
Жобада қабылданған есіктер типін анықтау үшін есіктер сертификациясының кестесін қолдану қажет немесе (кейде есіктерді және терезе блоктарын) немесе "Столярлық бұйымдар" деп аталатын жоба беттерімен қолдану қажет. Есіктер типтерінің келесі белгілеулері қабылданады: СЕ – сыртқы есіктер, ІЕ – ішкі есіктер. Есіктер типтерінің кейбір белгілеулерінде оның ені қосылады: ІЕ – 8 ені 0,8м. Өртке қарсы есіктердің белгілеулерінде одан басқа "П" индексіал қағазда "Столярлық бұйымдар" деген және оларды дайындау әдісі болуы мүмкін. Осы бетте есіктерді ілуіне назар аудару керек.
Кесте 4
№
т/б
|
Не тексеріледі
|
Жобада көзделген
|
Нормалар бойынша қажет
|
Нормаларға сілтеме
|
Қорытынды
|
1
|
Ғимарат пен қабаттардан көшіру шығулардың саны.
|
Ғимараттан 4, ал қабатта 2 көшіру шығу көзделген.
|
Ғимараттан көшіру шығулардың саны екіден кем болмау керек.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
2
|
Көшіру щығулардың орналасуы.
|
Көшіру жолдары таралған.
|
Көшіру жолдар таралып орналасы тиіс.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
3
|
Коридорлардың минималды еңі
|
1м 30см қабылдан ған
|
1м
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
4
|
Есіктердің минималды және максималды өлшемдері:жер қабат бөлмелерінде.
|
мин. 1.1м
макс 1.20м
|
Залдарға үшін 0.8м.,көрірмендер орынжоқ жерде 1.2м
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009.
|
Сәйкес келеді
|
5
|
Сыртқы есіктер
жертөле
|
мин. 1.1 м
макс. 1.41м
мин 1.1
макс 1.41
|
0.8м
0.8м
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
6
|
Жолдар мен көшіру шығулардың конструктивті рәсімделуі:
а) есік ашылуының бағыты
|
Көшіру бағытымен
|
Көшіру бағытымен
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
|
б) өздігінен жабылатын есіктердің бар болуы.
|
есіктер
|
Топсаларда тығындар бар өздігінен жабылатын өртке қарсы есіктер
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келмейді
|
7
|
Топсаларда тығындардың бар болуы.
|
Тығын көзделмейді
|
Тығыны бар өздігінен жабылатн өртке қарсы есіктер
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келмейді
|
8
|
Коридордың нағыз жарықтандыруының бар болуы
|
Коридор дың терезе ойықтары арқылы көзделген
|
нормаланбайды
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
9
|
Сатылардың конструктивті рәсімденуі
а) көшіру сатылардың бар болуымен саны.
|
3 көшірі саты
|
2 көшірі саты
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
|
б)баспалдақ тор қабырғаларының от төзімділігі
|
б/т басқа бөлмелерден және коридорлардан 1-ші типті өртке қарсы қабырғамен бөлімген.
|
б/т 1-ші типті өртке қарсы қабырғамен бөлінуі тиіс
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 п. 4.3
|
Сәйкес келеді
|
|
в) баспалда қаланшалардың от төзімділігі
|
т/б плита қалындығы 120 мм, арматура осіне дейінгі қашықтық 45 мм, от төзімділік шегі Пф=2 сағат lф= 0
|
ПО — 1ч
ПРО — 0
От төзімділік дәрежесі
— 2
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
|
д) саты бұрышы
|
1/2 30
|
1/2 пайдалану керек
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
|
ж) сатының 1-ші маршының баспалдақ саны
|
Саты маршында 8 баспалдақ
|
Маршында баспалдақ саны 16-дан аспауға тиіс
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
|
з) 2 метр денгейінен төмен шығатын бөліктердің бар болуы.
|
Жоба бойынша көзделмеген
|
Қабырға жазықтығынан 2,2 биіктігіне шығатын бөліктерді саты аланшадан биік орналастыруға болмайды.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
10
|
Айналмалы сатылардың бар болуы
|
Көзделмеген
|
Көшіру жолдарында айналмалы сатыларды орнатуға болмайды.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
11
|
Жүгірмелі баспалдақтардың бар болуы
|
Көзделме ген
|
Көзделме ген
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
12
|
Кесілген алаңшалардың бар болуы
|
Көзделме ген
|
Көзделме ген
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
13
|
Баспалдақ тор арасында қашықтықтарды бар болуы және өлшемі.
|
0.10 м
|
0.10 м
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
14
|
Перилалардың және қоршаулардың бар болуы
|
Перилалар көзделген
|
Ұстағаштары бар қоршаулар болуы тиіс.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
15
|
Баспалдақ тор кіреберісінде есіктердің ені
|
1.35
|
1,35
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
16
|
Баспалдақ марш пен алаңшалардың ені.
|
Алаңша ені 1140 мм, марш 1350 мм
|
Алаңша еңі марш енінен кем емес.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келмейді
|
Эвакуациялық шығу және эвакуациялық жолдарын сараптау бөлімінде баспалдақ марш пен алаңшалардың ені нормаға сәйкес келмейді және өздігінен жабылатын есіктермен топсаларда тығындардың жоқ болуы.
2.5 Өрт сөндірушілердің табысты жұмыстарын қамтамасыз ету техникалық шешімдерін сараптау.
Ғимарат жобасында қарастырылатын өртке қарсы іс – шаралар бағыттарының бірі өрт сөндірушілердің жақсы жұмысы үшін жағдайларды болдыру болып табылады. Бұнда алдыңғы сараптаманың кестелерінде қарастырылмаған оның пайда болуында өртті жақсы сөндіруін қолдайтын конструктивті, жоспарлы және арнайы техникалық шешімдерді қарастыру жөн. Бұндай шешімдерге келесілерді жатқызамыз:
1. Сыртқы болатты тік сатылар (апаттық):
-сыртқы болатты сатылар құрылысының қажеттіліктері және олардың бар болуы;
- сатылар типтері (6:1 өңісімен тік немесе көлденең);
-сатылар саны;
- сатылар ені;
- сатының төменгі бөлігі қондырғының биіктігі;
- сатының қоршауы;
- жабынға шығуда алаңдардың бар болуы;
- биіктік бойынша 8 метр сайын алаңдарды бар аралық алаңдардың бар болуы.
2. Өрт лифтері:
-құрылғының қажеттілігі және бар болуы;
-өрт лифтерінің саны;
-лифтің жүк көтерімділігі;
-кабина өлшемдері;
-лифтті (шахтаны) қоршайтын конструкциялардың отқа төзімділік шегі;
-лифттің (шахтаны) қоршайтын конструкциялар бойынша оттың таралу шегі;
-лифттің кабинасын басқару және қоректену көзінің тікелей бар болуы.
3. Ғимараттың подвалды және цокольді қабаттарының қорғанысы:
-ғимараттың жер үстіндегі қабаттарынан подвалды оқшаулау;
-ғимараттың подвалды және цоколды қабаттарына біріктірілген немесе өздік кірулердің бар болуы және құрылысының қажеттілігі;
-өртқауіпті бөлмелерді подвалда немесе цокольды қабатта орналасатын басқа бөлмелерден оқшаулау;
-подвалды басқа бөлмелерінен (цокольды қабаттардан) инженерлік жабдықтарды орналастыру және коммуникацияларды төсеу үшін бөлмені оқшаулау;
- подвалды және цокольды қабатта (отсекте) өрт-қауіпті бөлмелердің ауданы;
- ғимараттың подвалды және цокольды қабаттарында өтпелдердің ені;
- подвалды (цокольды) қабаттың өртқауіпті бөлмелерінде жер жадындағы терезе ойыстардың минималды өлшемдері, саны және бар болуы;
- өрт-қауіпті бөлмеде терезе ойыстарының суммарлық ауданы.
4. Техникалық қабатты қорғау (подполья):
-техникалық қабатты ғимараттың басқа қабаттарынан оқшаулау;
-техникалық қабаттан шығулардың минималды өлшемдері, түрлері, саны және бар болуы;
- өтпелердің биіктігі;
-үлкен ұзақталған ғимараттарда тіке өтудің бар болуы;
-өрт машиналардың кері айналуы үшін жол алаңдардың және көшелердің бітеу аудандарының бар болуы.
5. Чердактарды қорғау:
-чердакты ғимараттың басқа бөлмелері мен қабаттарынан оқшаулау;
-шатырға кірулерді оқшаулау, саны және бар болуы;
-мансардтары бар ғимараттарда чердак пазухтарын қоршайтын конструкцияларда люктердің бар болуы;
-өтпелдердің ені.
6. ғимараттың жоғарғы қабаттарында және чердактарында жабындарда өрт сөндіруге сәйкестенетін техникалық шешімдер:
-жабынға шығулардың бар болуы және құрылғылардың қажеттіліктері;
-жабынға шығулардың саны;
-чердактан немесе саты торларынан жабынға апаратын терезелердің, люктердің және есіктердің минималды өлшемдері;
-жабында қоршаулардың биіктігі және бар болуы;
-жабын биіктігі құлауларында болатты тік сатылардың бар болуы.
7. Басқа техникалық шешімдер (селекторлы байланыстың бар болуы, өрт жеңдерін жалғау үшін бастиектері бар құрғақ құбырлар құрылғылары және т.б.).
Пайда болған өртті сөндіру бойынша өрт бөлімдердің жақсы жұмысына сәйкес келетін талап ететін техникалық шешімдер 2 (13), ал нормативтік құжаттардың арнайы тарауларының пункттеріне сәйкес келеді. Өрт сөндірушілердің тиімді жұмысын қамтамасыз ететін техникалық шешімдер жобалық құжаттаманың басқа альбомдарында, жоспарлық шешімдердің бөлек фрагменттерінде, ғимарат фасадының сызбаларында, жабын жоспарында, қабаттардың жоспарында және ғимарат кескіндерінде, жобаның архитектуралы-құрылыстық бөлігінде және түсіндірмелі қағазда табылады.
Кесте 4
№
|
Не тексеріледі
|
Жобада көзделген
|
Норма бойынша қажет
|
Нормаларға сілтеме
|
Қорытын-ды
|
1
|
Сыртқы тік болат сатыларды орнату қажеттілігі және бар болуы.
|
Көзделмеген
|
Баспалдақ торлардан шатырға шығуын немесе сыртқы өрт сатыларды көздеу керек.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келмейді.
|
2
|
Шатырға шығулардын саны.
|
Көзделмеген
|
әр бір 1000 м2 үшін бір шығу
S = 1304 м2, яғни екіден кем емес
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді.
|
3.
|
өрт туралы хабарлағыштын бар болуы.
|
Көзделген
|
Қажет
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
4.
|
өрт лифттер, бар болуы және орнату қажеттілігі.
|
Көзделме ген
|
Қажет емес
|
ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2009
|
Сәйкес келеді
|
5.
|
Жертөледы қабатында өтпелердін еңі.
|
Минималды ені 0,9 м
|
0,8 м кем емес
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келеді
|
6.
|
Шатыр биіктігінің ауысу орындарында болат сатылардың бар болуы.
|
Көзделмеген, ауысу 2,1 м
|
1м көп ауысу көп орындарында болат сатыларды орнатуға қажет.
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009
|
Сәйкес келмейді.
|
Шатыр биіктігінің ауысу орындарында болат сатылардың жоқ болуы.
2.6 Ғимараттың басты жоспарын сараптау
Өндірістік мекеменің немесе қала тұрғын пунктінің бас жоспары бір объекттен аралас объекттке, бір ғимараттан басқа ғимаратқа оттың таралуын шектеу және өрт сөндіру кезінде өрт бөлімдердің жақсы маневр жасауына сәйкестенуі керек.
Объект бас жоспарының сараптамасын өткізу алдында (7), (8) өртке қарсы талаптарын оқып үйрену қажет.
Объектың бас жобасының экспертизасының жекеменшік әдісі (қаланың, елдімекеннің ауылдық елдімекеннің) өзіне келесі сұрақтарды қосу керек:
1. Өндірістік мекеменің, шаруашылық тұрғылықты пункттің,
ауылдың, қаланың жалпы территориясын аумақтарға немесе функционалды территорияларға мүшелеу.
2. Жергілікті рельефті есепке алу қажет.
3. Орналасу кезінде желдің бағытын есепке алу қажет:
- жанатын материалдардың, төмендетілген газдардың, ЖТС, ЖС қоймалары;
-искраларды лақтыру немесе оттың ашық көзімен қондырғылар;
- жарылғыш және өрт қауіпті объектерді.
4.Кірулердің, өтулердің және жолдардың бар болуы:
- территорияға кіру саны;
- кірулер арасындағы арақашықтығы;
- автомобильдер кіретін қақпалардың кеңдігі;
- ғимарат территориясындағы қатты бетті жолдарға дейінгі арақашықтық;
- ғимараттарға және имараттарға жақындап келулер олардың көлемдерінің есебін ескере отыра және тұйық және жартылай тұйық алаңдардың бар болуы;
- сызылған ғимараттарда тіке өтулердің бар болуы;
- жоғары қабатты ғимараттардың тіке өтудің бар болуы
- жолдардың және көшелердің тупикті учаскелерінде өрт автомобильдің кері бұрылу үшін алаңдардың бар болуы.
5. Өрт апвто сатысы және авто көтергіштер арқылы кезкелеген пәтерге кіру мүмкіндігі.
6. Жаяу өтетін көпірлердің, тонельдердің және галереялардан жаяу өтетін жолдар мен темір жолдардан немесе автомобиль жолдарының қиылысу жерлерінде бар болуы.
7. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету:
- өрт су қоймаларының немесе гидранттарының бар болуы;
- өрт су қоймасына жақындап келуінің бар болуы;
- жолдар және ғимараттарға дейінгі өрт гидранттарының арақашықтығы.
8. Өрт депосы:
- бар болуы;
-саны;
- қызмет ету радиусы.
9. Өртке қарсы арақашықтық:
- гидранттар арасында;
- қоймалар арасында;
- қоймалармен ғимарат арасында;
-ғимараттармен, әр түрлі имараттармен, сол сияқты технологиялық қондырғылармен.
Тұрғылықты пункттің немесе объект бас жоспарларының фактикалық жоспарлық шешімдеріситуациялық жоспардың тік және көлденең жоспарлауы сызбалары бойынша орнатады, кейбір кезде жоба альбомы бойынша, оның аталуы «Гегнералды жоспарлау» деп аталады. Бұл кезде жолдарға, ғимараттардың орналасуына, өтпелдерге, жақындап келулерге, өртке қарсы кескіндерге, өртке қарсы сумен жабдықтауға жергілікті рельефке, роза ветровқа, қажетті ғимараттар мен имараттар арасындағы арақашықтықтарға, қоймаларға, кірулерге, жолдарға үлкен назар аудару керек, сызу масштабын қолданып өлшеу сызғышының көмегімен анықтайды. Бөлек ғимараттардың имараттардың және қоймалардың орналастыру биіктігін басқа объекттерге қарағанда тік жоспарлауы сызбасында көлденең сандық белгілер бойынша орнеатады. Бас жоспар сызуының жоғарғы сол жақ бөлігінде көбінесе көрсетілетін "Роза ветров" жыл бойы жел бағытының алдын алумен анықтайды және басқа жобаланған объекттерге қатынасына қарағанда жел келу жағынан қондырғылардың және имараттардың, қоймалардың өрт және жарылысқауіпті ғимараттардың дұрыс орналасуын тексеруге мүмкіндік береді.
Бас жоспардың тексерілу нәтижелерін сараптама кестесіне енгізеді, кейін басқа сараптамалар кестелерінен кейін қарастырылған жобалық құжаттамадағы өрт қауіпсіздік талаптары шешімдерінің сәйкестігі туралы жалпы қорытынды шығарылады.
№
|
Не тексеріледі
|
Жобамен көзделген
|
Норма бойынша қажет
|
Нормаларға сілтеме
|
Қорытынды
|
1
|
Ғимарат пен автотұрақ арасындағы қашықтық.
|
Жоба бойынша 15 м көзделген
|
6 м кем емес қажет
|
кесте 1
ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2008
|
Сәйкес келеді
|
2
|
Объект пен тұрғын үйлер арасындағы қашықтық.
|
Жоба бойынша 30 м көзделген
|
6 м кем емес қажет
|
кесте 1
ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2008
|
Сәйкес келеді
|
Кесте 5
Ғимараттың басты жоспарын сараптау бөлімінде ескертулер жоқ
2.7 Ғимараттың түтінге қарсы қорғанысын сараптау
Ғимараттардың түтінге қарсы қорғанысы қажетті бағытта жанып жатқан бөлмеден түтінді шығару үшін, өрт пайда болған жерде ғимараттағы температуралық және газ ауысым режимін реттеуге, эвакуация жолдарын және аралас бөлмелердің түтін болмауын қамтамасыз ету үшін арналған. Ғимараттың түтінге қарсы қорғанысы көлемдік-жоспарлы, конструктивті және арнайы техникалық шешімдерімен
жетілдіріледі. Түтін кетіргіш құрылғылар ретінде желдеткіш қондырғылар, түтін люктары, жарық аэрационды фонарлар және ашылатын терзе өтпелдері қолданылады.
Ғимараттың түтінге қарсы тексеруі бойынша негізгі нормативтік құжат ҚНжЕ "Жылыту, ауаны тазарту және кондицианерлеу" болып табылады. Түтінге қарсы қорғанысына кейбір талаптар арнайы нормативтік құжаттарда негізделеді.
Түтінге қарсы қорғанысын уақытша сараптамалық әдістемесін құрастыру үшін қажетті сұрақтар тізімі ғимараттың тағйындалуына байланысты болады.
Жалпы тағайындалу ғимараттары.
1. Түтін шығаратын ойыстар мен құрылғылардың қажетті құрылғылары келесі бөлмелерде болуы керек:
- подвалды және цокольді бөлмелерде;
- ғимараттың негізгі қабат бөлмелерінде;
- шатырлы бөлмелерде.
2. Түтін шығаратын құрылғылардың түрлері:
- ашылатын терезелер;
- ойықтары бар терезелер (подвалды және цокольді қабаттар үшін);
- клапандары бар түтінді немесе түтінді желдеткіш шахталар (люктер);
- механикалық қоздырумен түтінге қарсы апаттық желдеткіш қондырғылары.
3. Түтін шығаратын ойыстардың ауданы
- бір шахта;
- суммарлық.
4. Бөлмедегі түтінді клапандар саны.
5. Түтінді аумақтар саны.
6. Түтін сорғыштарды орналастыру:
- жабында;
- қабырғаның жоғарғы бөлігінде;
- есіктерден 0,2 жоғары жіне басқа құйғыш ойыстар;
- қоршайтын басқа конструкцияларда.
7. Түтінді клапандарды іске қосуға келтіру әдісі.
8. Түтін шахтаның және клапан конструкциясы:
- клапан материалының жанғыштығы;
- шахта материалының жанғыштығы;
- түтін шахтаның үрлемеуін қамтамасыз ету;
- клапанның қатып қалмауын қамтамасыз ету бойынша шешім.
9. Түтінге қарсы апаттық желдету жүйелері агрегаттарының тиімділігі және жұмысқа қабілеттігі:
- ауа ауысым қысқалығы;
- вентилятордағы қысым;
- вентилятордың беруі (өнімділігі);
- вентилятор типі (өстік, ортадан жүгіргіш)
- вентиляторды іске қосу әдісі;
- түтінді шығару клапандарын орналастыру;
- жану өнімдерін төгу орындарының орналасуы;
- су ауысымның отқа төзімділігі;
- арнайы белгіленген бөлмелерде желдеткіш агрегаттарды орналастыру.
Жоғарғы қабатты ғимараттар.
1. Түтін алмайтын саты торларының санымен түрлері:
- ашық галереялар, лоджиялар, балкондар бойынша сыртқы ауа аумағына қабат аралық шығу арқылы;
- сатылы торға тікелей ауа тірегімен;
- сатылы тор алдында тамбур – шлюзға ауа тірегімен.
2. Түтінденбейтін болат торлардың 1 типті конструкциялық шешімдері:
- ғимараттағы олардың саны;
- бөгеттейтін конструкциялардың отқа төзімділігі ;
- саты торларының ішкі қабырғаларында есіктердің және басқа ойыстардың болуы;
- сыртқы ауа аумақта есік ойыстары арысындағы ара қашықтық;
- ауа аумағының қоршау биіктігі;
- сатылы тордан тікелей сыртқа шығудың болуы;
- ауа тірегімен тамбур-шлюз арқылы вестибюлге бірінші қабат деңгейінде шығу құрылғысы;
- сатылы тордың өзі жабылатын есіктер механизмдерінің бар болуы;
- балкондар құрылғысы -"отстойниктердің" немесе қабат ауданының көлемі 500 м2 типті коридорлы немесе секциялы қоғамдық ғимараттарда сатыларға көшіру.
3. 2 типті саты торларын түтіндемеумен қамтамасыз ету.
- ауа тірегімен желдеткіш жүйенің болуы;
- вентилятордағы қысым;
- вентилятордың беруі (өнімділігі);
- бірінші қабат деңгейінде артық қысым шамасы;
- сатылы торда бөлгіштің болуы;
- сатылы тор есіктеріндегі қуыстар өлшемі;
- тіректі түзу үшін ауа жинағының орнын орналастыру;
- өздік желдеткіш камерада тірек жүйесінің жабдықтарын орналастыру;
- сыртқы қабырғаларды терезе арқылы жарықтандыру;
- сатылы тордан тікелей сыртқа шығулардың болуы;
4. 3 типті сатылы тордың түтіндемеу мүмкіндігін қамтамасыз ету:
- сатылы тор алдында қабаттық тамбур – шлюздер ауа тірегімен желдеткіш жүйенің бар болуы;
- саты торын қоршайтын конструкцияның отқа төзімділігі;
- тамбур-шлюзді қоршайтын конструкцияның отқа төзімділігі;
- тамбур-шлюз өлшемдері;
- тамбур-шлюздың өздігінен жабылатын есіктер;
- вентилятордағы қысым;
- вентилятордың беруі (өнімділігі);
- тамбур – шлюздегі артық қысым шамасы;
- сатылы тордан сыртқа тікелей шығудың болуы.
5. Лифттік шахталардың түтіндемеуін қамтамасыз ету:
- ауа тірегімен желдеткіш жүйенің болуы;
- вентилятордағы қысым;
- вентилятордың беруі (өнімділігі);
- бірінші қабат деңгейінде артық қысым шамасы;
- тірек түзу үшін суды жинау орындарын орналастыру;
- өздік желдеткіш камерада тірек жүйе жабдығын орнату;
- лифттік холды коридордан оқшаулау;
- лифттік шахталарды қоршайтын конструкцияның отқа төзімділігі;
- өрт лифттың құрылысы және болуы;
6. Түтін шығару жүйесінің тиімділігі және құрылысы;
- тік түтінді шахталардың бар болуы;
- шахталарды күту радиусы және саны;
- корридордағы әр қайсысының ұзындығы 30 м сайын өздігінен жабылатын есіктермен бөгеттердің болуы;
- түтіндік шахтаның конструктивті орындалуы;
- түтін шығару шахта қабырғаларының отқа төзімділігі;
- түтін шығару шахтаның қимасы;
- қабаттық клапандардың конструктивті орындалуы, орналасуы және бар болуы;
- түтін шығарудың қабаттық клапандар қимасы;
- қабаттық клапандарының орналасу биіктігі;
- вентилятордағы қысым;
- вентилятордың беруі;
- өздік желдеткіш камерада түтін шығару жүйе жабдықтарын орналастыру;
- вентилятор түрі ( ортадан жүгіргіш немесе өсті);
- вентагрегат шуды кетіретін жұмсақ қыстырмалардың жанғыштығы;
- желдеткіш жүйе герметизациялығы;
- түтінді шығару әдісі;
- түтінді шығару орнын орналастыру.
7. Түтінді шығару және ауа тірек жүйесін іске қосу әдісі;
- өрт дабылдағыш хабарлағыштарға қарағанда автоматтық;
Ғимараттың түтінге қарсы жобалық шешімдері бөлек бөлшектермен фрагменттер, фассадтар, кескіндер, қабаттар жоспары бойынша, түсіндірме қағаз бойынша орнатылады. Терезелер және олардың өлшемдер санын өрт қауіпті бөлмелердегі терезе фрамогалармен ашылатын форточкаларды терезе блоктарының специфика кестесі, ғимараттың кескінімен жоспарлары арқылы анықталады. Жарықаэрационды фонарьлардың өлшемдері, оларды ашу механизмдері сызбалардағы беттерге сәйкес және жобаның түсіндірме қағазында енгізулер баратын, кейбір кезде арнайы каталогтар бойынша, жабынның кескіндерінің, жабын жоспарларының, жабынды плиталардың жоспарын реттеу бойынша шешім қабылдайды. Түтінді шахталар мен
люктердің құрылысы жабын және бөгет плиталарды реттеу бойынша тексереді (түтінді шахталарды өткізу үшін қуыстар орнатады), ғимаратың фасадтары бойынша (түтінді шығару дефлекторларының бар болуын анықтайды), каталогтар бойынша (түтінді клапандарды ашу әдісін, түтінді шахталар мен клапандардың отқа төзімділігін және конструктивті орындалуын шешеді). мысалы, текстильды өндірістің өндірістік ғимараттары үшін түтінді дефлекторлар мен шахталардың конструктивті орныдалуы СССР жеңіл өндіріс Министрлігінің ГПИ – 1 мен өңделген 4 – 1190 – 75 серия каталогы бойынша тексеріледі.
Клубтар, мәдениет сарайлары, театрлар үшін түтінді люктердің сызбаларын қолданады, олар ереже бойынша "Сахнаның механикалық жабдықтары" деп аталатын жоба тарауында болады. Жасанды қоздырумен түтінге қарсы қорғаныс жүйе сызбалары әсіресе "Инженерлі жабдықтар" немесе "санитарлы – техникалық жүйелер және құрылғылар" жоба (бөлігінде) альбомында орналасады. Жоғарланған қабаттылық ғимаратын түтінге қарсы қорғау жүйелерінің элементтері жоспарлар, ғимарат фасадының және кескіндерінің жоспарлары бойынша есепке алынады, сол сияқты "Автоматика және түтін шығару", "Түтінге қарсы желдету" немесе "Жылу беру және желдету" жоба тараулары бойынша есепке алынады.
Егер сараптама жүзінде каталогтар, альбомдар, сызбалар болмаса тыңдаушы қосымша жобалық құжаттама сараптамасына ұсыныстар қажеттіліктері туралы нормативтік талаптарды қанағаттандырмайтын талаптарға сәйкес қорытынды сияқты қарастырылатын шешім қабылдауға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |