Өндірістік ғимараттардың жұмыс аймағы ауасындағы температура, ылғалдылық, ауаның жылжу жылдамдығы және зиянды заттардың деңгейі МЕМСТ 12.1.005-88 «Жұмыс аймағындағы ауаның жалпы санитарлық-гигиеналық талаптарына» сәйкес болады.
Жұмыс орындарына жақын жерлерде аптечкалармен, дәрі-дәрмектермен жабдықталған санитарлық күзет орындары болады.
Дәрі-дәрмектер жиынының құрамын бақылау цех басшыларына міндеттеледі.
Өндірістік мекемеден тыс жұмыс істейтіндер үшін жылытылатын ғимараттары қарастырылады.
Өндірістік цехтарда жұмыс істеушілердің ішу режімі жобамен қарастырылған санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады.
Ас қабылдауға тек асханалар мен буфеттерде немесе соған арнайы бөлінген жерлерде рұқсат беріледі.
Емдеу-алдын ала қоректендіру ыстық тағамдары кәсіпорынның асханаларында беріледі.
1.1. Өндірістік мекемелердегі өнеркәсіп түсінігінің мәні, түрлері.
Өнеркәсіп – бұл халық шаруашылығының маңызды құраушысы болып табылады. Немесе толықтай атап кететін болсам, өнеркәсіп бұл – ұлттық тұтыну заттарының бір бөлігіне ие болатын және өндірістің еңбек заттары пайда болатын фабрика, зауыттар, акционерлік қоғамдар өнеркәсіптік кәсіпорындардың жиынтығы болып табылатын халық шаруашылық салаларының бірі. Халық шаруашылығы салаларында жетекші рөлді алатын - өнеркәсіп. Өнеркәсіп еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай – ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуатты өнеркәсіп еліміздің қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені болып табылады. Өндіріс дегеніміз не? Деген сұраққа жауап көрейік, қоғамның өмірі сан қырлы болуы әр алуан салалардағы адам қызметінің түрі көп болғандығының нәтижесі. Бірақ мұның барлығы қоғамда материалдық игілік өндіру қызметтерінің болуының арқасында ғана болуы мүмкін. Адамды қоршаған табиғат оның ең қарапайым қажетін өтеуге керек нәрсені дайын күйінде бере қоймайды, осыдан да адамдар өздерінің күш жігерлерін өздеріне қажет заттар жасауға жұмсауға яғни өндіруге тиісті ал мұндай қажеттілікті ешкім өзгерте алмайды. Өндіріс қоғам өмірінің маңызды өзге де салалары келіп шығатын негізгі саласы ретінде көрінеді. Осылайша, өндіріс дегеніміз адамдардың табиғат пен қарым қатынасын, олардың табиғат затын жаңарта отырып, оны өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бейімдеп алуын білдіретін ерекше процесс. Халық шаруашылығы салаларында жетекші рөлді - өнеркәсіп. Өнеркәсіп еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай – ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуатты өнеркәсіп еліміздің қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені болып табылады, оның ішінде негізгі орынды халық шаруашылығының барлық салалары үшін өндіріс қорларын өндіретін ауыр өнеркәсіп алады. Сондай – ақ жеңіл және тамақ өнеркәсіптері үшін жеке тұтынатын заттар дайындайды.
Өнеркәсіп саласы – бұл өнеркәсіптік және өндірістік бірлестік-тердің жиынтығы. Сапа құрамына жаңа өнімді дайындайтын ғылыми зерттеу, жобалық және жобалық конструкторлық ұйымдар да кіреді. Әрбір саланың өзінің экономикада және ұйымда көрінетін спецификалық ерекшеліктері болады.
1.2Өрттердің және олардың себептерінің статистикасы
Өндірістік мекемелерінде өрт жиі болып тұрады және өртке қарсы қызметінің жұмыскерлері көп адамдардың өліміне байланысты оның пайда болу себептерін көп уақыт бөліп толық меңгеруде. Бұл өрттердің себептері негізінен мыналар болып табылады:
отты дұрыс қолданбау;
электр қондырғыларымен қолдану ережелерін бұзу;
электр қондырғыларда және сымдарда қысқаша тұйықталу;
құрылыс жұмыстары кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;
өртеу.
Осы кезде көбінесе өртті сөндіруді ұйымдастыру қиындықтарынан ерекше қорытындыларға әкеп соғады.
Өндірістік мекемелеріндегі өртті сәтті сөндіруге өрттің еркін даму уақыты көп әсер етеді. Бұл уақытта оны табу уақытынан басқа өртке қарсы қызметіне өрт туралы хабар жету уақыты кіреді, ол кезекші қызметкерлерінің барына байланысты, өртке қарсы қызметі бөлімдерімен тікелей байланыс 7-ден 20 минутқа дейін (орташа мағынасы 12 мин).
Өндірістік мекемелерінің ғимараттарының өрт төзімділік дәрежесі I және II болғанда өрттің сызықтық даму жылдамдығы 0,5-тен 1,5 м/мин дейін, ал өрт төзімділік дәрежесі III және IV ғимараттарда 2-ден 3 м/мин дейін, бұған жанғыш материалдардың көп мөлшерде бары әсер етеді, ол тіркеу орынында 80-100 кг/м2, университеттерде 30-50 кг/м2, басқа бөлмелерде 20-30 кг/м2 құрайтын өрт ауыртпалығы куәландырады.
Бұның бәрі өрттің ауданының үлкен жылдамдықта өсуіне әсер етеді, ол келтірілген өрттерде 3-тен 45 м2/мин-қа дейін өзгереді.
Өндірістік мекемелерінде өрт ең алдымен адамдарға қауіп төндіреді.
ӨСБ өртке келісімен әкімшілікпен және қызмет көрсету қызметкерлерімен байланыс орнатады, адамдарды көшіру бойынша, олардың жағдайын, көшіру орынын анықтайды.ӨСБ тез адамдарды құтқаруға күштің жеткілікті екенін бағалайды және қосымша күштер мен құралдардың өртке қажеттігін анықтайды.
1.3 Тоңазытқыштардағы, өндірістік мекемелер қоймаларындағы өрттердi сөндiру.
1. Тоңазытқыштарда өрттерді сөндіру және даму ерекшеліктері, ӨТС.
Тоңазытқыштар – бұл тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін суыту, мұздату және сақтау қондырғысы бар арнайы ғимараттар.
Тағайындалуы бойынша тоңазытқыштарды өндірістік, тамақ өнеркәсібін қамтамасыз ететін кәсіпорындар, портты – импорт және шығарылушы өнімдерді сақтау үшін, сол сияқты су транспортымен ел ішінде өнімдерді тасымалдайтын, тамақ өнімдерін ұзақ сақтау үшін арналған таратқыш және базисты деп бөлінеді.
Машиналы суыту суытқыштың агрегаттық күйінің өзгеруінен суықты алу негізіне негізделген, ол төмен температуралар кезінде қоршаған ортадан немесе заттардан жылу алады. Суытқыш буларын конденсациялау үшін, қысымның ұлғаюы және температураның жоғарылауы қажет етіледі. Компрессорда қысылған суытқыш буы су ағатын құбырлар арқылы конденсаторға барады. Суытудың нәтижесінде суытқыш буы құбырлардың сыртқы бетінде конденсацияланады (сұйық күйге ауысады), ал вентильмен реттелетін сұйық суытқыш буландырғышта қысымға дейін дроссельдейді. Буландырғышта суытқыш қоршаған ортадан жылуды ала отырып қайнайды және компрессормен сорылады, ал буландырғыштың құбырлары бойынша өтетін суытылған тұздық тұтынушыға беріледі. Ортаны суыту үшін, суытылған тұздық өтетін буландырғыштарды немесе суытқыш батареяларды мұздатқыш немесе тоңазытқыш камераларға орналастырады.
Сур. 1. Тоңазытқыштардың жанғыш жылуоқшаулау және қабырға конструкцияларының сызбасы:
а сызбасы: 1-штукатурка; 2-буоқшаулағыш; 3-ағаш тығын; 4- 50х60 мм ағаш рейка; 5-металл тор; 6-торфоплита; б сызбасы: 1-кірпіш; 2-ауа қабаты; 3-қағаз қаптамасы бар ағаш жабынды; 4-тығынды қалдықтар; 5-штукатурка; в сызбасы: 1-штукатурка; 2-кірпіш; 3-тығынды плита; 4-торфплита; 5- штукатурка металл тор бойынша; г сызбасы: 1 -затирка; 2-темірбетон; 3-буоқшаулағыш; 4-мипора; 5-торфплита; 6,7-штукатурка металл тор бойынша
Сур. 2. Тоңазытқыштың ішкі және сыртқы қабырғаларында өртке қарсы белдеу құрылғысы.
Аммиактың өртжарылыс қауіптілігін ескеріп, тоңазытқыш қондырғысының машина бөлімін ІІ отқа төзімділік дәрежесінен төмен емес бір қабатты ғимараттарда орналастырады.
Тамақ өнімдерін қатыру және сақтау кезінде суықты қалыпты ұстау үшін, қабырғалардың, жабындылар мен тоңазытқыштың негізгі корпустарының ішкі ара қабырғаларын қалыңдығы 20-30 см (сур. 1) жылуоқшаулағыш қабатпен жабады. Жылуоқшаулағыш ретінде жанғыш материалдарды (торфоплита, камышит, пенопласт, мипора, құрамында 5% аса битумы бар минераломақталы плиталарды), қиын жанатын материалдарды (асбовер-микулит, минералды плиталар, минералды тығын, құрамында 5% битумы бар плиталар) және жанбайтын материалдар (пенобетон, газобетон, совелит, көбікшыны және т.б.) қолданылады.
Қазіргі уақытта тоңазытқыштарды салу кезінде жанғыш материалдардан жасалған термооқшаулағыштарды пайдаланады, оларды оттың таралуын шектеу үшін, 200-1000 м2 ауданда жанбайтын материалдардан жасалған арнайы белдеулермен бөледі. Қабырғалардағы белдеулер ені мен қалыңдығы 50 см кем болмауы тиіс, ал қосылған жабындылар мен беттіктерде термооқшаулағыш қабатының қалыңдығынан артық болмауы тиіс (сур. 2).
Тоңазытқыштарды құрама темірбетон конструкциялардан салу кезінде әрбір панельді жеке оқшаулайды. Панельдерді ішкі жағынан тереңдетуде бірнеше қабат термооқшаулағышты жабыстырады, ал металл тор бойынша штукатурканы темірбетон панельге бекітілетін асбестоцементті беттермен алмастырады. Әрбір панельдің периметрі бойынша көбікбетоннан өртке қарсы белдеуді жасайды.
Тоңазытқыштардың негізгі ғимараттарының сипатты ерекшелігі жарықтандырудың жетіспеушілігі және тоңазытқыщ, мұздатқыш және сақтау камераларына кірулердің шектеулі болуы болып табылады (сур. 3).
Жылуоқшаулағыштан басқа, тоңазытқыштарда таралардағы өнімдер және басқа материалдар, ағаш сөрелер, өнімдердің өздері, жанғыш материалдар да болуы мүмкін. Суыту және қатыру камераларының өрт ауыртпалығы 250 жетеді, ал өнімдерді сақтау камераларында 2500 кг/м2.
Сур. 3. Тоңазытқыш ғимаратының сыртқы қабырғаларында саты торларын орнату
Тоңазытқыштарда пайда болған өрттер, ереже бойынша, үлкен өлшемдерге және ауыр сипатқа ие. Бұл, көп жағдайларда өрттер кеш анықталатындығымен шартталады, өйткені термооқшаулағыш (торфоплит, камышит, тығын) штукатурка астында болатын ауа есебінен ұзақ уақыт бойы бықси алады.
Термооқшаулағыштың ең қарқынды жануы тікпен салыстырғанда көлденең қорғағыш конструкцияларда байқалады. Штукатурка астындағы термооқшаулағыш бойынша оттың сызықты таралу жылдамдығы 0,02 аспайды, ал жоғарыдан төменге қарай - 0,01 м/мин. Қабырғалар, ара жапқыштар және термооқшаулағыш арасындағы бос кеңістіктер оттың таралуы үшін жағдай жасайды.
Практика көрсеткендей, өртке қарсы белдеулер қабаттан қабатқа оттың таралуын кез-келген жағдайларда шектемейді, ол жасырынды термооқшаулағыштың жану шектерін анықтауда қиындық тудырады.
Тоңазытқыштардағы өрт кезiнде:
сөрелердiң құлауы, сақталатын тауарлар мен құлаған конструкциялардан үйiндiлердiң пайда болуы;
жасырынды өрт ошақтарының болуы;
жайдың қатты түтiндеуi және нашар жарық түсуi;
оттың жоғары қабаттарға жылу ажыратқыш арқылы таралуына жағдай жасайтын негiзгi қабырғалармен байланысты емес қабатаралық аражабындар мен құрылымдардың (жеке жағдайларда), көтергіш лифтілердің шахталарының болуы;
жылу ажыратқыш плиталарын қабырға конструкцияларына бекiтiлуiнiң бұзылуы және олардың құлауы;
өрт кезiнде апат және жарылыс болуы мүмкiн салқындатқыштардың, сондай-ақ аммиактың және басқа тоңазытқыш беретiн қондырғылардың коммуникациялары мен құралдары болуы;
салқындатқыш коммуникацияларының апаты кезiнде улану мен күйiктiң болуы мүмкiн.
Тоңазытқыш камераларындағы өрттер бастапқыда тез таралады, ал содан кейін жану қарқындылығы төмендейді, тығыз түтін концентрациясы және жоғары температура пайда болады. Материалдар, сөрелер бойынша және жылуоқшаулағыш материалдардың жалынды жануы кезінде оттың сызықты таралу жылдамдығы 0,5-1 м/мин құрайды. Тоңазытқыш камераларындағы ортаның жоғары температурасы ауа алмасудың жетіспеуінен көп сағат бойы төмендемеуі, бөлімшелердің жұмысын қиындатуы, сол сияқты сөрелер мен құрылыс конструкцияларының деформациясын туғызуы мүмкін. Практикада белгілі болғандай, тоңазытқыш камераларындағы өрттер кезінде, балқыған май массасы төгіліп және камера ішінде жанды, ал қабырғаларды ашу кезінде ғимарат сыртында жанды.
Салынып жатқан тоңазытқыштардағы өрттер кезінде жану өнімдері монтажды ойықтар ен тесіктер арқылы 20-40 мин аралығында ғимараттың барлық қабаттарын толтырады.
Тоңазытқыштардың машина бөлімдеріндегі өрттерге, суытқыш ретінде аммиак болып табылатын жерлерде, ереже бойынша, газауалы қоспалардың жарылысы жағдай жасайды. Жарылыстар кезінде ғимарат конструкциялары, құбырөткізгіш коммуникациялары, машиналар мен аппараттар бұзылады және машина бөлімі мен басқа да бөлмелерді аммиак толтырады. Өрт аймағында аммиактың бар болуы, жағдайды күрт нашарлатады, адамдарға қауіп төндіреді және өрт сөндіру кезінде бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын қиындатады.
Мысал. Тоңазытқыш ғимараты 5 қабатты, қабырғалары кірпішті, жабындылары темірбетонды, ішкі ара қабырғалары қиын жанатын материалдардан жасалған. Қабырғалар, жабындылар және ара қабырғалар торфоплитадан орындалған термооқшаулағышпен қапталған. Тоңазытқыш камераларында ет, май, консерві және басқа да өнімдер сақталған. Машина бөлімі негізгі корпусқа салынған амиакты корпустары және басқа да құрылғылары бар бір қабатты ғимаратта орналасқан. Компрессорлерге аммиакты апаратын құбырөткізгіштер, торфпен оқшауланған және жанғыш арқылы өту орындарында қабырғалар жанғыш емес материалдардан жасалған бөліктермен бөлінбеген. 23 сағ 00 минутта аммиакты компрессордың жарылысы өтті, оның нәтижесінде терезе рамалары, есіктер және басқа да коомуникациялар бұзылып, компрессор, электрокоммуникациялар және қондырғылар 80 м2 ауданда жанды. Аммиакпен көршілес бөлмелер, саты торы және жұмысшылар бар екінші қабат газданды. 23 сағ 08 мин бірінші болып келген ӨСБ екінші қабаттан адамдарды құтқарды және бір уақытта машина бөлімінде өртті сөндіру үшін РС-70 оқпанын берді. Қосымша күштер мен құралдар келісімен екінші ӨСБ сөндіруге қосымша бір РС-70 және РС-50 оқпанын енгізді, және 23 сағ 30 минжану ошақтары тоқтатылды, бірақ қондырғыда оқшаулағыштың жануы жалғаса берді. Бөлме ішіне кіру мүмкіндігі аммиактың жоғарғы концентрациясынан болған жоқ. 23 сағ 31 мин қосымша 4 ГТҚҚ буыны шақырылды. ГТҚҚ буындарының келісімен екі барлау тобы ұйымдастырылды. Бұл уақытта жану көршілес бөлмелер мен жоғары қабаттарға таралды. Бөлмелер қатты түтінденген болатын. Барлау топтарының оқпандармен бөлмелер ішіне өтуі және термооқшаулағыштың жану орындарында конструкцияларды ашу бойынша белсенді іс-қимылдар, оттың әрі қарай таралуын шектеді. Қабылданған шаралар апаттық құбырөткізгішті және бөлмеге аммиактың шығуын тоқтатуға мүмкіндік берді. 5 сағ 55 мин өрт жойылды.
Өнеркәсіп, тұрғын және қоғамдық ғимараттарда өрттерді сөндірудің орнатылған әдістері мен тәсілдерімен салыстырғанда, үлкен ауданымен және есік ойықтарының шекті мөлшерімен, жанып жатқан камераларда жоғары температура және жану өнімдерінің үлкен концентрациясы, оттегінің жетіспеуі және адам өмірі үшін қауіпті көміртегі қышқылының болуымен сипатталады. Түтін көршілес камереларға, корридорларға, вестюбюльдерге, көтергіштер шахталарына және саты торларына өтеді, жанғыш камераларға барудың қиын жағдайын тудырта отырып, жоғары орналасқан қабаттарды толтырады. Саты торларынан басқа тоңазытқыштың барлық бөлмелерінде табиғи жарықтандыру жоқ, ал тоңазытқыш қабаттарының қатты түтінденуі жеке құрамға барлауды өткізу және өрт сөндіру барысында қиындық тудырады. Құбырөткізгіштердің және буландырғыш батареялардың бұзылуы мен аммиактың сыртқа шығуы өрт сөндіру бойынша жұмыстарды қиындатады. Көрсетілген ерекшеліктерден шыға, тоңазытқыштарда өртті барлауды және өрттерді сөндіру бойынша жұмыстарды, ереже бойынша, оқшаулағыш тұмылдырықтарда өткізеді.
ӨСБ өртке келісімен бірнеше ГТҚҚ буындарымен барлауды ұйымдастырады. Тоңазытқыш қондырғыларына қызмет көрсететін апаттық бригадалар жабдықталуда оқшаулағыш тұмылдырықтарды жиі қолданады. Сондықтан да ӨСБ оларды бұзылған құбырөткізгіштерді және тоңазытқыш қондырғыларының аппараттарын ағыту үшін барлау құрамына қосуы мүмкін. Барлаумен анықтайды:
өрт аймағындағы түтіндену дәрежесі және аммиакты жою мүмкіндігі;
бөлмелердің аммиакпен газдану дәрежесі;
өрт ошағына бару және қабырғаларды ашу қажеттілігі;
жанып жатқан камералардан түтінді шығару және температураны төмендету мүмкінділігі;
жанудың орны мен шегі, өртке қарсы белдеулердің орналасуы мен бар болуы;
тоңазытқыш камераларында сақталатын өнімдердің бұзылу қауіптілігі;
оларды көшіру мүмкінділігі және қажеттілігі.
Ғимараттың конструктивты ерекшеліктерін, термооқшаулағыш түрін, өртке қарсы белдеулердің орналасу орнын, тоңазытқыш қондырғының коммуникацияларын салу орнын және басқа да сұрақтарды анықтау үшін, объект әкімшілігінен сызбалары, әрбір қабат жоспары, тоңазытқыш коммуникацияларының сызбалары бар сәйкес келуші техникалық құжаттарды алады.
Термооқшаулағыштың жануы кезінде оттың мүмкін таралу шектерін штукатурканыңқызуы бойынша бөледі, және бақылаулық ашуларды оның тереңдігінде жүзеге асырады.
ӨСБ өртке келісімен барлық жағдайларда құрамына тоңазытқыш әкімшілігінің қызметкері кіретін өрт сөндірудің штабын ұйымдастырады. Ең алдымен ӨСБ және штаб жанып жатқан камералардың суыту жүйелерінен суытқышты ағызу бойынша және тоңазытқыш қондырғыларында жұмысты тоқтату бойынша шараларды қабылдайды. Егер суытқышты дренажды ресиверге құю мүмкін емес болса, ал оны өрт бөлімшелерінің жұмыс аймақтарына шығаруға болмаса, онда суыту жүйесін басқа әдістермен тоқтату қажет.
Тоңазытқыштарда өрттерді сөндіру практикасында өрт сөндірушілер тығыз түтін және жоғары температура әсерінен жұмыс істей алмайтын көптеген мысалдар белгілі. Сондықтан да ӨСБ өрттегі жағдайды анықтай отырып, сол мезетте техникалық құралдар көмегімен, сол сияқты қабырғаларды, жабындыларды, ара қабырғаларды ашу жолымен түтінді жою мен температураны төмендетуді ұйымдастырады.
Тоңазытқыштарда өрттерді сөндіру үшін, қарқындылығы 0,70 л(м2с) РС-50 оқпандарымен берілетін жинақты және шашыранды ағыстарын, сол сияқты суландырғышы бар суды немесе орташа қысқалықты көбікті пайдаланады. Сөндіру үшін суландырғышы бар суды немесе орташа қысқалықты көбікті бермес бұрын, ӨСБ тоңазытқыштардағы өнімдердің бұзылмауын ескеруі тиіс. Сондықтан да көбік пен суландырғышы бар суды салынып жатқан тоңазытқыштарда термооқшаулағышты сөндіру кезінде қолданады.
Оқпандарды енгізудің негізгі жолдары саты торлары, лифті шахталары, вестюбельдер және тоңазытқыш камераларына баратын есік ойықтары болып табылады. Өрттерді сөндіру үшін, бірінші кезекте, ішкі өрт крандарынан оқпандарды қолдану қажет. Егер негізгі кірулер арқылы жану ошағына баруға және сөндіруге оқпандарды енгізуге мүмкін емес болса, онда ӨСБ жабындыларды, қабырғаларды тесуге шаралар қабылдайды. Тесіктерді жасау орындарын, олардың оттың негізгі таралу жолдарында жану ошағына жақын орналасатындай, бұл жерлерде тоңазытқыш қондырғысының коммуникациондық құбыр өткізгіштер өтетіндей, оларға сөндіру үшін оқпандарды енгізетіндей етіп қарастырады. Жабындылар мен арақабырғаларда тесіктерді жасау қабаттар мен қос бөлмелер бойынша оттың таралу қауіптілігімен байланысты болғандықтан, ӨСБ әрбір ашу орнында қысым астындағы 1-2 оқпан суды жұмылдыруы тиіс.
Қабырғаларды, жабындыларды, арақабырғаларды, сол сияқты штукатурка мен термооқшаулағышты ашу үшін жылжымалы компрессорлы қондырғыларды, техникалық қызмет автокөліктерін, сол сияқты механикалық және иінді автокөтергіштерді пайдаланады. Қабырғалар мен жабындыларды ашу кезінде жеке құрады көтеру үшін автосатылар және иінді автокөтергіштер қолданылады.
Тоңазытқыштарда өрттерді сөндіру бойынша жауынгерлік жұмыстардың негізгі ерекшелігі, штукатурка астындағы термооқшаулағыштың жасырынды жану ошақтарын сөндіру болып табылады. Металл тор бойынша штукатурка қабатын ашу жұмыстары қиын болып келеді, оны негізінен қолмен орындайды.
Салынып жатқан тоңазытқыштардағы өрттер кезінде оқпандарды құбырөткізгіштер мен электрокабельдер өтетін монтажды ойықтар және саңылаулар арқылы береді, ал штукатуркамен қорғалмаған ашық термооқшаулағышты суландырғышы бар сумен сөндіреді.
Тоңазытқыш камераларында табиғи жарықтандыру болмағандықтан, ал өрт кезінде электрлі жарықтандыру ағытылғандықтан, ӨСБ жеңдік желілерді салу жолдарын, материалдық құндылықтарды көшіру орындарын, сол сияқты сөндіру бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды, тасымалы прожекторлар және топтық фонарлар көмегімен жарықтандыруды ұйымдастыруы тиіс.
Тоңазытқыштарда өрттерді сөндіру кезінде ӨСБ саты торлары, қабаттар немесе жауынгерлік жұмыс түрі бойынша жауынгерлік учаскелерді ұйымдастырады, сол сияқты ойықтарды тесу, термооқшаулағышты ашу, құбырөткізгіш жүйелердің термооқшаулағышы бойынша жануды сөндіру үшін арнайы жедел топтарды құрады.
Тоңазытқыштарда өрттерді сөндіру көп мөлшерде газтүтіннен қорғаушыларды жұмылдырумен тығыз байланысты. Сондықтан да өртте бақылау-жіберу пункті ұйымдастырылуы және тез арада пайда болатын тапсыраларды шешу үшін газтүтіннен қорғаушылар резерві құрылуы тиіс, сол сияқты түтінденген бөлмелерде жұмыс істейтін жеке құрады уақытында ауыстыру үшін.
Созылған өрттер кезінде ӨСБ конструкция тәртібін және техника қауіпсіздігі ережелерін тұрақты бақылау үшін жауапты тұлғаларды тағайындайды. Өрт жағдайларында, әсіресе камерааралық кірпішті арақабырғалар тез бұзылады, сол сияқты қабырғалы панельдер және жабынды панельдері бұзылуы мүмкін. Синтетикалық жылуоқшаулағыш материалдар жанған кезде, қатты әсер етуші улы заттар түзіледі. Сондықтан да тоңазытқыштардағы өрттер кезінде, мұндай термооқшаулағышпен бөлмелердегі барлық жұмыстар, жеке құрамның оқшаулағыш тұмылдырықтарды киюімен орындалады.
Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының бұзылуы және апаттың пайда болуы кезінде жеке құрам улануы мүмкін. Сондықтан да аммиак бұлтын шашыранды су ағыстарымен белсенді суландырады. Аммиакпен қылқынуы кезінде зардап шеккендерді тез арада таза ауаға шығарады, жасанды дем жасап және медициналық қызметті шақыртады. Егер сұйық аммиак денеге тисе, денені спиртте суланған марлі тампонымен сүртеді, ал көпіршіктер пайда болған кезде, зақымданған аймақты бинттеп, дәрігерге жібереді.
Жоғары температура аймақтарында өрттерді сөндіру кезінде жеке құрамға жылуоқшаулағыш костюмдерді кигізу қажет.
Тоңазытқыштағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСБ:
өртке қарсы белдеулер орналастыруға, құрылыс конструкциясы және сақталатын өнiмдер туралы мәлiмет алуға;
аммиактың бұлтын судың шашыранды ағындарымен белсендi байытуға;
желдеткiш жүйелерiнiң жұмысын тоқтату және салқындатқыш заттарды жанған жайларға берудiң, тоңазытқыш қондырғыларын өшiрудiң, өрт бөлiмдерiнiң жеке құрамы жұмыс iстеп жатқан аймаққа салқындатқыштардың шығуына жол бермеудiң шараларын қолдануға;
оттың таралу шекарасын анықтау үшiн жылу бөлгiштiң оның ұзындық бойына бақылау аршуын жүргiзуге;
жылу бөлгiшпен от таралған кезде механикаландырылған құралдардың көмегiмен онда өртке қарсы бөлiп тастау орнын құруға;
тоңазытқыш камералар мен жылу бөлгiштердi сөндiру үшiн дымқылдатқышы бар шашыранды су ағынын және көбiктi пайдалануға мiндеттi.
Өндірістік мекемелерде өрттерді сөндіру және даму ерекшеліктері, ӨТС.
Өндірістік мекемелерде арнайы салынған ғимараттарды немесе тұрғын және қоғамдық ғимараттардың бірінші қабаттарында орналастырады. Қойма ғимараттарының негізгі конструктивты элементтері жанбайтын материалдардан жасалған.
Өндірістік мекемелерде негізгі бөлмелері биіктігі 3,3 м, үлкен ауданды сауда залдары, ал кейбір кездерде жарық фонарлары бар, қабаттар бойынша ашық сатылармен және лифттермен қосылған болып табылады. Сауда залдарының шкафтарында, витриналарында түрлі тауарлардың көп мөлшері болады. Тауарларды сақтау және өңдеу бөлмелерінен сауда залдары, шекті есік ойықтары бар жанбайтын материалдардан жасалған қабырғалармен бөлінген. Бұл бөлмелердің жоспарында шекті есік және терезе ойықтарымен корридорлы жүйе бар, олар өзара және сауда залымен жүк лифттерімен және жабық саты торларымен қосылған. Ірі дүкендерде тауарларды сақтау және өңдеу бөлмелері жертөлелерде орналасуы мүмкін. Бұл бөлмелердің ауданы сауда залдарының аудандарына жақын.
Қазіргі заман дүкендер ғимараттарында негізгі өрт ауыртпалығын такарлар, сөрелер және шкафтар құрайды, сауда залдарында ол 100 кг/м2 жетеді, ал жер асты және қойма бөлмелерде 2-3 есе үлкен.
Кейбір ірі дүкендердің қойма қабаттарында цехтер, шеберханалар, ателье және сатып алушыларға қызмет көрсететін басқа да бөлмелер орналастырылады.
Өндірістік мекемелерде ғимараттарында ішкі өрт суқұбырлары, өрт сөндірудің стационарлы және жылжымалы қондырғылары, сол сияқты ОӨБП тура байланысы бар, күзет дабылдағышының пультына қосылатын өрт туралы хабарлау және анықтау жүйелері орналастырылады.
Өндірістік мекемелерде өрттер оттың тез таралуымен, тығыз түтінденумен және жоғары температуралық режиммен сипатталады. Оттың таралу жылдамдығы көбінесе материалдық құндылықтар түріне, оларды жинау әдісіне, сол сияқты жанғыш ыдыстың бар болуына тәуелді. Осылайша, жабық бөлмелерде тоқыма бұйымдары жанған кезде оттың сызықты таралу жылдамдығы 0,3-0,4 құрайды, ал қағаз бұйымдар жанған кезде – 0,4-0,5, резинотехникалық бұйымдарда - 0,4-1 м/мин құрайды.
Материалдарды биік сөрелерге салу кезінде, көлденең бағытта от 2-4 жылдамдықпен таралады, ал тігінен 1-2 м/мин дейін.
Өндірістік мекемелерде шыны тарадағы жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтардың бар болуы, оттың тез таралуына жағдай жасайды. Аэрозольді упаковкалардағы заттар, сол сияқты газы бар баллондар өрттер кезінде жарылуы, тұтануы және жалын лақтыруы мүмкін.
Синтетикалық заттар мен материалдардан жасалған тауарлардың жануы және олардың өрт жағдайларында ыдырауы, жоғарылатылған түтін түзілумен және улы булар мен газдардың бөлінуімен жүреді, олар өте қысқа уақыт араллығында адамдардың келуі үшін қауіпті ортаны құрады. Жану өнімдері тек өрт бөлімшелерінің жұмысын ғана қиындатпайды, сонымен қатар материалды құндылықтарды да зақымдайды. Түтіннің әсерінен, герметикалық тарада орналасқан көптеген тұтыну өнімдері жарамсыз болып қалады, ал тоқыма, галантереялық және басқа да тауарлар өз сапалығын жоғалтады.
Өрттің тез дамуы және және сауда залдарының, бөлмелердің, дүкендердің барлық қабаттарының қарқынды түтіндеуі, көшіру жолдарына бөгет жасауы және адамдарға қауіп төндіруі мүмкін.
Өндірістік мекемелерде өрттер көбінесе қызмет көрсетуші тұлғалар болмаған кезде пайда болады және өрт бөлімшелерінің келуіне дейін үлкен өлшемдерді қабылдайды. Олар сақталатын материалдардың қасиеттерін ескере отырып, сөндірудің әдістері мен құралдарын таңдауды қажет етеді. Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары металл торларды, төзімді есіктерді ашу қажеттілігімен қиындатылады.
Өндірістік мекемелерде өрттер пайда болған кезде барлаудың негізгі тапсырмаларын орындаумен бірқатар өрт сөндіру басшысы анықтауы тиіс:
адамдарға қауіптілігі және қажеттілік кезінде оларды құтқару мен көшіруді ұйымдастыруы;
жану аймағында орналасқан материалды құндылықтардың мөлшері мен орналасу орнын;
қос секцияларға оттың таралу жолдарын;
сөндіру құралдары және оларды қолдану әдістерін;
материалдық құндылықтарды көшіру бойынша жұмыс көлемін және өткізу тәртібін, тиеу-түсіру құралдарының және көшіруді жүргізу үшін қызмет көрсетуші тұлғаларды қолдану мүмкіндігін.
Өртке келісімен қызмет көрсетуші тұлғалармен байланысты орнатады және барлауды өткізу процессінде олармен кеңеседі. Дамыған өрттер кезінде барлауды қойма және әкімшілік бөлмелер жағынан бірнеше бағыттарда ұйымдастырады. Егер дүкендер тұрғын ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасса, барлауды екінші қабат пәтерлерінде жүргізеді. Бұл жағдайда дүкеннің жанып жатқан бөлмелері арқылы өтетін желдету каналдары мен сантехникалық коммуникацияларды мұқият тексереді.
3. Өндірістік мекемелердің қоймаларында өрттерді сөндіру және даму ерекшеліктері, ӨТС.
Қоймалық ғимараттар комплексінен тұратын, ашық сақтаулы ауданшаларды, өнеркәсіптік және сауда тауарларының мамандырылған базаларын арнайы аумақтарда орналастырады. Қазіргі заманғы қойма ғимараттары көп қабатты, есік және терезе ойықтары шекті мөлшерлі, I-II от төзімділік дәрежелі. Қоймалардағы материалдық құндылықтарды көп қабатты сөрелерде немесе штабельдерде орналастырады. Ескі құрылысты қоймалық ғимараттар мен имараттар – көбінесе бір қабатты. Материалдық құндылықтары бар үлкен ауданды қоймалық бөлмелерді 700-1500 м2 отсектерге бөледі.
Қоймалардағы өрттер кезінде барлау процесінде және қызмет көрсетуші тұлғалардан сұрау көмегімен материалдық құндылықтарды сақтау сипатын, көршілес секциялар мен жоғары орналасқан қабаттарға оттың таралу мүмкіндігін, сақталатын заттар мен материалдарды көшіру тәртібін және қажеттілігін анықтайды.
Өндірістік мекемелерде өрттер кезінде өрт автокөліктерін орналастыру және жеңдік желілерді өткізу, аула жағынан сауда залдарына оқпандарды енгізуге, қоймалар мен дүкендердің көмекші бөлмелерін қорғау үшін кедергі келтірмейтіндей етіп орналастыру қажет.
Оқпандарды енгізудің негізгі жолдары, сауда залдары жағынан кірулерге, саты торлары және терез ойықтарына енгізу болып табылады. Жеңдік желілерді өткізу үшін резеңкеленген жеңдер қолданылады. Өртті сөндіру үшін, ереже бойынша, РС-50 жабылмалы оқпандарды және шашыратқыш оқпандарды пайдаланады, ал жанғыш материалдардан жасалған конструкциялары бар ғимараттардағы дамыған өрттер кезінде- А оқпандары.
Қоймаларда өрттерді сөндіру үшін, терезе, қақпа немесе терезе арқылы енгізетін РС-70, РС-50 және оқпан-шашыратқыштарды пайдаланады. Терезелердегі торларды арнайы қайшылармен кеседі немесе өрт машиналарының көмегімен ашады.
Бөлімшелердің өртке келісімен негізгі тапсырмасы жанып жатқан дүкендер мен қойса бөлмелерінен тауарларды көшіру және уақытында қорғау болып табылады. Көшіруді ұйымдастыру үшін ӨСБ тәжірибелі командирды тағайындайды және оның басшылығына күштер мен құралдардың бөлігін бөледі. Материалдық құндылықтарды көшіру үшін қызмет көрсетуші тұлғаларды, әскери бөлімдерді және оқу орындарын жұмылдырады. Көшіру кезінде барлық транспорт механизмдерін, жүк лифттерін, көтергіштерді, электрокарларды қолданады.
Бірінші кезекте ең құнды тауарларды, сол сияқты судың тиюінен жанудың күшеюіне әкелетін және жану аймағында жарылысқа, тұтануға, улы газдар мен булардың бөлінуіне соқтыратын заттар мен материалдарды көшіреді.
Барлық тауарларды дүкендерден қауіпсіз жерде орналасқан бос бөлмелерге немесе дүкен ауласына көшіреді және күзетті қояды.
Сауда және қома бөлмелерінде өрттерді сөндіру үшін суды, суландырғышы бар суды, орташа қысқалықты ауа-механикалық көбікті және басқа да арнайы өрт сөндіру құралдарын қолданады. Сөндіру үшін су оқпандарының санын 0,2л/(м2с) тең су беру қарқындылығынан шыға анықтайды, ал орташа қысқалықты АМК генераторларының санын суда көбіктүзгіш ерітіндісін берудің 0,1 л/(м2с) тең қарқындылығынан шыға анықтайды.
Сауда залдарында және үлкен көлемді, биік бөлмелерде өрттерді сөндіру үшін судың жинақты ағыстарын, дүкен қоймаларында – шашыранды ағыстарды пайдаланады. Маталарды, киім, талшықтарды сөндіру кезінде суландырғыш ерітінділерін қолданады, ыдыстағы ЖТС, әсіресе шыны ыдыстағы, аэрозольді заттарды сөндіру кезінде – орташа қысқалықты АМК немесе шашыратылған су қолданылады.
Қойма бөлмелерінде өрттер пайда болған кезде, негізгі күштер мен құралдарды жанып жатқан бөлмелерге, ал резервті оқпандарды – сауда залдарын қорғауға енгізеді. Егер өрт тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкенде пайда болса, онданегізгі күштер мен құралдарды өртті сөндіру үшін, ал резервті оқпандарды – екінші қабаттың тұрғын пәтерлерін қорғауға енгізеді. Қоймалардағы өрттер кезінде, негізгі күштер мен құралдарды жертөлелерде өрттерді сөндіруге, ал резервті оқпандарды жертөледен дүкенге апаратын әрбір технологиялық ойықтарға енгізеді. Жанғыш материалдардан салынған базар дүкендеріндегі өрттерді сөндіру кезінде, бірінші оқпандарды, ереже бойынша, А және лафетті оқпандарын өрттің негізгі даму жолдарына, ал Б оқпандарын- жанып жатқан ғимарат ішіне береді.
Сулы және көбік ағыстарын сөрелер және штабельдер арасындағы өтпелер арқылы береді.
Қоймаларда өрттерді сөндіру кезінде, артық төгілген су тауарларды зақымдайтынын және үлкен материалдық шығындарға әкелетінін ескеру қажет. Сондықтан да сөндіру кезінде жабылмалы оқпандарды, шашыратылған ағыстарды қолданады. Жанбайтын сөрелер мен штабельдердегі материалдық құндылықтарды брезентпен және басқа да қол астындағы материалдармен жабады. Сөндірумен бір уақытта төгілген суды жою бойынша шаралар қабылдайды.
Қойма өрттер кезінде жауынгерлік учаскелерді сауда залдары, қоймалық бөлмелер жағынан, көп қабатты ғимараттарда саты торлары жағынан ұйымдастырады.
Түтінденген бөлмелерде өрттерді сөндіру, газтүтіннен қорғаушылар бөлімшелері және буындары көмегімен жүзеге асырылады, бұл жағдайда түтінденген аймақта жұмыс істеушілерді ауыстыру үшін бөлімшелер резервін құрады.
Өнім және тауар-материалдық құндылықтар қоймалары жобаланылуының күрделiлiгiмен, кiретiн жерлердiң және терезе ойықтарының аз санымен, адамдардың және тауар-материалдық құндылықтардың көптігімен, түрлі физика-химиялық сипаттары бар, жануы мен термикалық ыдырауы жарылыс, түтіннің қарқынды түрде пайда болуы, улы заттардың бөлінуімен қатар жүретін материалдардың болуымен сипатталады.
Өндірістік мекемелердің қоймалардағы өрттерде:
полимерлi материалдардың жануы және жаңадан жану ошағының көлденеңінен, сондай-ақ, төменгі қабаттарда туындауына әсер ететiн жанғыш ерітіндінің ағуы;
темiр конструкциялардың, стеллаждың құлауы және жолдарда үйiндiлердiң пайда болуы мүмкін.
Өндірістік мекемелердің қоймаларындағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСБ:
адамдардың, материалдық құндылықтардың орналасқан орнын анықтауға, тиеу-түсiру құралдарын пайдалана отырып, оларды көшiру немесе құтқару тәртiбiн анықтап, шара қабылдауға;
сөндiру үшiн жабылмалы оқпандарды, шашыранды суларды, көбiктi, от сөндiргiш ұнтақтарды және инерттi газдарды беруге;
қасақана от қойған немесе басқа себептер болған жағдайда өрттiң себебiн анықтаудың шарасын қолдануға, тергеу-оперативтiк топ келгенге дейiн заттай айғақтардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: |