«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті
Көкшетау техникалық институты» РММ
Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы
«Қорғауға жіберіледі»
ЖТП кафедра бастығының м.а.
өртке қарсы қызмет подполковнигі
__________________Р.Баймағанбетов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
Тақырыбы: «Шығыс Қазақстан облысындағы ет комбинатында өртсөндіру бойынша тактикалық шаралары».
Мамандығы: 5В100100 “Өрт қауіпсіздігі”
Орындаушы: ________________ Қ .Ерғали
Ғылыми жетекші: ____________С.А.Карденов
Көкшетау 2015 ж
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті
Көкшетау техникалық институты
Күндізгі оқу факультеті
Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы
5В100100 «Өрт қауіпсіздік» мамандығы бойынша дипломдық жұмысты (жоба) дайындау бойынша
ТАПСЫРМА
Жұмыс (жоба) тақырыбы: «Шығыс Қазақстан облысындағы орналасқан ет комбинатында өртсөндіру бойынша тактикалық шаралары».
1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген № 157 « 10 » 09 2014 ж.
2. Аяқталған жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі « 06» 06 2015 ж.
3. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер ет комбинатының жобасы.
4. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны, тарауларды орындау мерзімдері:
|
Тарау атауы
|
орындалу мерзімі
|
| Кіріспе |
|
|
1.Өндірістік мекемелердің жалпы сипаттамасы.
|
06.11.2014 ж.
|
|
2. Жедел-тактикалық жағынан нысанның сипаттамасы.
|
27.11.2014 ж
|
|
3. Қозғалмалы өрт техникасымен өрт сөндіруді ұйымдастыру.
|
04.12.2014 ж.
|
|
4. Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері
|
02.04.2015 ж.
|
|
5. Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі.
|
16.04.2015 ж
|
|
6.Қолданылған әдебиеттер тізімі
|
14.05.2015 ж.
|
|
7.Графикалық бөлім
|
22.04.2015 ж.
|
|
8.Дипломды алдын – ала қорғау
|
19.04.2015 ж.
|
9. Қорғау 17. 06.2015 ж.
5. Тапсыру мерзімі 16.06. 2015 жыл.
6. Бекітемін: Жедел-тактикалық пәндер кафедрасының бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі ___________________________С.Ә.Карденов
7. Жетекші: Жедел-тактикалық пәндер кафедрасының бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі ___________________________С.Ә.Карденов
8. Тапсырманы орындауға қабылдадым Қ. Ерғали
9. Консультант: ЖТП кафедрасының аға оқытушысы өртке қарсы қызмет подполковнигі ___________________________________Р.С.Баймағамбетов
Мазмұны
|
|
Кіріспе.............................................................................................................
|
5
|
1 тарау. Өндірістік мекемелердің жалпы сипаттамасы.....................
|
7
|
1.1 Өндірістік мекемелердегі өнеркәсіп түсінігінің мәні, түрлері…….
|
11
|
1.2 Өрттердің және олардың себептерінің статистикасы ……
|
12
|
1.3 Тоңазытқыштардағы, өндірістік мекемелер қоймаларындағы өрттердi сөндiру.
............................
|
13
|
1.4 Тоңазытқыш қондырғыларын ұстау тәртібі…………
1.5 Адамдар көп келетін ғимараттардағы өрт кезіндегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыру................................................
1.6 Өртте адамдарды құтқару.....................................
|
24
26
31
|
2 тарау. Жедел-тактикалық жағынан нысанның сипаттамасы..................
|
33
|
2.1 Ет комбинатының жалпы сипаттамасы.......................................
|
36
|
3-тарау. Қозғалмалы өрт техникасымен өрт сөндіруді ұйымдастыру.
|
39
|
3.1. Өрт дамуының негізгі параметрлерін жобалау. (1-ші нұсқа)
|
39
|
3.2. Өрт сөндіруді ұйымдастыру.
|
50
|
3.3 Қойма бөлімінде өрт кезінде жобалау.
|
54
|
4 тарау. Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері
|
69
|
5 тарау. Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі.
|
72
|
Дипломдық жоба бойынша қорытындылар және ұсыныстар...................
|
74
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................
|
75
|
Кіріспе
Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!
Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі.
Егіншілік және мал шаруашылық шикізаттарына бай аграрлық республика саналатын Қазақстанда алғашқы екі бесжылдықта тамақ жэне жеңіл өнеркәсіптің көптеген салалары шапшаң дамығаны айтпасада түсінікті. Бұл тек Қазақстан тұрғындарын ғана емес, сонымен қатар Орал, КСРО-ның Орталық және басқа да аймақтарын тұтыну заттарымен, әсіресе тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету талабынан туындады. Тамақ өнеркәсібінде ет, ұн, балық және қант өндірісі салаларының кәсіпорындары айрықша дамыды. Ет өнеркәсібі үш алыптың: қайта құрылған Орал еткомбинатының, жаңадан салынған Петропавл (1929-1931 жылдар) және Семей (1931-1934 жылдар) ет комбинаттарының еншісінде болды. Алматы, Карағанды мен басқа да ірі қалаларда ет комбинаттары іске қосылды. Алматы, Семей, Қарағанды және Шымкент ұн тарту комбинаттары, Қызылорда қаласындағы күріш өңдеу зауыты т.б. секілді ірі ұн-жарма кәсіпорындары бой көтерді. 1934 жылы айтарлықтай ірі Талдықорған және Мерке қант зауыттары іске қосылды. 1937 жылы айтарлықтай ірі Жамбыл қант зауыты жұмысын бастады. Гурьев балық-консерві комбинаты (1937 жыл) тамақ өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорындарының бірінен саналды.
Дипломдық жұмысымның өзектілігі – өндірістік мекемелерде, ет тағам дайындайтын объектілерде, бір мезгілде жүз және одан көп адамдар жиналатын орындарда, мекемелерде, объектілерде өрт қауіпінің пайда болуы, оның адам өміріне денсаулығына және үлкен мөлшерде материалдық шығындарға әкеліп соғуына байланысты. Өрт кезіндегі күш пен құралдарды басқаруымен жұмыс барысында қолайлы шешім қабылдау.
Тәжірибелік маңыздылықты қорытындылау адамдар көп жиналатын нысандарда мүмкін болатын өрттерді сөндіру кезінде, басқа да шұғыл жұмыстарды атқаруда және адамдарды құтқару жұмыстарына дағдылану мен осы нысандарда мүмкін болатын өрттердің талдауын жасау.
Дипломдық жобалаудың мақсаты: 1) анализді меңгеру және құрастыру, сонымен қатар өндіріс ғимараттарында өрт сөндіру; 2) нақты гарнизонның тактикалық мүмкіндіктерінен шыға отырып апатты-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіруді жүргізу әдістерін дайындау; 3) қабылданған нұсқаларда өрт сөндіру және апатты жою процесінде өрт бөлімдерінің тактикалық мүмкіндіктерін шекті пайдалану ұйымдастыру структурасын, өрт-техникалық және апатты-құтқару қарулану мен өрт сөндіру заттарын дұрыс пайдалану.
1. Өндірістік мекемелердің жалпы сипаттамасы.
Ғимараттар мен құрылыс ғимараттары түзу жағдайда ұсталады. Өндірістік бөлмелер мен ғимараттарды жоспарлы-алдын алу жөндеулер, сондай-ақ металл және темірбетонды құрылымдарды арнайы тексеру қолданыстағы ҚР ҚБҚ 1.04-15-2004 «Құрылыс пен ғимараттар жағдайына техникалық бақылау жасау Ережелеріне» сәйкес жүргізіледі, құрылыс істер жөніндегі Комитеті Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министрлігі, Астана, 2004 жыл.
Ғимараттардың құрылыс құрылымдарына жүктемені өзгертуге тек есептеуді тексеру және өзгерістерді жобалау ұйымы мен өндірістік қауіпсіздік облысында жобалау ұйымының рұқсатымен істелінеді.
Едендер жасалады:
1) технологиялық процестерде сұйықтық қолданатын бөлмелерде-ылғал өткізбейтін сырғанамайтын бірнеше жабыннан;
2) агрессивті заттар қолданылатын бөлмелерде-олардың әсеріне төтеп беретін.
Агрессивті орта әсерінде болатын ғимараттар мен бөлмелердің барлық құрылыс құрылымдары ҚР ҚНжЕ 2.01-19-2004, құрылыс істер жөніндегі Комитетінің Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министрлігінің 2004 жылғы 5 ақпанда № 12 бұйрығымен бекітілген Құрылыс құрылымдарын тот басудан қорғау талаптарына сәйкес орындалады.
Қоймалардың темір жол құрамалары және үлкен жүк автомобильдері кіретін қақпалары көлік құралдарына кіруге және шығуға рұқсат беретін немесе тыйым салатын жарық дабылымен, сондай-ақ ғимараттарда жұмыс істейтін адамдарды бұл туралы хабардар ететін дыбыс дабылымен жабдықталады.
Көпірлік крандар жұмыс істейтін цех және қойма ғимараттарында адамдар көтергіш астына кіретін есіктер мен кіру қақпалары көтергіштердің есік пен кіру қақпаларына орналасу жеріне қарамастан, көтергіштердің жұмысы туралы ескертетін жарық дабылы болады.
Өндірістік ғимараттар тазалықта ұсталады. Әрбір цехта едендерді және басқа құрылыс құрылымдарын, жабдықты, жұмыс алаңшаларын, баспалдақтарды, өту, жүру жерлерін тазалау тәртібі белгіленеді.
Жұмыс орындарын, өту жерлерін, ғимараттан шығуды, өртке қарсы жабдыққа, өрт сөндіру және байланыс құралдарына қатынау жолдарын бөгеуге тыйым салынады.
Өндіріске қажетті жабдық тетіктері мен материалдар оларға арналған орындарда және тек белгіленген мөлшерде, оларды сақтау ережелеріне сәйкес орналасады.
Ғимарат шатырлары шаңнан, мұз бен қардан тазаланады.
Ғимараттарды, бөлмелерді, сыртқы қондырғыларды найзағайдың тура түсуі және оның қайталанып түсуінен қорғалады.
Найзағайдан қорғау қондырғысы түзу жағдайда болады. Оларды тексеру найзағай кезеңі басталар алдында және бұзылым табылған жағдайда жүргізіледі. Тексеруді ұйымның техникалық басшысымен тағайындалған комиссия жүргізеді. Тексеру нәтижелері актімен ресімделеді. Табылған бұзылымдар дереу жойылады.
Кәсіпорын аумағы, көмекші бөлмелер мен жеке жұмыс орындарын жарықтандыру бекітілген нормаларға сәйкес болады.
Өндірістік бөлмелерде ҚР ҚНжәнеЕ 2.04-05-2002, құрылыс істер жөніндегі Комитеті Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министрлігінің 2003 жылы 17 қаңтарда № 11 бұйрығымен бекітілген Табиғи және жасанды жарықтандыру талаптарына сәйкес жұмыс және апаттық жарықтандыру қарастырылады.
Жұмыс және апаттық жарықтандыру шамдардың бекітуі сенімді, қауіпсіз және қызмет көрсетуге ыңғайлылығын қамтамасыз ететіндей болып орналастырады.
Жұмыс орындарын көпірлік көтергіштердің көлеңкелеуін болдырмау үшін көтергіштердің фермаларына ілінетін қосымша көтергіш асты жарықтандыру шамдары қарастырылады.
Жарық түсетін жерлерді тазалау кәсіпорын басшысы бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.
Ғимараттардың жарық түсетін жерлерін материалдармен, бұйымдармен, құралдармен және басқа заттармен бекітуге тыйым салынады.
Плавикалық қышқылды өндіру кәсіпорындарының бөлмелері мен ғимараттарын жылыту, желдету және ауасын суыту Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы ҚР ҚНжәнеЕ-нің 4.02-05-2001, құрылыс істер жөніндегі Комитеті Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министрлігінің 2002 жылы 1 наурыздағы Жылыту, желдету және ауаны суыту бұйрығына сәкес жобаланады.
Желдету жүйесінің бұзылу кезінде технологиялық жабдықты пайдалануға тыйым салынады.
Жұмыс барысында зиянды заттарды шығаратын өндірістік жабдық шаңнан, газдан тазарту жабдығына қосылады. Шаңнан, газдан тазарту жабдығы жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар концентрациясы, сондай-ақ оларды табиғи ортаға шығару бекітілген нормадан аспайтындай етіп жасалады (1-қосымша).
Ерітінділерді скрубберлік қондырғыға беруді желдету қондырғысының жұмысымен және аппараттағы суару тоқтаған жағдайда сәйкес сигналдың (жарық немесе дыбыс) берілуімен блокталады.
Тасталымдарда зиянды заттар концентрациясы мен әсерлі бақылау жұмысын анықтау мақсатында желдеткішті жүйелер пробалар таңдау және бақылау үшін стационарлық аспаптармен жабдықталады.
Ауа жолдарының құрылымы мен оларды тарту шаңнан тазалау ыңғайлылығын (тазалау үшін тығыздалған қақпақтардың болуы, ауа жолдарын оларға қызмет көрсетуге ыңғайлы жерлерде тарту) қамтамасыз етеді.
Кәсіпорында желдеткішті жүйелер мен газдан тазарту құрылымдары бойынша келесідей құжаттамалар болады:
1) желдеткішті жүйелерді және шаңнан, газдан тазартқыш қондырғыларды пайдалану және жөндеу журналы;
2) қызмет көрсететін тұлғалар үшін пайдалану және жөндеу бойынша бекітілген нұсқаулар;
3) ауа арналар, сүзгілеуші элементтер регенерацияларын тазалау, аппаратардағы сулы газ тазалау ерітінділерін ауыстыру графиктері;
4) әрекет етуші жөндеулер жүйелеріне сәйкес жоспарлы-ескертілетін жөндеулер графиктері;
5) барлық желдеткішті жүйелердің ауа арналарды тарату сұлбаларымен және тұрақтарын көрсететін құжаттары.
Фторлы сутек немесе басқа зиянды заттар бөлінуі мүмкін өндірістік ғимараттарда олардың жұмыс аймағы ауасында болуы техникалық басшысымен бекіткен жеке кесте бойынша бақылау жүргізіледі.
Бірінші және екінші класты қауіптілігі өткір бағытталған әрекеті зиянды заттар айырылып шығу мүмкіндігінде газоанализатор көмегімен жұмыс аймағы ауасында олардың құрамындағы үздіксіз бақылау, апаттық сору жүйелері мен жарықтық және дыбыстық сигналдар беріледі (1 - қосымша).
Жұмыс аймағындағы улы заттар құрамының бақылауын ұйымның техникалық басшымен бекітілген жерлерде график бойынша әуе кеңістігінде зертханалық талдау өткізумен іске асады.
Желдеткішті жүйелер жобалы қондырғылар жұмысының нақты параметрлеріне сәйкесетіндігі жылына бір реттен кем емес сонымен қатар келесідей жағдайларда тексеріледі:
1) технологиялық жабдық жұмысының өзгертілген режімде 3 айдан артық немесе оның жаңа тұрақты жұмыс режіміне ауысқанда;
2) толық жөндеу құрылысынан немесе қондырғыны қайта құрылымдаудан соң.
Тексеру шешімдері актпен ресімделіп және қондыру құжатына жазылады.
Технологиялық процестің немесе өндірістік қайта құрылымдық учаскесінің өзгерісі кезінде, осы учаскеде әрекет етуші желдеткіш жүйелері нормаға сәйкестендіріледі. Желдеткішті жүйелер сұлбаларының және параметрлері өзгерістері олардың жұмыстары жобалық ұйымның келісімі бойынша жасалады.
Желдеткішті қондырғыларды реттеуші құрылғылар қызмет көрсетуге жеңіл жолды және арақашықтықты басқаруы болады.
Кәсіпорындағы пайдаланудың дұрыстығын, желдеткіштік және газдан тазарту құрылымдарының уақтылы және сапалы жөндеуін бақылау үшін, желдеткішті қызмет көрсету ұйымдастырылады.
Желдеткішті жүйелерге қызмет етуге олармен қатынаста жоқ тұлғаларға желдеткішті ғимараттарға кіруге, желдеткіштерді қосу мен айыруға, сонымен қатар желдеткішті жүйелер арматурасын ашуға және жабуға рұқсат етілмейді.
Плавикалық қышқылды өндіру бойынша кәсіпорын ғимараттарының су құбырлары мен канализациясы ҚНжәнеЕ-нің 2.04.01-85 «Ғимараттардың ішкі су құбырлары мен канализациясы» бойынша жобалайды.
Шаруашылық-ішу су құбырлары мен техникалық суды беретін су құбырларын жалғастыруға жол берілмейді.
Химиялық күюлер мүмкін өндірістік ғимараттарда фонтандар мен апаттық себезгілер орнатылады. Бұл құрылғылар жеңіл қатынайтын орындарда орналасуы және шаруашылық-ішу су құбырларына қосылады.
Технологиялық апараттардың құйылыстық сулар құбыр жолдарының гидравликалық бекітпелері мен апаратты жөндеуге тоқтату кезінде бұқтырма қою үшін ернемекті қосылулары болады. Гидравликалық бекітпелер сонымен бірге канализацияның кірленген құйылыстарының шығуларында тіреушіктер алдында орналастырылады. Бекітпелердің орналасу жерлері және олардың конструкциясы ыңғайлы және қауіпсіз жөндеуді және тазалауды қамтамасыз етеді.
Құйылыстық желілер мен құдықтарды қарау және тазалау техникалық басшысымен бекітілген график бойынша газ қауіпті жұмыстарын жүргізу тәртібіне сәйкес өткізіледі.
Пайдаланған суларды жалпы шаруашылық-тұрмыстық құйылыстыққа және қоғамдық пайдалану су қоймаларына төгуге тыйым салынады.
Тазартылған пайдаланған суды жобамен қарастырылған булану су қоймаларына төгуге болады.
Тазартқыш өндірістік ғимараттар, айдап қотару станциялары және басқа да құйылыстық суларға арналған қондырғылар тазалықта және ұқыптылықта болады.
Ғимараттардың, жабдықтардың құрылыстық конструкцияларының элементтерінің дабылдық-ескерту бояулары сондай-ақ қауіпсіздік белгілері 12.4.026-2002 МСТ «Дабылды бояулар, қауіпсіздік белгілері, дабылды белгілер» сәйкес орындалады.
Қышқылдардың мүмкін бу және шаң шығару жерлері әрі қарай белгіленген нормаларға дейін тазартумен жергілікті сору жүйелерімен жабдықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |