Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет137/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Гелиоцентризм – күнді әлемнің ортасы деп есептейтін көзқарастар жүйесі.

  • Гуманизм – (лат. Humanus) орта ғасырдың соңғы кезеңінде пайда болып, схоластика мен шіркеудің рухани үстемдігіне қарсылық арқылы адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.

  • Герменевтика – ( гр.hermeneo) түсіндіремін, мәтіндерді түсіндірудің өнері. Неопозитивизмнен ерекше, ол тілдің өзі дүниетанымды қамтитынына сүйеніп, дүниені түсіну үшін тілді оқу жеткілікті деп есептейді.

  • Ғылым – шындық туралы обьективтік білімді теориялық жүйе келтірумен байланысты, адам іс-әрекетінің саласы.

  • Дүниеге көзқарас – дүниеге және ондағы адамның орнына арналған аса жалпы көзқарастар жиынтығы.

  • Деизм - әлемді құдай жаратқан, бірақ күнделікті қоғам өмірі мен табиғатқа құдай әсерінің қатысы жоқ дейтін діншіл философиялық ағым.

  • Дедукция – (лат. Deductio – сырын ашу) ойлаудың жалпыдан – жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшіп нәтиже шығару әдісі.

  • Диалектикалық материализм – әлем өздігінен дамитын, дүниеден тыс ешбір күшті қажет етпейтін материалдық жүйе ретінде қарайтын философиялық бағыт.

  • Детерменизм – (лат. Determino (deterino) анықтау – табиғатта, қоғамда және психикалық құбылыстарда болатын жалпы өзрара байланыстылығының себептерін, себептігінің заңдылығын зерттейтін ілім.

  • Дуализм – (лат. duo – екеу) дүниенің негізгі бір-біріне бағынбайтын, тепе-тең екі нәрседен – рух пен материядан басталады деп танып, материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым.

  • Жаһандандыру – тұрақты әлемдік шаруашылық байланыстар әсерімен қалыптасқан әртүрлі елдер мен аймақтардың жалпылық белгілер мен өмір сүру көріністері.

  • Жан – адамның психикасы мен ішкі дүниесін білдіретін тарихи өзгермелі көзқарас. Дін мен идеалистік философияда денеден тәуелсіз өмір сүретін ерекше материалдық емес субстанция.

  • Жаттану – адамның әрекеті мен оның туындысының обьективтік түрде дербес бір күшке айналып, оның өзіне билік жасап, қарсы тұратынын білдіретін философиялық-әлеуметтік категория.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   145




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет