Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет69/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Структурализм – (лат structura – құрылым) объектінің тұрақты байланыстарының жиынтығын қамтитын құрылым ұғымына негізделінеді. Онда кез келген зерттеп отырған құбылыстарды өзгерткенде, құрылымның сақталатынын мойындау жатыр. Структурализм “адам-субъект” және оның бостандығы деген қазіргі кезде тарап кеткен гуманистік түсініктерге қарсы шықты. Бостандық тек қана фикция, ол тірі және өлі дүниедегі жалпы құрылымдарға тәуелді, әлеуметтік және мәдени өмірдің бос қияли жемісі деп санайды. Құрылымдық біртіндеп лингвистикалық әдіс болып қалыптасып, тіл мәселесімен айналысты. Бұл әдістің жан-жақты тарауы, оны философиялық пайымдау, оның әлеуметтік-саяси және мәдени оқиғаларға араласуы, сынау және өзіндік сынау арқылы структурализмді постструктурализмге жеткізді.
Постструктурализм – ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында дамыған әлеуметтік-гуманитарлық білімдегі структурализмнің «екінші толқынын» сынау мен қиындығын жеңу барысында қалыптасқан плюралистік бағыт. Структурализмдегі бинарлық (екі бөлімнен, екі компонентен тұру) және иерархиалық түсініктер постструктурализм мен постмодернизмде қандай болмасын бірлікке негізделінбеген көптік ұғыммен ауыстырылады. Ол Ж. Делез бен Ф. Гваттридің «Кафке» (1974) еңбегінде енгізілген «Ризома» терминінде анық көрінеді. Ризома (гр.rihiza – тамыр) тармақталынған тамырлық жүйенің көптеген «түйінін» білдіреді. Олардың пікірінше «ризома» нақтылықты бейнелеуде құрылым ұғымынан гөрі қолайлы және жеке элементтердің қатал иерархиясын жояды. Дәстүрлі таным теориясындағы негізгі метафора «ағаш» (онда орталық бағана және одан жан-жаққа тарайтын бұтақтардың барын жорамалайды) болса, метафора ризома орталық тамыры жоқ, өте күрделі өзара байланыстағы бұтақшалар мен олардың шексіз көптеген басқа қосымша бұтақша мен балауса бұтақтарға тамыр болып қызмет атқара алатындығын білдіреді. Бұл секілді әлем көрінісінде «орталық» және «шеткі аймақ (периферия)» өзінің мәнін жояды.
Постструктурализмнің негізгі ерекшелігі – децентрация, деконструкция, мәдениет тілін дискурсивтік талдауды мәдениет кеңістігінде мәтін мен мәнмәтіннен тұратын таңба жүйесі ретінде түсіндіру. Ж.Деррида бойынша: «ешнәрсе мәтіннен тыс өмір сүрмейді». Ж.Деррида орталықтандыруды сынап, мәтін мен жазуды қызмет ретінде түсіндіріп, «Өзіндік референция» еңбегінде оның өрісін кеңейтті. «Қанша парадоксальді болғанымен, орталық құрылымның ішінде және сыртында орналасқан орталық ─ орталық емес».
Децентрация ─ бұл құрылымды (структураны) басқаратын орталықтың өз құрылымының болмауы, ол структураның ішінде және оның сыртында орналасқан. Ол экономикада – өндірістегі децентрация, мәдениетте – мәдениеттің тең құқығының, басқаға көңіл аударудың пайдасы үшін этноцентризмнен бас тартуы, т.б.
Ж. Деррида «деконструктивизм» деген интеллектуалдық қозғалысты тудырды, ол деконструкциядан шығатын түсіндірудің, мәтінді оқудың жаңа тәсіліне негізделеді. Деконструкция мәдениет пен философияны игерудегі еуропалық «метафизикаға» қарсы философиялық ұстаным, саяси стратегия, мәтінді оқу тәсілі, талдау әдісі ретінде қарала алады. Деконструкция жоққа шығару немесе бүлдіру емес, қайта тұрғызуды негіздеу мен іске асырудың жаңа бір талпынысы, ол үшін дискурсивті мақсатты ашып, түйіндерін шешу қажеттілігі туады.
М. Фуко постструктурализм мәселелерін қарастыруда, білімді әлеуметтік құрылымдау саласындағы зерттеулерінде өзінің «Сөздер мен заттар» еңбегінде көп үлес қосты. Еуропалық эпистемологияда (таным теориясы) ол үш эпистеманы (таным өрісі): қайта өрлеу, классикалық рационализм, қазіргі заман деп бөледі. Егер қайта өрлеуде тіл заттар ішіндегі зат ретінде болса, классикалық рационализмде (модернизм) тіл ойды жеткізетін құрал, ал қазіргі замандағы эпистемада тіл дербес күшке айналады.
Постструктализм өкілдері: Ж. Деррида, Ж. Делез, Ж. Бодрийар, Ж. Лиотар, Ю. Кристева, М. Фуко – биліктің іске асу тәсілдерін анықтап оған көптілікті, бірегейлікті және ыдыраңқылықты қарама–қарсы қоюды өз міндеттері деп таниды.
Философия енді ешбір онтологиялық, гносеологиялық мәселелерді шешпейді, адамның өмір сүруінің мәні туралы сұрақтары қойылмайды. Философия – интерпретация (талдап түсіндіру) формасы, ақыл-ой мәдениеттің әртүрлі салалары арасындағы интерпретациялық делдал.
«Постмодернизм» – «Қазіргі заман» ұғымына сай, модерннен кейін деген француз сөзі. Постмодернизм әдетте жаңа дәуірдегі рационализм мен ағартушылық философиясының мәселелеріне қарсы тұратын философия. Постмодернизм ұғымы француз философы Ж.Лиотардың «Постмодернизм тағдыры» еңбегінің арқасында жоғарғы мәртебеге ие болды. Постмодернизм термині 1917-1920 жылдары архитектурадағы стиль ретінде, ал 1960 жылы терең түсіндірілу негізінде ғылыми айналысқа енді.
Постмодернизм мәдениет, әдебиет, өнер, ғылым, техника, әлеуметтік-экономикалық, технологикалық және саяси саладағы біркелкілікті орнатады. Ал қатал логикалық жүйе ─ соңғы қорытынды, әртүрлі тұрақтылықты іздеу, беделдің алдында бас ию, құндылықты негізсіз енгізу, адамдар арасындағы келісімді міндетті етуге тырысу, ескірген этика мен моральді жоғары көтеруден бас тартып, адамды «тоталитарлық жүйеден» босатуға ұмтылады.
Модерн мен постмодернизм арсындағы қайшылық көптеген пікірталастың тууына әкелді, оның ішінде әсіресе, Ю. Хабермас пен Ж. Ф. Лиотардың пікірталасы маңызды болды. Бұл пікірталасқа М.Фуко, Ж. Деррида мен Р. Рорти, т.б. қатысты. Қандай болғанда да олардың көбі ғылымның объективтілігі, мораль мен құқықтың әмбебаптылығы, өнердің автономиялығы, ғылыми прогресс, адамның азаттық ұраны ─ қанаудың әмбебаптық жүйесіне, адамның жатсынуына жеткізгенін мойындайды. Ж. Делез бен Ф. Гвартари қазіргі замандағы капитализм экономикасы мен өндіріс деңгейінде субъективтік тілек машинасын жасап, адамды, олардың құрылымдарын әлеуметтік винтиктеріне (тетіктеріне) айландырғанын анықтады.
Ж. Бодрийар өз еңбегінде қоғамдағы әлеуметтік кеңістіктегі жағдайды сипаттай отырып, оның ерекшелігінің дамуын «симулякр» және «симуляция» түсінігі арқылы көрсетеді. Симулякр дегеніміз –көшірме немесе ұқсастық (үйлестік), түпнұсқаны ығыстырып, түпнұсқадан маңызды болады. Симулякр қазіргі заман мәдениетінде үстемдік етеді, ал оның репрезентациясы кино, теледидар, аспаздық, көңіл көтерудің көмегі арқылы іске асырылады. Олардың шиеленісуі, әртүрлі әлемнің бір сәтте уақыт пен кеңістікте қосылуына әкеледі. Ол өзіндік сәйкестендіруді (самоидентификация) іздеу немесе тар шектелу локализация мәдениетіне жетелейді.
Батыс еуропалық постмодернизм, постиндустриалдық қоғам ұғымына сай құндылық, енді ақша немесе билік емес – ақпарат, нақты шындық – виртуалдыққа айналды. Лабиринт принципі арқылы құрылып, БАҚ гипершындығын (Ж.Бодрийар) тудыратын гипермәтін ұғымы пайда болды.
Постмодернизм өкілдері: Р. Барт, Ж. Батай, Ж. Бодрийар, Ж. Делез, Ж. Деррида, Ж. Ф Лиотар., Р. Рорти. Ал М. Фуко қойған диагнозды батыс елдерінің дамуы дәлелдеп отыр. Масс-медиада жасалған реалдық пен нақты қылмыс, саясат, жыныстық қатынастар, т. б. ажырамас күйге жетті. Шындықты ойдан шығарылғанымен және өмірдің өзінен туғанды «тек экрандылығымен» бөліп қарау мүмкін болмай қалды. Бір құбылысты көрсету сол құбылыстың өзінің негізіне айналды, тек сол кезде ғана ол өз болмысына ие болады, көрсетілмесе - жоққа тең. Бұл философиядағы түйінді ойлар, батыс еуропадағы индустриалық өркениеттің постиндустриалдыққа өтуінің салдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет