Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет86/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы гуманист, ойшыл, философ, қоғам қайраткері әрі сазгер. Абай басқа философтар секілді әдейілеп философиялық трактаттар жазбағанымен, оның өлеңдері мен қара сөздері философиялық салиқалы ойларға, терең мағыналы толғауларға толы. Ол философиялық ойдың заңғар биігіне арнайы оқудан емес, өмір мен болмысты тоқу арқылы жеткен табиғаттың өзі тудырған ғұлама.
Абай қазіргі Шыңғыстау бауырындағы Жиделі қыстауында дүниеге келді. Ол орысша сауатын ашып, ол шығыстың ұлы ғұламалары – Фирдоуси Абул Қасым, Низами Ганджев және Ильяс Юсуф-оглының шығармаларымен танысады. Шығармалары өлең түрінде жазылған, 45 қара сөзі (ғағклиясы) де бар. Абай қазақ фольклорын жетік меңгерді. Абайдың қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікірлерінің негізіне: қазақ халқының әлеуметтік деңгейі, тұрмысындағы кемшіліктері, эстетикалық мәселелер, өнерді, білімді игеру, еңбекке баулу, өзбектер мен татарлар секілді белсенді саудаға араласу, дүниетанымында - Құдай мен Табиғат, Адам мен Құдірет, Жан мен Тән, Өмір мен Өлім мәселелері қойылды.
Осы мәселелерге прогресшіл тұрғыдан жауап іздеді. Бір жағынан, дүниенің объективтік заңдылығының бар екенін мойындады, ғылымды меңгеруге, дүниені түсінуге шақырды. Ол «Аш қарын жұбана ма, майлы ас жемей» –деген өлеңінде «мал» деген ұғымды, былай пайдаланады: «жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, малың болса сыйламай тұра алмас ел» - деп ақыл айтады. Мұндағы «мал» дегені – нақпа-нақ сиыр, жылқы немесе қой емес, жалпылама байлық, «меншік» болып отыр. Қазақ үшін «мал» – байлықтың, барлықтың жалпылама көрсеткіші. «Мал» ұғымын экономикалық мәнде қолданудың негізі бар. «Мал» араб тілінде ─ меншік, капитал деген ұғымды білдіреді. Олай болса мал табу ─ ақыл-ойдың нәтижесі. Мал тапқан адам - ақылды тапқаны. Бұл адамдық, адалдық жол. Көкірегі ояу, саналы жұрт осы жолмен жүруі керек.
Танып-білу құмарлығы туралы отыз екінші сөзінде, дүние тану сатыларын былай белгілейді:

  1. Білу үшін ынтық болу, білуді дәулет көру;

  2. Білгеніңді жадыңда ұстап, тағы да жаңа білім алуға ұмтылу;

  3. Білгеніңді жақсы ұғып, оның анық суретін іште, санада жайғастырып қою;

  4. Білу мен құмарлықты игеру, ақиқатқа ұмтылу. Ақиқатқа көзің жетсе, соны пір тұту, өлсең де айырылмау.

Ол білімнің екі жолын көрсетті: мулахиза – барлық күш қуатыңды білу үшін қызмет етуге жұмылдыру; мухафаза – білгенді сақтау, оны дәріптей білу.
Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінде материалистік және идеалистік көзқарастар, ой-пікірлер араласып жатады. Абай – деист. Құдайдың құдіретін тек жарату әрекетімен шектейді. Таным мәселесіне материалистік тұрғыдан қарайды, адамның танымы априорлық (тәжірибесіз ой жорамалдаушы) емес, шындықтың заттары мен құбылыстарының өзін білу, таным көзі – объективтік дүние дейді. «Еңбек таным қабілетін дамытады. Елден естігенді санада (жадыда) сақтауға көмектеседі. Еңбек процесінде адам өз білімін ретке келтіреді, керекті білімді керексіз білімнен бөліп, ақылын арттыра түседі» – дейді. Бірақ Абай үшін ақиқаттың критерийі (дәйегі) ─ сайып келгенде практика емес, ақыл-ойдың өзі болып шығады. «Бұдан көсемсіз ел көгермейді, басшысыз ел азады, жер тозады, берекелі жердің көрікті болашағы басшыға, ел ағасына байланысты, сондай-ақ азаматының қадірін біл» – деген тамаша асыл ойлар туындайды.
Абай өз философиясында, адам болам десең бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой – бес асылың көнсеңіз деп өсиет айтады. Өсиеттерінің бірі – бірлік: бірлік алды тірлік, бірлік жоқ болса, оның үстіне күндестік қосылса, адамдардың әлеуметтік күйі құлдырап, төмендей беретінін айта келіп: «Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ. Сапырылды байлығың, баққан жылқың» деп жазды. Қоғамдағы бір жағымсыз, зиянды құбылыс – маскүнемділіктің дерт болып жайылып бара жатқандығын көрегендікпен әшкерелейді. «Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі не пайда, не залалды біле алмай жүр». Абай білімсіздіктің, надандықтың, әлеуметтік ауыр жағдайға алып келетіндігін көрсетеді.
Ғылымды әлеуметтік жағдайды жаңартудың құралы ғана емес, прогреске жетудің жолы дейді. Өзінің 17-ші сөзінде ғылымның әлеуметтік рөліне кең әрі терең тоқтап, ақыл, қайрат, жүректі айтыстыра келеді де, ғылымға жүгіндіреді. Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады және қуанғанда не айтып не қойғанын өзі білмей есі шығады, ұялмас нәседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Қазақтың әлеуметтік жағдайының ауырлығын көп зерттеген Абай, одан бүкіл адамзат баласына қатысты қорытындылар шығарады. Адам баласын қор қылатын үш нәрсе: 1. Надандық. 2. Еріншектік. 3. Залымдық деп қорытындылайды. Абай жан-жақты, үйлесімді дамыған адамды қалыптастыруды армандайды. Сондай кісілерден тұратын қоғам ғана әділеттік теңдік орнатады деп үміттенді.
1917 жылы ақпан (февраль) революциясының жеңгенін, ақ патшаның тақтан түскенін естіп, зиялылардың бір тобы «Қазақ» газетінің басшылығымен қазақтың құрылтайын шақырып, онда жалпы ұлт мәселелерін талқылауға даярлық бастады. Бұл мәселелер алдымен облыс орталықтарында талқыланып, шілде айының 21-26 жұлдызында Орынбор қаласында, бірінші жалпы қазақ съезі шақырылды. Съезд жұмысына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан барлығы 20-дай өкіл қатысты. Съезд барысында мына мәселелер қаралды: мемлекеттің билеу түрі, жер мәселесі, дін, сот мәселесі, халық милициясы, оқу мәселесі, дін мәселесі, әйел теңдігі мәселесі.
Қазақ автономиясы Ресейге кіреді деп алынған қаулыға, уақытша өкімет бастығы Керенский, ешқандай өкімет берілмейді деп жауап берді. Сібір өкіметінің басында тұрған Колчак, 1918 жылы Алаш жойылсын деді. 1917 жылы желтоқсанда 2-ші жалпы қазақ съезі өтті, оның шешімдеріне байланысты мемлекет атрибуттары қалыптаса бастады. Бірақ Совет өкіметі алашорданың прогрессивтік қозғалыс екенін мойындамай, контрреволюциялық өкімет деп жариялады. Отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақтың өз алдына тәуелсіз ел болып қалыптасуы үшін, халық санасын ояту мәселелері қойылды, ол «Айқап» журналы арқылы жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет