Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Рухани болмыстың объективтендірілуі



бет94/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Рухани болмыстың объективтендірілуі: Әуелі белгілі бір ой, пікір, идея жеке адам санасында пайда болады. Адам тәжірибеге, білімге және қабілетінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып ой-пікіріне, идеясына материалдық сипат береді, яғни тіл арқылы өрнектейді, жоба жасайды, музыканы (ән-күйді) нотаға түсіреді, сурет салады, материалдық бұйым жасайды. Рухани жемісін қоғамдық практикаға қосады.
Тіл – дербестенген және объективтендірілген рухани болмыстың бірлігі. Тіл – қоғамды дамытушы, тарихты жалғастырушы және байланыстырушы, мәдениетті сақтаушы, ақыл-ой тірегі.
Болмыс – жан-жақты терең, ауқымды ұғым, болмыс тек материя ғана емес, сонымен бірге идея, дін. Ол субстанция ұғымымен тығыз байланысты. Субстанция өзіндік мән, бастама. Ол өзінің өмір сүруі үшін өзінен басқа ешнәрсеге мұқтаж болмайды.
Субстанция (лат. негізінде не жатыр деген сөз). Субстанция–монизм мен дуализм плюрализм болып үшке бөлінеді. Қандай да пікір сөз, дау болмасын, өмірдің негізінде не жатыр деген сұрақ туындайды.
Монистік (бір негіз, біреу) бастама идеалистік, материалистік болады. Монистік бастама идеалистік, яғни, дүниенiң негізінде идея мен сана жатыр (Сократ, Платон, Аристотель Гегель). Монистік бастама материалистік, яғни оның негiзінде материя жатыр (Фалес, Гераклит, Спиноза, Фейербах, Маркс, Энгельс, Ленин). Дүниенің негізінде сана мен материя қатар жатыр десек, онда бұл дуализм - Декарт, Кант и Юм.
Плюрализм (лат, pluralis) –көптік. Ол бірлікті жоққа шығарады, бірнеше және көптік пікірдің тәуелсіз, бір-біріне қосылмайтынын қолдайды, болмыстың көп негізі бар деп есептейді.
Неміс философы, экзистенциализм ағымын салушылардың бірі (бірақ, ол өзін экзистенциализмге жатқызбаған) Хайдеггер Мартин (1889-1976), «Болмыс пен уақыт» (1927) деген еңбегінде қазіргі замандағы болмыс әлемі – ол бір затсыз, тіпті адам жоғалтқан, шындықтың мистикалық бастамасы дейді. Ол болмысқа қарама-қайшы, алғашқы айтылған ойды бекерге шығара отырып, әртүрлі сипаттама және түсіндірме береді. Ол болмысқа ғылыми анықтама бермеді, тек кейбір маңызды жағын бөліп көрсетіп, экзистенциалимзге сәйкес қарады. Хайдеггер: «болмыс зат, онымен біз қатынаста боламыз, бірақ, ол әлдебір тіршілік» –дейді. Тіршілік бар дейміз. «Болмыс ешбір зат емес, соған сәйкес ол ешқандай уақытша емес, сонымен бірге қатысушы ретінде бәрі-бір уақытпен анықталады». Болмыс пен уақыт бір-бірін өзара анықтайды, бірақ, солай болса да, біріншіден, ешбір болмысты уақытша, ал екіншіден, ешбір уақытты тіршілік ретiнде қарауға болмайды. Хайдеггер: «болмысты рационалды тануға болмайды» деген пікірге келеді.
Материя деген не? Бұл ұғымды қалай түсінуге болады? Материя (лат, material- зат, нәрсе, материал) Антика заманындағы грек философиясында заттардың түпкі тегі, белгілі бір бастапқы зат деген көзқарас орын алды. Су, от – материя –апейрон, бөлінбейтін субстанция–атомдар деп есептеледі. Жаңа дәуір философиясында, француз материализмнің өкілі Гольбах: «материя» дегеніміз – біздің сезімге әсер ететіннің бәрі» –деді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында физика ғылымының саласында ашылған жаңалықтар: радиоактивтік құбылыстар, рентген сәулесі, электронның нақты өмір сүруінің дәлелденуі, электромагнит өрісі құблысының табиғатын табу, арнаулы салыстырмалы теорияның ашылуы ескі көзқарасты түбегейлі бұзды. Бөлінбейді деп келген атом күрделі құрылым болып шықты. Оның өзі де ұсақ бөлшектерге ыдырады, үнемі қозғалыстағы бөлшектердің массасы да тұрақсыз, жылдамдығына байланысты өзгеретiнi анықталды. Микробөлшектердің табиғаты екіжақты, олардың әрі заттық, әрі өрістік (толқындық) қасиеттері бар жарықтың бөлшегі –фотонды затқа жатқызуға болмайды. Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге тең.
Осы жаңалықтарға байланысты ғылымда, оның ішінде физикада, күйзелістік жағдай туды, атомның бөлшектенуі материяның жоғалуы деп саналып стихиялық-материалист ғалымдар идеалимзге, дінге бет бұра бастады. В. И. Лениннің «Материализм және эмпириокритицизм» атты еңбегінде: «Материя дегеніміз – адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізді тәуелсіз түрде бар бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын суреті түсірілетін, бейнесі жасалатын, обьективтік реалдықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория»5 – бұл айтылған материяның жаңа философиялық анықтамасы осы дағдарысты тоқтатуда ерекше рөл атқарды. Бұл анықтамада: материя дегеніміз – жеке зат немесе оның бір қасиеттері емес, философиялық категория (тарихи өзгеріп отыратын ғылыми жалпы ұғым) екендігі айтылады. Оның ең негізгі екі қасиеті – объективтік шындық ретінде өмір сүруі және міндетті түрде біздің сезімімiзде көрінуі – бары айқындалды. Физикадағы дағдарыс материяның жоғалуынан емес, біздің ескі ұғымдарымыздың жарамсыз болып қалғандығын ғана дәлелдейді деді. Бұл анықтама соңғы жылдардағы барлық ғылыми жаңалықтарды қамтиды, сондықтан, ол әлі де ескірудің нышанын білдірмейді.
Материя – объективтік шындық ретінде шексіз, мәңгі. Мәңгілігі жоғалмай бір түрден екіншісіне өтуiмен дәлелденсе, шексiздігі элементарлық бөлшектердің күрделі құрылымы мен кеңістікке жайылған ғарыш денелерінің сансыз көптігімен дәлелденеді. Материя құрылымы жағынан да шексіз, екі қиыршық құм да бір-бірінен өзгеше болады. Материяның қазіргі замандағы құрылымы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет