Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет104/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Биологиялық шарттар



  1. Маймыл тәрізді хайуанаттардың, адамға аз да болса ұқсас биологиялық түрдің пайда болуы.

  2. Бастағы ми, нерв жүйесінің күрделенуі. Екінші сигналдың – объективті затты алмастырушы субъективтік бейнелердің сырт белгілерінің (дыбыс, қимыл, т.б.) дамуы.

  3. Дене құрылымы, тік тұрып жүруі, аяқ-қолдарының жетілуі, қолдың босап, ойда туғандарды істе тексеру мүмкіндігінің артуы.



Әлеуметтік негіз



  1. Еңбек құралдарын жасап, заттарды өңдеу, күштің көбеюі.

  2. Сөз, тілдің пайда болуы. Еңбек құралдары табиғатта дайын түрде жоқ, оны жасауда жас ұрпаққа үйрету, тілді жетілдірудің қажеттілігін тудырады. Сөз өз кезегінде абстракциялық ойлауды (бейнелермен алдын ала мида жұмыс істеу) дамытады.

  3. Адамдар арасындағы материалдық, рухани қатынастардың жетіліп, сүйіспеншілік, өзара көмек, келісе шешуі өседі.

  4. Адам санасынан тыс өмір сүретін құбылыстардың – өндіріс, отбасы, ұлт, тіл, т. б. әлеуметтік құрылымдардың күрделенуі, әртүрлі ілімдердің пайда болуына әкеледі.

Тірі материя мен өлі материя арасында табиғи байланыс бар, ол барлық материяға тән – бейнелеу қасиеті. Бейнеулеу (шағылысу – отражение) заттар мен құбылыстардың жан-жақты байланысы (тікелей немесе аралық заттар мен құбылыстар арқылы) мен әсерлеуінің салдары. Дүниедегі көрінген заттың өзгерісі барлық басқа заттардың өзгеруіне әкеледі. Әрбір зат сол өзгерудің ізін өз бойында сақтайды, соған сәйкес өмір сүру тәртібін түзетіп отырады, сөйтіп қоршаған ортаға бейімділігін байқатады. Бейнелеу – әрекеттескен заттардың құрылымдық деңгейіне тәуелді болғандықтан, оны механикалық, физикалық деп ажыратып қарауға болады. Бейнелеудің екі түрі бар:
1) Изоморфизм (гр. ioog – бірдей форма) – объекті мен оның бейнесі арасындағы айнымас ұқсастық 2) Гомоморфизм (гр. бір, тең) – объекті мен оның бейнесі арасындағы ұқсатық дәлме-дәл емес, мөлшерлі, жоба түрінде болуы.
Бейнелеудің жоғарғы түрі, биологиялық түрлерде қалыптасады. Зат алмасу бар жерде, тіршілік өмір бар. Физиологиялық процесс, тірі организмнің өмірі тітіркенуден басталады (бір клеткалы құрылымдар, өсімдіктер дүниесі). Тітіркену ең қарапайым және жабайы организмдерден бастап, барлық тірі организмдерге тән қасиет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет