Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет105/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Жетілген сана – өзіндік сана, өз ерекшелігіңді, қайталанбайтыныңды түсіну, ол тек адамға тән, өз-өзіне жауапкершілік жүктеудің басты себебі. Өзіндік сана – адамның танымдық, өнегелік, діни, эстетикалық және саяси салаларда өзінің іс-әрекетін субъект ретінде түсінуі. Басқа сөзбен айтқанда, өзінің адамгершілігін, мақсатын, идеалын және жүріс-тұрысының дәлелін білуі, өзінің басқа біреулермен салыстыру арқылы кім екенін анықтауы. Өзіндік сана әр уақытта жеке адамға байланысты. «Өзіндік сана – білім. Менен басқа жерде еркін өмір сүре алмайды», - дейді Гегель. Оның мәні кісінің сезіну, күйзелу, ойлау ерекшеліктеріне байланысты, өзіндік сананы объектендірудің қиындығы. Ол әр адамның бірегей құндылығын және біртума тұлға екенін, өзінің «Менің» табиғаттан және адам әлемінен бөлінуін түсіндіруді талап етеді. Кеңірек алғанда, өзіндік сананың әлеуметтік топтарға, этносқа, т.б. қатынасы болады. Теориялық ойлау дәрежесінде ол рефлексия (сананың өз-өзіне назар аударып, өзінің псикикалық күйіне ой жүгіртуі) түрін де қабылдайды. Өзіндік сана – тілдің дамуына да ерекше байланысты. Адам қабілетінің өсуі, ой-өрісінің шамасы ана тіліне көп тәуелді болады. Өзіндік сана бір жағынан танымдық, екінші жағынан әрекеттік рухани құбылыс, ол философия, социология, этика, психология, этнография, педагогика сияқты бірнеше ғылымның басын біріктіретін құбылыс.
Жеке және қоғамдық сана, олардың диалектикалық байланысы бар. Әр адам саналы. Қоғамдық сана жеке саналардың жай қосындысы емес, сонымен бірге жоғарғы күрделі жиынтық. Сана – әр адамның жеке басына, біліміне, өмір сүруі жағдайына, мінезіне, қабілетіне, тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Оған болып жатқан жағдайлар, экономикалық, топтық, саяси, әлеуметтік мәселелер де әсер етеді. Бірақ жеке сананың өрісі, қоғамдық санаға қарағанда тар. Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған ортақ, мазмұны терең сана және қоғамдық болмыстың бейнесі, оның туындысы. Қоғамдық сана - әлуметтiк ортадағы әрқилы сезiм, көңiл-күй, көркемдiк және дiни бейнелер, идеялар, көзқарастар мен теориялар жиынтығы. Қоғамдық сана құрамында өткен ұрпақтың білімі, идеологиялық жетістіктері, мәселелерді талдау әдіс-тәсілдері көп орын алады. Соның нәтижесінде қазіргі қоғамдық болмысты да біз тарихи сабақтастық тұрғысынан суреттеп зерттеуге икемдіміз. Бұл қоғамдық сананың ұлттық сипатының белгісі және жеке адам санасы тәрізді құрып кетпейтіндігінің куәсі. Қоғамдық сананы ары қарай дамытып жетілдіретін жеке тұлғалар, бірақ олар ол үшін қоғамдық сананың белгілі бір санасын жеткілікті түрде игеріп, оны ары қарай жалғастыра білуі керек. Тек осы жағдайда ғана ол тұлғалардың санасы да мәңгілікке өтеді, қоғамдық-ұлттық сананың ажырамас бір сипатына айналады.
Қоғамдық сана – бейнелеу түрі мен рухани дүниені жасау әдістері арқылы ажыратылады. Қоғамдық сананың адам санасына әсер етуінің екі жолы бар: 1. жеке адамдар санасы арқылы; 2. қоғамдық естелік (кітап, газет, теледидар, радио) арқылы. Қоғамдық сана - өте күрделi құбылыс. Олардың әрқайсысы өзiндiк салыстырмалы рухани құрлым, сонымен бiрге басқалармен жан-жақты тiкелей және жанама байланыста болады.
Қазiргi әлеуметтiк философияда қоғамдық сана құрлымы деңгейiнде: қарапайым және теориялық сана; қоғамдық психология және идеология; қоғамдық сана формалары болып бөлiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет