В. И. Вернадский (1863-1945 жж.) Адамның эволюциялық барысында қоршаған табиғатты өзгерту іс-әрекеті күшейе түседі. Биосфера (өмір сферасы) әрдайым үздіксіз ноосфераға өтеді. Ноосфера – ақыл-ой сферасы, адамның өмірінде, оның материалдық және рухани мәдениетінде пайда болады. Ноосфера әрдайым ұлғаяды және болмыстың басқа да салаларына тарайды. Келешекте ноосфера жер үстінде жетекші болып қосмосқа ауысады деген ойларды айтып, биосфераның ноосфераға өтуінің әлеуметтік-табиғи негізгі алғышарттарын анықтады.
Жер шарының әлемдік тарихын қамту және адамзатты бір тұтастыққа айналдыру.
Байланыс құралы мен жетістіктерді айырбастауды қайта құру.
Энергияның жаңа көзін табу.
Барлық адамдардың тұрмыс жағдайын көтеру және олардың теңдігіне жету.
Ноосфера: ақыл-ойдың құдіреті арқылы дүниеге келген ғажайып техникалық құралдардың күшімен табиғатты бүлдірмей, оны жоспарлы, жүйелі, әрі сапалы түрде пайдаланып, өзгерту, түрлендіру, сақтау – жарқын келешектің белгісі.
Легальдық жария марксистер (Н. А. Бердяев, С. И. Булгаков, С. Л. Франк, П. Б. Струве) – жас философтар, әрі экономистер. Бұлар марксизмдегі қоғам туралы ғылыми теорияның нақтылығын көрді, бірақ Маркстің революция мен диктатура идеясын қабылдамады. 1902 - 05 жылдары «легалистер» марксизмнің материализм мен атеизмінен бас тартып, Соловьевтің біртұтастық діни философиясына эволюция жолымен көшті.
Ресейдегі алғашқы марксизм теоретигі әрі насихаттаушысы Г. В. Плеханов (1856-1918 жж.). Плехановтың философиялық-әлеуметтік еңбектері жоғары бағаланды. Оның көптеген еңбектері маркстік теорияны дамытты. Марксизмді философиядағы жаңа кезең ретінде санап, ол оның сапалық өзгешелігін ашты. Тарихты материалистік тұрғыдан түсінуді жетілдірді. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана қатынастарының күрделігін көрсетті, қоғамның қарама-қарсы таптары күресінің көрінісі болатын идеялар шайқасында қоғамдық психологияның рөліне көп көңіл бөлді. Ол Россиядағы орыс революцияшыл-демократтардың тарихи рөлін көрсетті.
Советтік философияға В. И. Лениннің шығармасы зор әсер етті. Ол маркстік философиядағы материализмді дамытып, оны Ресей жағдайына бейімдеуге тырысты. 1917-30 жылдардағы ұзақ пікір-таластар ресми марксизм-ленинизмнің күшті басымдылығымен жүрді. Марксизм философиясын Лениннің дамытуы. Лениннің философияға қосқан үлестері: 1. «Материя» туралы анықтамасы.
2. Империализмге берілген анықтамасы.
3. Социализм теориясын нақтылау.
4. Таптарға берілген ғылыми анықтама.
5. Жеке, ұжымдық, мемлекеттік меншік туралы оқулары.
6. Дүниежүзілік пролетариат революциясы ілімі. Марксизм-
ленинизм – әлемдік диктатура орнатуды көздеді.
Лениннің философиялық көзқарасына әсер еткен ғылыми
жаңалықтар:
Радиотолқындардың ашылуы (Герц).
(Макс Планк).
Материяның қозғалысы мен Уақыт бірлігі (Эйнштейн).
Осының нәтижесінде «материя» анықтамасы пайда болды. Материя дегеніміз –адамға түйсігі арқылы мәлім болатын, түйсіктерге тәуелсіз бола тұра, сол түйсіктерде көшірме, сурет ретінде бейнеленетін объективтік реалдықты белгілеу үшін қолданатын философиялық категория.
Ленин Империализмнің үш ерекшелігін атап көрсетті:
Империализм – монополистік капиализм.
Паразиттік немесе іріп-шіріп бара жатқан капитализм.
О дүниелік капитализм. Яғни, оның орнын социализм басады,
ол революция арқылы келеді.
Ленин капитализмнен социализмге өтудің диалектикасын ашты:
Буржуазияның қарсылығын басу;
Азамат соғысы;
Буржуазияны шектеу;
Буржуазиялық мамандарды пайдалану;
Жаңа адамдарды тәрбиелеу.
1930-50 жылдардағы философияны толық идеологизациялау, оны ресми өкіметтің қызметшісіне айналдыру, И. В. Сталиннің философиялық мәселелерді шешудегі әсерімен анықталады. Н. И. Бухарин – сана, психика мәселелерімен айналысты. А. Богдановтың теориялық жүйесі – «тектология». Тектологияның мақсаты: жекелеген құрылымның, болмаса бүкіл әлемнің типтері мен формалары туралы түсінік беру. Богданов бойынша, ол тәжірибенің осылай немесе басқаша ұйымдастырылуына көп әсер етеді. Белгілі марксистер: А. Ф. Лосев - адам, тарих А. М. Деборин – материализмді шығармашылық түсіну; Л. Гумилев – тарих, этногенез; В. Асмус – ғылыми, тарихи; Ю. Логман - қоғам, философия, тарих мәселелерімен айналысты.