Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет86/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Мағжан Жұмабаев (1843-1938). Мағжан – халық ауыз әдебиеті сюжеттерін пайдалана отырып, халқымыздың бостандығы үшін күрестегі ерліктерін кейінгі ұрпақтарға мирас еткен, сол арқылы халықтың рухани сезімін оятқысы келген. Мағжан Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасында Қорқыттың адамзат баласы үшін «мәңгілік өмір іздеуі», Мағжанның ел егенмендігі идеясымен сай келеді. Мәңгілік өмірді аңсау ─ адам жаратылысынан келе жатқан арман. «Көлдің суалғысы, гүлдің солғысы келмейді». Бұл табиғи шындық. Бостандық аңсаған халық мақсаттарына жетпей қоймайды. Бұл қажеттілік. Ол: «Қорқыт жан күйзелісін, арман шерін қобыз сарынымен білдірсе, мен өлеңмен аңғартамын, соны түсініп жаныңмен ұқ» ─ деп оқырмандарға кеңес береді. Сондықтан Қорқыт зары ақын мұңымен үндес.
ХХ ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденіс жасады. Қазақ халқының қарапайым ой-пікірін алғашқы болып жүйелі философиялық деңгейге көтерген Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931). Ол орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік білген. Еуропалық қоғамдық ойлармен және орыстың революцияшыл-демократ ойшылдарымен таныс болған. Ол Абайдың қара сөзіндегі ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан 1928 жылға дейін, яғни 30 жыл бойы табанды ізденістің нәтижесінде қазақтың алғашқы жүйелі философиясының жолын салды, «Үш анық» деген еңбегін шығарды.
«Үш анық» деген не?

  1. Заттық дүниені ғылыми жолмен тану.

  2. Діни ұғымдар, ғажап жағдайларға сену (магентизм, спиритизм, телепатия).

  3. Ұждан, былайша айтқанда ынсап, әділет, мейірім деп оны бөліп, адамның моральдық мәселелерін арнайы қозғайды. Ұжданды орысша ─ совесть деп атап келіп, Шәкәрім: «Совесть – жанның тірегі»,– дейді.

Бірінші аныққа ─ дүние өздігінен жаралады деген ғалымдардың ой-тұжырымына сүйене отырып, бес дәлел келтіреді. Бірінші дәлел: «Қайта айналыс жолы» – ол Кант секілді, Жер, Күн, Ай, планеталар бастапқы кезде газ, түтін, жалын сияқты болып, содан кейін салқындап, денелерге айналады. Ол сол қалпында қалмайды, қайтадан, бір-біріне соғысып бөлініп, бөлшектеніп сұйық затқа, одан газ, түтін қалпына келеді. Мәңгі қайталану барысында, әлем, өсімдік, хайуан, адам пайда болатынынын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет