Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Қоғамдық болмыстың әсерінен қалыптасатын адамдағы үшжақты мағына



бет118/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Қоғамдық болмыстың әсерінен қалыптасатын адамдағы үшжақты мағына



  1. Жеке адам, пенде (индивид).

  2. Индивидуальность (даралық, ерекшілік).

  3. Тұлға, кісі (личность).

  1. Жеке адам – жалпы адамзаттың өкілі. Көптің бірі ретінде адамға тиісті қасиетке, келбетке ие болуы керек.

  2. Индивидуальность (ерекшелігі) – адамзаттық қасиеті дараланып көрінетін әрбір жеке адамның өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, бұл ерекшеліктері қайталанбайтын феномен. Адам – таза қағаз емес, онда мәдениет өзінің жазуларын түсірген: ол тіршілік иесі, күш-қуаты, ақыл-ойы, сезіну-күйінуі бар және сонымен бірге нақты ұйымдасқан, сыртқы жағдайларды өзіне сәйкес өзгерте білетін жан.

  3. Тұлға, Кісі (личность) – ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің дүниеге көзқарасы бар адам. Кісі әлеуметтік іс-әрекет иесі ретінде өндірістің, қоғамдық қатынастың, қоғамдық сананың субъектісі болып табылады. Тұлға –әртүрлі дәрежедегі қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі.

Адамның туып өскен, тәрбиеленген қоғамы қандай болса, оның өзі де сондай болады. Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат болады. Әр адам ең алдымен бүкіл адамзат қауымының мүшесі. Яғни, онда шыққан нәсілінен, ұлтынан, табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз есті және тәрбиелі адамның барлығына ортақ қуану, қайғыру; балажандық, ананы сүю, махаббат, әділеттілікті ұнату сияқты адами қасиеттер болады. Адамның ақыл-ойы мен сезімі өте күрделі биологиялық, психологиялық, әлеуметтік құбылыс. Күшті сезім, зерде, яғни интелекттің, еріктің араласқан түйіндері арқылы әлеуметтік өлшем, психологиялық қасиетке ұласады.
Тән мен жан бірлігі, адам жанының ерекшілігі – оны табиғат әлемінен бөліп тұр. Қазіргі заманда «жанның» орнына, синонимы ретінде «психика» деген сөз қолданылады. «Психика» дегеніміз – «адамның ішкі дүниесі», «адамның рухани әлемі». Адам ерекшелігінің негізінде рухани дүние жатыр. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланысын, бір-біріне тәуелділігін сөз еткенде, адамның хайуандық қалдықтардан бірте-бірте арылып, «әлеуметтену» (социализация) процесіне кіретінін ұмытпау керек.
Маркс: «Аштық қашанда аштық, бірақ пышақ пен шанышқының көмегімен піскен етті жеу арқылы жоюға болатын аштық бір бөлек те, қолдың, тырнақтың, тістің көмегімен жұлқылап, шикі ет арқылы жойылатын аштық бір бөлек» – деген.
Қазіргі замандағы антроптық принциптің фундаментальдық (негізгі) қағидасы философия мен ғылымға көп ене бастады. Ол әлемді күрделі, әрі өздігінен ұйымдасқан жүйе және адамды ондағы негізгі элемент ретінде қарауды талап етеді. «Бірқалыпты адам», ерекше объект деген көзқарасты қалыптастыра отырып, адам әлемді бақылаушы және өзіндік реттеушісі ретінде, әлемнің физикалық параметрі әр алуан түрінің құрылымымен, әртүрлі дәрежесімен байланыс орнатты. Ғылымда (оның ішінде жаратылыстануда), адам қызметінде субъекті мен объекті арасындағы ажыратуды жеңу, табиғат пен адамның жақындасуын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет