Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет2/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Көзқарас – дегеніміз – дүниеге белгілі бір түсінікпен қарау. Көзқарас болу үшін сана, ал оның жетілуі үшін білім керек. Ол неғұрлым көп білу, ынталану арқылы жүреді. Көзқарас – негізінен әртүрлі дәрежеде қалыптасады.

  1. Сезімдік. Сезім сананы оятады. Мысалы, музыка адамды қуантады, әдемі әсер береді, ойды билейді, ал кей қайғылы әуендер – адамды қайғыртады.

  2. Ұғым жеке қабылдау бейнелерін жинақтаудан туады. Қорқу, уайымдау, қуану күйлері (эмоциялар) бейнелердің ерекшеліктеріне әсер етеді.

  3. Ұғыну – ойға салу, неге олай болды деп пайымдау алғашқы көзқарастарды тудырады.

  4. Илану (сену). Иланусыз көзқарас болмайды, сенім күресуді талап етеді. Дін де илануды (нануды) талап етеді, бірақ ол ешнәрсенің себебін ашпайды. Наным, сенім – көзқарастың өзегі.

  5. Тұрақты пікір. Пікір тұрақталмаса, көзқарастың мәні болмайды. Дүниеге көзқарас бағалаудан, іс-әрекеттен ғана тумайды, объективтік шындықтың адамға ықпал жасайтын әсерінен пайда болады. Олар: күдіктену, уайымдау, қайғыру, мазасыздану, қорқу, ренжу, шаттану, масаттану және қуану. Бұлар адам интеллектісі мен эмоциясына тікелей байланысты. Эмоция (сезіну, әуестік, көңілкүйі) - әрдайым ізденістің бастамасы.

Ғалым, ақын, артист болу үшін де адамның эмоциясы (ішкі дүниесі, сезімі) бай болуы керек. «Көз – адамның ішкі дүниесінің айнасы». Тұрақты көзқарастың екінші бір негізі теория болуы шарт.
Көзқарастың тарихи түрлері: миф, дін, философия. Дүниеге көзқарастың тарихи алғашқы түрі – миф (аңыз, ертегі). Мифология (гр. mythos – аңыз, logos – ілім) қоғамдық сананың түрі. Дүниені түсінудің бұл архаикалық түрі – біздің ертедегі бабаларымыздың өмірінде маңызды рөл атқарды, алғашқы қауым адамын табиғатпен үйлесімді біріктіре білді, рулық өмірді реттеп отырды. Миф – қоршаған ортаны қиял, керемет, ғажап ретінде қабылдауға мүмкіндік берді. Миф – мына негізгі сұрақтарға жауап беруге тырысады: әлемнің пайда болу жолдары, жер және адам қатынасы, табиғи құбылыстар, оларды түсіну, мәнін ашу, адам тағдырының көзі, адам қызметі мен оның табыстары, намыс пен ар мәселесі, қарыз бен борыш, этика және өнегелік, т.б.
Мифтің ерекшелігі: табиғатқа адамның өз қасиеттерін беріп, адам қатарына қосуы, құдіретті құдайдың бар болуына кәміл сену. Адамдардың өзара қатынасы және әрекеті, абстрактылық толғануы (рефлексия – сананың өз-өзіне бағытталып, өзінің психикалық күйіне ой жүгіртуі) нақты өмірдегі шаруашылықты практикалық бағытта дамытып, апаттан қорғауға арналады. Бұл мәселелерде мифологиялық сюжеттердің біртүрлігі және үстірттілігі басым, яғни барлық халықтар бастауын дүниеге көзқарастың осы деңгейінен алады.
Әрбір жеке адам өз дамуында адамзат тарихын өте қысқа түрде қайталайтынын В. И. Ленин айтқандай, мифологиялық сананы жас баланың санасымен теңестіруге болады. Олар да өзінің саналы жан екенін түсінбей ойыншықтармен сөйлесіп, ұрысып, әке-шешесінің өзіне істегенін оларға істеп, шын көңілмен оларды өздеріне тең санап өмір сүреді. Балалар санасы да синкретикалық сипатта көрінеді. Сана біртұтас қалыпта, ақыл мен сезім деңгейлері ажыратылмаған, жақсы мен жаман істер анықталмаған күйде өтеді. «Балалы үйде ұрлық жатпайды» деген қазақ халқының мақалы да осыдан туған болар. Бала тек өсе келе, шындықты жасырмай айтып, таяқ жегеннен кейін ғана өтірік айтуға, кейбір ойын, іс-әрекетін жасырып қалуға, яғни ақыл мен сезімде берілгенді тежеп ұстауға үйренеді. Мифологиялық сана арқылы ғана адамдар алғашқы қауымға бірігіп, адамдық қатынастарды дамытып, жетілдіре алады. Ұрпақ жалғастырудың не себепті өтетінін білмеуге байланысты ру мүшелерін бір тотемнің (көбіне жануарлардың бір түрі) тұқымдары деп санап, өзара бауырластық, теңдік, көмектесу талаптарын, кейін сүйіспеншілік, борышты болу қасиеттерін дамытты. Биологияның «тіршіліктің басқа түрлерімен және өзара мәңгі күресу» заңының шеңберінен шығып, әлеуметтік заңдылықтарға бағынуға үлкен қадам жасады. Өздерінің рухани, жандық сипатын (санадағы бейне, түсініктерге сүйеніп, жоспарлы түрде іс-әрекет жасау) жетілдіре түсті.
Миф сананы оятады, прогресс дамуының негізі – жазба мәдениетінің пайда болуы арқылы дін, философияға біртіндеп өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет