Теология – (гр. theos – құдай және logos- ілім ) дін ілімі, құдайдың мәні мен әрекеті туралы діни жүйенің жиынтығы.
117. Теодицея – (гр. theos- құдай және құқық, әділдік) – «құдайды ақтау», философияда құдайшылықты, жаратушыны мадақтау жайындағы ағым.
118. Телеология – (гр. мақсат-мүдде, ілім) алғашқы кезден бастап табиғат әлемнің мақсатқа сәйкес дамуы және өмірдің барлық құбылыстарының түпкі мақсаты бар деп түсіндіреді.
119. Теоцентризм – (teo –құдай, орталықта) адамның мінез-құлқын, қоғамды анықтайтын күш – (Құдай, ол барлық әлемді, тіршілікті жаратушы).
120. Тітіркену – тірі дененің бейнелеу формасы, жүйке жүйесі жоқтарының ерекшелігі.
121. Тіл – ойлаудың белгілер жүйесі, адам қарым-қатынасының, ойлауының құралы ретінде сананы айқындайтын шындық.
122. Тұлға – әлеуметтік іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі жеке адам, оның қасиеті қоғамның нақты-тарихи жағдайында анықталады.
123. Трансценденталдық апперцепция – тәжірибеге дейінгі сезімнен тыс шындықты қабылдау, сезімдік және рационалдық сараптау білімінің синтезі.
124. Трансцендентті – тәжірибеден тыс жатқан, ақылмен, санамен түсініп білуге болмайтын идеалистік ағым.
125. Триада (үш таған) – Гегельдің идеалистік философиясындағы диалектикалық дамудың үш сатылығы: бұл көзқарас табиғат пен қоғамның шын даму жолына қайшы.
126. Томизм – (лат. Thomas –Фома) – Ф. Аквинский негізін қалаған, католицизм теориясындағы ағым, діни догматиканы ақыл-ой ережелеріне орынды қосуға тырысқан католиктік философияның қайнар көзі.
127. Теория – қандай да болсын құбылысты түсіндіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір көзқарастың тұжырымдалған қорытындысы. Теория ғылымның түрі, заңдылықтар жиынтығы және құбылыстардың қалай немесе қандай екенін түсіндіретін, мызғымайтын беріктігі. Бұл ілімнің болашақта теріске шығарылуы немесе анықтала түсуі мүмкін емес, ол сөзсіз айқын.
128. Терістеу – даму үстіндегі обьектінің кезеңдері арасындағы қатынастың бір түрі. Диалектикалық терістеу – өткен кезең қасиеттерінің толық жойылмай, жаңадан өзгеріп сақталуын білдіреді.
129. Уақыт – материя болмысының жалпы формасы. Барлық материалдық жүйенің өзгеруі мен даму түрінде уақыттың айнымайтын белгілі бағыты. Ол өткеннен, болашаққа жылжиды. Өткенді өзгертуге де және оған қайта оралуға да болмайды.
130.