Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет80/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Қожа Ахмет Иассауи (1094-1167 жж.) – ақын, ойшыл. Сопылық бағытты ұстанған әулие дәрежесінде құрметтеп, халқымыз оны «Әзірет Сұлтан» деп атаған. Оның басты еңбегі – «Диуани Хикмет». Бұл кітабында қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына этнографиясына қатысы бар көптеген құнды мәліметтер табылды. Бұл еңбек халқымыздың дүниетанымын кеңейтерлік біршама рөл атқарды. Оның есімі бүкіл араб елдеріне кеңінен танымал, әрі беделі орасан зор болды. Сондықтан Әмір Темір ол кісінің жерленген жеріне арада екі ғасыр өткенде дүниежүзілік маңызы бар Түркістан кесенесін орнатты. Иассауи еңбегінде бұқара халыққа үстемдік құрған хандардың, бектердің қазылардың қарамдық істерін әшкерлеп сынайды, фанидің жалғандығын айтады. Діни адамдардың Құдайдың атын жамылып, бас пайдасын ойлап, кемтарларды ұмытып, елді алдап, байлыққа құныққанын көріп, түңіледі. Ол өзін олардан аулақ ұстап, пайғамбар жасына келгенде қалған өмірін жер астында өткізді деген аңыз да бар. Алла тағалаға адал берілгенін дәлелдеп, дүние қызығынан безіп, софылыққа (аскетизм) ден қояды.
Келесі аты аңызға айналған тұлғалардың бірі ХV ғасырдағы алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ақылшысы болған ақын, философ, ─ Асан Қайғы (ХV ғ.) атанып кеткен – Хасен Сәбитұлы. Оны Шоқан: «Көшпелі ноғай, қазақ ұлысының философы» деп атады.
Ол қазақ ордасының құрылу барысында жаңа мемлекетті жақтаушы және насихаттаушысы болды. Оның жыр-толғауларының түйіні, хандық билікті нығайту, елді қорғау, туыстас руларды бір жерге бағынатын мемелекет құруға арналды.
Батыс Қазақстан жерінде өмір сүрген Асан Қайғы, Жәнібек ханның халыққа қысым жасаушы билігінен қашып, елдің көшіп жүрген тұрмысына қанағаттанбай, ренжиді. Желмаяға мініп әлемді, кең дүниені аралайды. Халыққа қолайлы көп жерді көреді. «Жерұйық» оның орындалмаған арманы. «Жерұйық» ─ қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған, ел аласы, ру таласы жоқ, қойны құт, суы сүт жер. Бірақ ол оны ешжерден таба алмай қайғырады.
Мұхамед Хайдардың (1499-1559) «Тарих и Рашиди» еңбегінде адамгершілік, әлем, дүние өз замандастары туралы дәлелді деректердің негізінде мазмұны мәнді, философиялық тұжырымдар жасап, қазақ хандығының қалыптасу кезеңін баяндай отырып, оның халықтық мемлекет болуына, ұлтымыздың қазақ ретінде қалыптасу барысында өмір сүріп, қоғамдық ойдың дамуына ұлттық философиялық білімнің қалыптасуына ат салысты.
Бұхар жырау (1684-1781 жж.) ─ қазақ халқы тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі. Абылай ханның кеңесшісі. Хан оның айтқан кеңесіне құлақ салып отырған. Ол қазақ мемлекетінің саяси тарихындағы белгілі оқиғаларды баяндайды. Оның өлеңдерінен сол кездегі халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын, қайғы-қасіретін, қауныш-сүйінішін жырлағанын білеміз. Ол алауыздық ─ келіспеушілікпен бірбеткейліктің нәтижесі екендігін айтады. Жер бетінен жойылып кеткен жоңғар мемлекетінің тағдырын Бұхар жырау мысал етеді. Жырау дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екендігін, өмір күнделікті өзгерістерге ұшырап отыратынын атап көрсетті. Мұндай өзгерістер тұрмыста ғана емес, адамды қоршаған ортада, табиғатта да жүріп жатады. Бұхар жырау шығармалары нақыл сөздер, мен филсосфиялық ой-толғауларға толы, ол өз заманының көкейтесті мәселелерін көтерген азамат ақын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет