182
Бұл матрица тізбегіне антипараллель келеді. Мұндай синтез үшін
төрт рибонуклеозидтрифосфаттың бəрі (АТФ, ГТФ, ЦТФ, УТФ)
қатысуы тиіс. Синтезделу барысында
бұлардан пирофосфаттар
бөлініп шығады. РНҚ биосинтезінде де комплементарлық прин-
цип сақталады: А – У, Г – Ц. РНҚ синтезінің толық теңдеуі:
матрицалық ДНҚ тізбегі
аГТФ + вАТФ + сУТФ + dЦТФ РНҚ + (а+b+c+d) Н
4
Р
2
О
7
Мg
2+
, РНҚ-полимераза
ДНҚ-да сақталған генетикалық информация (хабар) транс-
крипция процесі арқылы бір тізбекті
РНҚ молекуласына кө-
шіріледі. Кейін РНҚ рибосомаларға ауысады.
транскрипция
трансляция
ДНҚ
РНҚ
Белок
кері транскрипция
Транскрипция нəтижесінде үш түрлі РНҚ синтезделеді. Олар:
рибосомдық РНҚ (рРНҚ), информациялық
немесе матрицалық
РНҚ (мРНҚ) жəне транспорттық РНҚ (тРНҚ).
РНҚ-полимеразалардың функциясы:
30-кесте
РНҚ-полимераза типі
Синтезделетін РНҚ типі
І (А)
р-РНҚ
ІІ (В)
м-РНҚ
ІІІ (С)
т-РНҚ
РНҚ транскрипциясы үш этапта жүреді: инициация, элонга-
ция жəне терминация.
Алғашында барлық РНҚ ұзын алғызат ретінде түзіледі, ке-
йіннен олар қысқа молекулаға айналады. Мұндай айналып өз-
герудің бірнеше
кезеңін басынан өткізеді, мұны «процессинг»
(«пісіп жетілу») деп атайды. Алғызаттар жəне процессингтің
аралық өнімдері РНҚ деп аталады.
Транскрипция біткеннен кейін РНҚ молекулалары бірден бе-
локтармен қосылып, рибонуклеопротеинді комплекстер түзеді.
183
Рибонуклеопротеинді комплекстер құрамында ядролық гете-
рогенді РНҚ болуы мүмкін, мұндай комплексті ядролық инфор-
мосомаларда белок пен РНҚ қатынасы 4:1 құрайды.
Ядролық гетерогенді РНҚ - ұзын тізбекті молекула.
Тізбек
бойында ретсіз монобөлшектер орналасады, бұл белоктар гло-
булалар немесе информофералар. Информофераның сыртқы
бетінде 600-дей нуклеотидтер болуы мүмкін.
1966 ж. А. С. Спирин информосомалар цитоплазмада мРНҚ-
ның трансляцияға дейін сақталу формасы деген болжам жасады.
Процессинг кезінде ферменттердің əсер
етуімен алғызаттан
нуклеотидтер үзіліп бөлінеді жəне одан кейін қайта қосылады,
өйткені ДНҚ құрамындағы ген бүкіл молекула бойында бөлке-
бөлке болып, шашырай орналасқан.
Тұқымқуалау мəліметін беруде жəне белоктар биосинтезі ке-
зінде əр РНҚ белгілі бір қызметті атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: