2.4. Белоктардың химиялық құрылысы Белок макромолекулалары қарапайым амин қышқылдарынан
тұрады. Белоктарды түзетін амин қышқылдарының құрылысын
мынадай түрде көрсетуге болады:
R – CH – COOH
|
NH
2
Амин қышқылдары түрлі белок молекулаларын түзетін мо-
номерлі жеке заттар. Адам ағзасында 300-ге жуық амин қыш-
қылдары бар екені белгілі, бірақ олардың 20-сы ғана белок
мо
лекуласының құрамына кіреді. Бұлар протеиногенді амин
қыш қылдары.
Кейбір белоктардың құрамында жоғарыда көрсетілген амин
қышқылдарымен қатар аз мөлшерде минорлы амин қышқылдары
болады.
Минорлы амин қышқылдары — радикалдары түрленулер
нəтижесінде пайда болған протеиногенді амин қышқылдары-
ның туындылары. Минорлы амин қышқылдарына мысал