Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


Ферменттердің химиялық құрамы мен құрылымы



Pdf көрінісі
бет37/223
Дата21.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#104464
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   223
Байланысты:
turtabaev-biohimia
Критериалды бағала, 6 11 кл тесттер,
3.3. Ферменттердің химиялық құрамы мен құрылымы
Ферменттердің бəрі де үлкен молекулалы қосылыстар, олар-
дың молекулалық массасы 10 мыңнан 1 миллионға дейін, тіпті 
одан да көп шамаға жетеді. Мысалы, кейбір ферменттердің 
молекулалық массасын қарастырып көрелік:
Рибонуклеаза, ұйқы безінің ферменті.............12640
Химотрипсин, ұйқы безінің ферменті.............23000
Пепсин, шошқа қарынының ферменті............34000
Гексокиназа, бауырдың ферменті....................10000
Фосфорилаза, бауырдың ферменті ..................185000
Каталаза, бауырдың ферменті...........................232000
Уреаза ....................................................................480000
Глутаматдегидрогеназа, бауырдың ферменті...1000000
Синтетаза.............................................................2300000
Барлық басқа белоктар сияқты, ферменттер де химиялық 
құрамы бойынша екі топқа бөлінеді. Олар қарапайым жəне 
күрделі ферменттер.


58
Қарапайым ферменттер дегеніміз – қарапайым белоктар, олар 
гидролиз кезінде амин қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді. 
Қарапайым ферменттерге мыналар жатады: рибонуклеаза, пеп-
син, трипсин, химотрипсин, папаин, амилазалар жəне гидролаза 
класына жататын басқа да ферменттер.
Күрделі ферменттер дегеніміз – күрделі белоктар. Күрделі 
ферменттер екі бөліктен: белоктік жəне белоктік емес бөліктерден 
тұрады. Ферментердің белоктік бөлігі апофермент деп, ал белоктік 
емес бөлігі простетикалық топ немесе кофактор (кофермент) деп 
аталады.
Кейбір ферменттердің простетикалық тобы белоктік ком-
поненттен еркін диссоцияланады жəне диализ арқылы бөлінуі 
мүмкін. Кейбір тотығу-тотықсыздану ферменттері бірдей ко-
ферменттен тұрады, бір-бірінен өздерінің апоферменттері ар-
қы лы ажыратылады. Кофермент бір апоферменттен бөлініп 
басқа апоферментке қосыла алады. Апофермент коферментсіз 
(прос тетикалық топсыз) активті болмайды, дəл солай кофермент 
апоферментсіз активті емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет