8
І. АҒЗАЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Жердің биомассасын құрайтын ағзаларда Д. И. Менделе-
ев таблицасының 70-тен астам элементтері табылған. Оттегі,
көміртегі, сутегі, азот, кальций, фосфор, калий, күкірт, хлор,
натрий, магний, мырыш, темір, йод, мыс, молибден, ко-
бальт, селен элементтері тірі ағзада үнемі кездеседі. Олар тірі
ағза жасушасының негізін қалайтын қосылыстар: белоктар,
көмірсулар, нуклеин қышқылдары, липидтер, ферменттер, гор-
мондар мен витаминдер құрамында болады.
Сандық мөлшеріне қарай ағзадағы элементтер 4 топқа
бөлінеді:
І-топ –макробиогенді элементтер:
- оттегі, көміртегі, азот жəне сутегі, олардың ағзадағы мөлшері
1%-дан жоғары.
ІІ-топ – олигобиогенді элементтер – кальций, фосфор, ка-
лий, хлор, күкірт, магний, темір. Ағзадағы мөлшері – 0,01%-дан
жоғары.
ІІІ-топ – микробиогенді элементтер – мырыш, марганец, ко-
бальт, мыс, бром, йод, молибден, т.б. бұл элементтер мөлшері
0,001% - 0,000001% аралығында.
ІV-топ – ультробиогенді элементтер – литий, кремний, қалайы,
кадмий, селен, титан, ванадий, хром, никель, сынап, алтын, жəне
т.б. Ағзадағы мөлшері 0,000001%-дан аспайды (1-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |