Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


жүреді. Олар белоктардың құрылысы туралы тұқым қуалайтын  ақпараттарды сақтайды. Эндоплазмалық тор (ретикулум) (ЭПТ)  –



Pdf көрінісі
бет8/223
Дата21.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#104464
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   223
Байланысты:
turtabaev-biohimia

11
жүреді. Олар белоктардың құрылысы туралы тұқым қуалайтын 
ақпараттарды сақтайды.
Эндоплазмалық тор (ретикулум) (ЭПТ)
 – 
бұл цитоплазма дағы 
өзекшелер жəне қуыстар жүйесі түріндегі жасуша органелласы. 
Əдетте рибосомалар эндоплазмалық тордың жарғақшасына жа-
бысады. 
Лизосомалар
 - 
жануар жəне саңырауқұлақ ағзаларының жасу-
шаларында кездесетін диаметрі 0,5 мкм сопақ денешіктер. Лизо-
сомаларда жасуша метаболизмінде пайда болған өнімдерді ыды-
рататын ферменттер жинақталған, лизосома сұйығының рН~4,5 
шамасы гидролиздің тиянақты жүруіне себеп болады.
Пероксисома – органелла, мұнда органикалық қышқылдарды 
тотықтыратын ферменттер, каталаза, пероксидаза ферменттері 
жинақталған.
Рибосомалар – РНҚ жəне белоктардан құрылған мөлшері 20 
нм болатын жасушаның ұсақ органелласы. Рибосомаларда бело-
ктар синтезі жүреді.
Митохондриялар – біржасушалы жəне көпжасушалы ағза-
лардың барлық жасушаларында болатын органелла. Мито-
хондриялардың ішінде ДНҚ, РНҚ жəне цитоплазмалық рибо-
сома 
лардан өзгеше рибосомалар кездеседі. Митохондриялар 
жа      су шалардың  энергетикалық  станциясы  деп  аталады.  Мито-   
хон 
дрия 
лардың саны, пішіні, мөлшері жасушаның метоболит 
-
тік статусына тəуелді.
Хлоропластар
 
– хлорофилл пигменті болатын жасыл пла-
стидтер. Хлоропластарда фотосинтез жүреді – күн энергиясы 
АТФ жəне көмірсу молекулаларының химиялық энергиясына 
айналады.
Биологиялық мембраналар, ең алдымен, жасуша метабо-
лизмінің биохимиялық, жасушалық жəне физиологиялық дең-
гейдегі интеграциялық жəне дифференциялық жүйесі. Биомем-
бранасыз АТФ-тың синтезі, гормондардың зат алмасуға əсері т.б. 
процестер жүрмейді.
Жасушалық жəне субжасушалық деңгейде мембранасыз 
ядроның, митохондрийдің, лизосомалардың, цитоплазманың өз 
қызметтерін істеуі мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет