137
заңдылық бар, бұл көптеген эксперименттік деректермен дə лел-
денді. Осы заңдылық ДНҚ молекуласының екінші реттік құры-
лымының ашылуында үлкен пайдасы тиді.
Дезоксирибонуклеин қышқылдарының екінші реттік құ
ры-
лымын 1953 жылы жас биохимиктер Дж. Уотсон жəне Ф. Крик
анықтады.
Олардың теориясы бойынша, ДНҚ молекуласы кеңістікте ан-
типараллель орналасқан қос қабат спиральға ұқсайды (бір тізбек
5'→3' бағытында екіншісі 3'→5'). Екі полинуклеотид тізбек өзара
бұранда сияқты жалғасып, азотты негіз арқылы байланысады
дейді. Азотты негіздер спиральдың ішіне қарай орналасқан, ал
пентозды-фосфорлы қалдықтар ДНҚ молекуласының сыртқы
жағына қарай бағытталған (14-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: