153
а) Көмірсулардың пируватқа дейін тотығуы рет-ретімен жү-
ретін көптеген ферментативті реакциялардан тұрады (21-сурет).
20-сурет
. Катаболизмнің жəне анаболизмнің 1-ші сатысы.
Сызықтар катаболикалық жəне анаболикалық жолдарды көрсетеді
21-сурет.
Көмірсулардың пируватқа дейін арнайы тотығу жолдары
б) Липидтер липаза арқылы глицерин
мен бос май қыш қыл-
дарына ыдырайды. Глицерин энергия көзі ретінде жұмсала алады.
154
Глицерин глицеролкиназа ферментінің əсерінен глицерофосфатқа
айналады. Глицерофосфат НАД
+
тəуелді
дегидрогеназа арқылы
тотығып, глицеральдегидфосфатқа айналады. Глицеральдегид-
фосфат цитоплазмада гликолиз процесіне еніп, əрі
қарай тотығып,
пирожүзім қышқылын береді.
в) Белоктар пептидгидролазалардың əсерінен ыдырағанда,
түзілген реакция өнімдерінің құрамында барлық 20 амин қыш-
қылдары кездеседі. Осы 20 амин қышқылдары 20 түрлі жол-
мен, көптеген ферментативті реакциялар нəтижесінде тотығады.
Достарыңызбен бөлісу: