Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет135/223
Дата21.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#104464
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   223
Байланысты:
turtabaev-biohimia
Критериалды бағала, 6 11 кл тесттер,
8.5. Белоктардың биосинтезі
Белоктардың синтезделуі негізінен екі кезеңнен тұрады:
1. Ядролық кезең немесе транскрипция. Мұнда ДНҚ қос 
тізбегінің біреуінің комплементарлы көшірмесі болып табыла-
тын м-РНҚ синтезі жүреді. Осы жолмен синтезделген м-РНҚ əрі 
қарай синтезделетін белоктің негізі болып табылады.
2. Цитоплазмалық кезең, яғни трансляция. Цитоплазмада 4 
əріптік генетикалық информацияның триплеттік кодтың көмегімен 
20 əріптік амин қьшқылдарынан тұратын белоктің тізбегіне айналу
процесі жүреді. Сонымен бірге, онда белоктардың үшінші, төр-
тінші реттік құрылысының кеңістікте орын алуы жəне олардың
жасуша метаболизміне тікелей қатынасуына мүмкіндік туады.
     
       транскрипция                          трансляция
ДНҚ            
            м-РНҚ               
       Белок
Белок синтезі жүретін ортада мыналар болуы тиіс:
1. Рибосомалар. Белоктардың синтезі рибосомада жүреді. Ри-
босома – нуклеопротеидтер, құрамында 60% рибосомалық РНҚ 
мен 40% түрлі белоктар болады;
2. Белоктардың синтезі үшін қажет энергия АТФ жəне ГТФ 
арқылы қамтамасыз етіледі, айта кету керек, бір пептидтік бай- 
ланыс тузілу үшін 4 макроэргтік қосылыс қажет;
3. мРНҚ;
4. 20-ға жуық амин қышқылдары;


199
5. 20-дан астам амино-ацил - т-РНҚ – синтетаза ферменті;
6. 20-ға жуық амино-ацил т-РНҚ;
7. Магний, кальций, калий жəне аммоний иондары;
8. Барлығы 200-ге жуық макромолекулалар, белоктік фактор-
лар жəне инициация, элонгация, терминация, трансляция фер-
менттері қажет.
Трансляция - цитоплазмада жүретін кезең. Бұл кезеңде тек 
4 əріптік нуклеотидтік тілдің 20 əріптік амин қышқылының 
тіліне аударылуы ғана жүріп қоймайды, сонымен қатар, амин 
қыш қылдарының белоктік тізбектегі өз орнын табу мəселесі де 
шешіледі.
Трансляцияның өзі шамамен 5 кезеңнен тұрады деуге болады.
Трансляцияның І кезеңі: амин қышқылдарының активтелуі. 
Бұл кезеңге қажетті заттар: амин қышқылдары, АТФ, Mg
2+
, тРНҚ, 
аминоацил-тРНҚ - синтетаза ферменті.
Бұл кезең жиырмадан астам аминоацил-тРНҚ-синтетаза фер -
ментінің қатысуымен өтеді. Бұлар айрықша талғамдылық көр-
сететін ферменттер, атап айтқанда, осы ферменттің көмегімен 
амин қышқылы өзіне сəйкес тРНҚ таныса, тРНҚ өзіне тəн амин 
қышқылдарын таба алады. Сондықтан бұл ферментті “адаптор” 
деп те атайды. 
Белоктің синтезделу процесі амин қышқылдарының актив-
тенуінен басталады, олардың активтенуі АТФ энергиясының есе-
бінен жəне магний иондарының қатысуымен жүреді (29-сурет).
Аминоациладенилат амино-ацил–тРНҚ синтетаза ферменті-
мен комплекс түрінде бола тұрып, тРНҚ-ның екінші активті 
орталығымен байланысады, нəтижесінде аминоацил-тРНҚ мен 
пирофосфат түзіледі де фермент бос күйінде бөлінеді.
Аминоацил–тРНҚ – синтетаза ферментінің екі орталығы бо-
лады. Ферменттің бір орталығы тиісті амин қышқылын «таниды», 
екіншісі тРНҚ-ны «таниды», осы тРНҚ-ға сол амин қышқылы 
ғана ковалентті байланысып жалғасуы тиіс. Бұдан кейін тРНҚ 
амин қышқылын белок синтездейтін комплекске көшіреді.


200
Трансляция прокариоттарда 70S, эукариоттарда 80 S рибосо-
мада өтеді.
Трансляцияның екінші кезеңі - полипептидтік тізбектің ини-
циациясы. Бұл кезеңге қажетті компоненттер: м-РНҚ; белок 
синтезін бастаушы кодон (АУГ). Бұл кодон барлық жағдайда 
метионинге немесе формилметионинге сəйкес келеді, эукариот-
тар үшін метионин, прокариоттар үшін N-формилметиониннің 
т-РНҚ-сы; үлкен жəне кіші суббірліктер; ГТФ; Мg
2+
 - иондары; 
белок синтезін бастаушы белоктік факторлар, оларды F
1
, F

, F
3
 
деп белгілейді.
Прокариоттарда 30S рибосома инициация этапының белок 
факторы IF

қосылады, 30S - IF
3
 комплекс түзіледі. Бұл комплек-
ске IF
1
 қосылады да, 30S - IF

– IF
1
 комплексі құралады. Осы ком-
плекс м-РНҚ-ның 5’ соңымен қосылып, инициация кодонын та-
нитын болады. 
Активті рибосоманың түзілуіне IҒ
1
, IҒ
2
, IF
3
 белоктік фак-
торлар да өз үлесін қосады. Прокариоттарда рибосоманың кіші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет