Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет133/223
Дата21.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#104464
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   223
Байланысты:
turtabaev-biohimia

8.4. Генетикалық код
Ген дегеніміз – ағзаның қандай да бір белгісін анықтайтын, 
тұқымқуалау затының бірлігі.
Химиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, ген дегеніміз - 
өзара байланысқан нуклеотидтердің ұзын тізбегінен құралған 
ДНҚ бөлігі.
Əр ген бір белоктың синтезі үшін жауапты. Гендер белоктың 
түзілуін айқындай отырып, ағзадағы бүкіл химиялық реакцияны 
басқарады, ағзаның қасиеттерін жарыққа шығарады.
Белгілі бір геннің хромосомадағы орналасатын жері локус 
деп аталады. Бір ағзаның хромосомаларындағы барлық гендердің 
жиынтығы геном деп аталады, демек геном дегеніміз - белгілі бір 


196
ағзаның генетикалық қасиеттерінің бəрін өзінде сақтаған барлық 
ДНҚ молекуласы.
Белгілі бір белоктың құрылымын, оның полипептидтік тіз-
бектегі амин қышқылдарының өзара байланысып орналасуын 
нуклеин қышқылдары (ДНҚ) басқарады. 
ДНҚ молекуласында генетикалық мəлімет орналасқан. Аде-
нилдік, гуанилдік, тимидилдік жəне цитидилдік нуклео тидтердің 
ДНҚ құрамындағы белгілі тəртіппен орналасу реті генетикалық 
мəлімет жазылған тіл болып табылады. Тұқымқуалайтын 
мəліметтің мұндай жазуын генетикалық код деп те атайды.
Генетикалық код дегеніміз – тіл, сол тілде гендер қандай бело-
кты қанша мөлшерде синтездеуі қажет екенін жасушаға хабар-
лайды.
Генетикалық мəліметтің қазіргі заманғы теориясы бойынша: 
м-РНҚ ядро ішіндегі ДНҚ-да синтезделеді де, оның белгілі бір 
бөлігінде азоттық негіздердің өзіне ғана тəн, комплементарлық ор-
наласуын көшіріп алады. Бұл тұқымқуалайтын информацияның 
кодына сəйкес. Осыдан кейін м-РНҚ цитоплазмаға өтеді де, белок 
синтездейтін комплекске қосылады. Мұнда м-РНҚ бойындағы 
амин қышқылдарынан өзіне сəйкес белоктар синтезделеді. 
Тұқымқуалайтын информацияның осылайша бағытталған қоз-
ғалысы молекулалық биологияның өзекті догмасы болып табы-
лады. Оны ұсынған Дж. Уотсон мен Ф. Крик.
Трансляция кезінде мРНҚ нуклеотидтерінде əр амин қыш-
қылының қалай белгіленгенін білу қажет.
мРНҚ-да А,Г,У,Ц атты 4 нуклеотид, ал белокта 20 амин 
қышқылы бар. Бұл ұғымнан код бір нуклеотидтен болуы мүмкін 
емес екендігі белгілі болып тұр, себебі мұндай жағдайда тек 4 
амин қышқылы ғана кодталады. Екі нуклеотидтен құралған код та 
жарамайды, себебі синглетті кодта да, дуплетті кодта да барлық 
20 амин қышқылы үйлесімді тіркес болып құрала алмайды.
М. Ниренберг əріптестерімен 20 амин қышқылының бəрін код-
тау үшін триплетті код болу керек екенін анықтады. Əрбір амин 
қышқылын кодтау үшін белгілі ретпен орналасқан үш нуклеотид 
қажет, оны триплет немесе кодон деп атайды, əр кодон арасын-
да ашық аймақ жоқ, информация (мəлімет) үтірсіз, нүктесіз бір 
тұтас жазылады.


197
4 нуклеотид триплетпен кодталғанда 4

= 64 үйлесімді 
тіркес береді, бұл барлық амин қышқылдарына жеткілікті. 
Экс 
 
перименттік жолмен УАА, УАГ жəне УГА деген кодондар 
мағынасыз екендігі дəлелденді, олар полипептидтік тізбек син-
тезінің аяқталу белгісі қызметін атқарады. Оларды терминалды 
кодондар деп атайды, сонда 20 амин қышқылын кодтайтын 61 
триплет болады (32-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет